Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


БАЗ-дың мицеллалы ерітінділері. Мицелла түзетін критикалық



Pdf көрінісі
бет136/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

2. БАЗ-дың мицеллалы ерітінділері. Мицелла түзетін критикалық 
концентрация. Солюбилизация. 
2.1. БАЗ-дың мицеллалы ерітінділері. 
Коллоидты БАЗ концентрациясы өте 
төмен болса, онда ол молекулалық, яғни нағыз ерітінді түрінде болады. Егер оның 
концентрациясын біртіндеп көтерсе, онда ол молекулалық ерітіндіден коллоидты 
ерітіндіге, яғни мицеллалық ерітіндіге айналады. Коллоидты БАЗ нағыз ерітіндіден 
мицеллалық (коллоидты) ерітіндіге ауысуьша сәйкес келетін концентрацияны бұрында 
айтқандай мицелла түзілетін кризистік концентрация (ККМ) дейді. Әдетте ол көптеген 
коллоидты БАЗ үшін аса үлкен бола бермейді (10
-5
—10
-3
моль/л). Сабын ерітіндісі әлсіз 
электролит болғандықтан, ол ерітіндіде иондар күйінде (RCOQ-және Ме+) және 
диссоциацияланбаған молекула (RCOOMie) мен оның гидролизденуі кезінде пайда 
болатын қаныққан майлы қатардағы қышқыл (RCOOH) түрінде кездеседі. Мысалы, 
сульфоқышқыл сияқтылардьщ күші ерітіндідегі иондармен анықталса, ионогенсіз БАЗ 
диссоциацияланбаған молекулалармен өрнектеледі. 
2.2. Мицелла түзетін критикалық концентрация. 
Бұрында айтылғандай БАЗ 
ерітінділері төменгі концентрация кезінде молекулалық күйде болса, ол концентрация 
жоғарылағанда мицеллалық күйге ауысады, яғни ККМ өскенде молекулалар 
агрегациялана бастайды да мицелла түзеді. Коллоидты БАЗ ерітінділерінің бұл күйін 
массалық әрекеттесу заңына бағынатын қайтымдылық күйіндегі тепе-теңдік секілді 
қарастыруға болады. Бұл теп-теңдікті, мәселен, диссоциациялан баған молекулалар үшін 
жалпы түрге келтіріп көрсетуге болады: 
mX

 (X)m
Сондай-ақ, осы кездегі мицелла түзілетін құбылысқа 
су 
— 
БАЗ 
жанасу шөгімің 
беткі қабатында жаңа фазаның туындауы ретінде де қарауға болады. Мұндайда 
мицелланы шекті дисперстіліктегі ерекше фаза ретінде қарастырады. Мицелланың 
түзілуі көптеген молекуланың шексіз жинақталуы емес. Олар әрбір агрегатта белгілі 
шамада ғана бірігеді. Ондағы молекула санын агрегация саны деп атайды. Ал мицелла 
құрылуының фазалық теориясына мынадай екі дәлел бар: біріншіден, ККМ жоғарғы 
концентрацияда еріген коллоидты БАЗ ерітіндідегі молекулалық концентрацияның 
тұрақтылығы, екіншіден концентрацияға байланысты болатын қасиет тәуелділігін 
кескіндейтін қисықтың ерекше болуы термо-динамикалық тұрғыдан алғанда ондағы 
агрегация саны 25 және одан да артық болса, олардың екеуі де бірдей. Ендеше БАЗ 
молекуласынан құралатын агрегат көмірсутекті тізбектен тұрады, ал ондағы молекуланың 
гидрофилді белігі мицелланың сыртқы қабатына орналасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет