170
қисықтарында минимум болады (64-сурет). Мұнда дамыған сольватты қабаттағы
бөлшектер әрекеттескен кездегі потенциалдық қисықтар келтірілген, яғни осы әрекеттесу
энергиясының концентрациясының әр түрлі мәнде болғандағы өзгерісі көрсетілген.
Ондағы минимумдардың пайда болуы, бөлшектер аралығы өте қысқарғанда туындайтын
тебіліс күшіне байланысты. Сол секілді сольватты немесе адсорбциялық қабаттар
сығылғанда да тебіліс күші пайда болады екен. Сонымен коллоидты ерітінді ұйыған
кездегі бөлшектердің күйі суретте көрсетілген потенциал шұңқыры (Л) арқылы
сипатталады.
Коллоидты ерітіндіні ұйытатын электролит концентрациясы оны жуу салдарынан
өте төмендеп кетеді де диффузиялык қабат кеңейеді, ал бұл қосымша тебіліске әкеледі.
Егер жылулық қозғалыстың энергиясы бөлшектердің ара қашықтығына қарай өзгеретін
потенциал тосқауылынан артық болса, онда осы аралық алыстаған сайын бөлшектер
тарала келіп, пептизация жүреді. Көбінесе, пептизацияны жақсы жүргізу үшін
механикалық жолмен араластыру әдісін де жиі қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: