Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет139/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

3. БАЗ-ды қолдану
1. Суда коллоидты БАЗ болса, онда ол ерітіндінің беттік керілуін төмендетеді және 
жуушы сұйықтың жұғуы артады. 
2.Сабын молекуласы кірленген талшық үстіне, қатты дене бетіне немесе 
сұйыққа жақсы адсорбцияланады да өте мықты адсорбциялық қабат құрайды және 
сыналық қысым күші туындайды. 
3. Кірленген бөлшек бетіндегі адсорбцияланған пленка осы бөлшектерге
агрегативті тұрақтылық береді және оны талшықтың басқа жеріне көшірмейді. 
4. Коллоидты БАЗ жуушы затта көбік тудырады да кірді механикалық жолмен алуды 
арттырады. Бұл құбылыс флотация кезінде де пайдаланылады. 
Қазiргi таңда резиналық қоспалардың физика-химиялық қасиеттерiне байланысты 
адгезия жағдайы жеткiлiктi дәреженi көрсетiп отыр. Соған орай резиналық техникалық 
бұйымдар мен доңғалақ өндiрiсiнiң технологиялық процесiн автоматтандыру мен 
механикаландыруда және бұйымның сапасын арттыруда адгезияның тууы керi әсерiн 
тигiзуде. Осы адгезиялық жағдайды жою немесе төмендету мақсатында әр-түрлi 
адгезияны төмендеткiштер кең түрде қолданылып жүр, олар резина қоспасына химиялық 
инерттi (тальк, бор), активтi (нафталин ұнтақ түрiндегi), құрғақ, әрi ылғал түрiнде де 
әсерiн тигiзедi. 
БАЗ негiзiндегi адгезияны (БАЗ) төмендеткiштер резина өнеркәсiбiнде ұнтақ 
түрiндегi каучук алу үшiн, сонымен қатар түйіршiк пен тақта түрiндегi резина қоспасының 
жабысқақтығын төмендетуде, пресс-қалып пен доңғалақтың iшкi бетiн майлауға 
қолданылады. Мұндағы майлау немесе сылаудың негiзi мақсаты – пiсiру камерасы мен 
диафрагма және пресс-қалыпта заттың (қоспаның) жабыспауынан сақтау болып табылады. 
Резиналық қоспаның БАЗ негiзiндегi адгезияны төмендеткiштердiң құрамымен өңдеу 
олардың жабыспауынан алдын-ала сақтанудың прогрессивтi тәсiлiнiң негiзгi көзi болып 
табылады. 
Доңғалақ өнеркәсiбi үшiн АРС-52 композициясын ажыратқыш (изоляциялық) құрам 
негiзiнде қолданады, оның құрамы натрийдың алкилсульфаттары фракциясы С
10-18

жоғары майлы спирттер фракциясы С
9-19
, сұйық парафиндер. СЖК фракциясы С
10-8
және 
парфюмерлiк үрлеу. Натрийлi және калийлi сабындар (СЖК) тақта және түйiршіктелген 
резина қоспасының изоляциясы үшiн айырғыш құрам ретiнде кең қолданылып жүр. Бұл 
қосылыстардың алыну жолы әрi арзан, әрi қарапайым болып келедi. Олардың 
(сабындардың) жоғары дәрежеде көбіктенуi резина өнеркәсiбiнiң өнiмдiлiгiн төмендетедi, 
сондықтан көбiктi басу үшiн қосымша айырғыш немесе ажыратқыш (изоляция) құрам 
енгiзудi талап етедi. Мысалы әр-түрлi полиметилсилоксандар. 
Айырғыш құрамды дайындауда сабын қолданылады, оны реакторда олеиндi, 
стеорильдi немесе пальметиндi қышқылды күйдiргiш калий немесе күйдiргiш натриймен 
өзара әрекеттестеру нәтижесiнде дайын күйiнде алады. Кейбiр жағдайда сабын, сулы 
адгезияны төмендеткiштердiң негiзгi компоненттерiнiң бiрi болып табылады, ал басқа 
жағдайда жазық және түйiршiк түрiндегi резина қоспасының адгезиясын төмендетуде, 
оларды пайдалану нәтижесiнде ешқандай физика-механикалық және динамикалық 
көрсеткiштерiнiң төмендемеуi керiсiнше жоғары қасиеттiлiгiмен көрiнiп отыр. 
25%-тiк сулы ерiтiндiде калий мен натрий тұздарының майлы қышқылында 
өңделген каучук 14 тәулiк көлемiнде сақталғаннан кейiн сусымалы күйге енетiнi зерттеу 


176 
жұмыстарынан байқалады. Катионактивтi БАЗ әзiрше резина қоспасының өндiрiсi үшiн 
адгезияны төмендеткiштер ретiнде қолданылуы кең қолданыс таппады. Бiрақ жоқтан гөрi 
белгiлi болған нәрсенi айта кеткен жөн: төртiншiлiк аммоний тұзының гомополимерi 
негiзiндегi препараты адгезияны төмендеткiштер ретiнде контактiлi желiмде ленталарды 
өңдеуде қолданылады. 
Ионогендi емес БАЗ негiзiндегi адгезияны төмендеткiштер синтетикалық майлы 
қышқылдардың амидтерi. Бұлардың iшiндегi маңыздысы-моно және диэтаноламидтер, 
СЖК фракциясы С
10-13
және алконоламиндер. Ерекше қасиетке ие СЖК амидтерi сулы 
ерiтiндiнiң тұтқырлығын жоғарылатуға қабылеттi, сонымен қатар сумен молекула 
арасындағы ассоциациясы, комплекс түзуiне алып келедi. Моноэтаноламидтер жоғары 
көбiк түзу қабылеттiлiгi үшiн және көбiктi синтетикалық жуғыш құрамы (лаприлдi, 
лаурилдi және миристиндi қышқыл негiзiндегi моноэтаноламидтер) ретiнде қолданылады. 
Моно және диэтаноламидтер металл коррозиясының ингибиторы болып табылады. 
Ионогендi емес БАЗ (глицерин, сербитол) және анионогендi БАЗ лигносульфонат, 
алкилсульфат, алкиларилсульфонат адгезияны төмендеткiштер ретiнде қолданылады. 
Мұндай құрамдағылар ерекше қасиетке ие болып отыр. Оларды резина қоспасына 
пайдаланғанда, түзiлген адгезияға қарсы жұқа қабықшаның ыстық суда жойылмайтыны 
анықталды. Ионогендi емес БАЗ-дың ұнтақ түрiндегi каучукты алуда рөлi өте зор. Қазiргi 
кезде кеңiнен пайдалануда. Кремнийорганикалық БАЗ тек қана резина өнеркәсiбiнде емес, 
медицинада, тоқыма өнеркәсiбiнде т.б. халық шаруашылығында кең түрде қолданылады. 
Отандық өнеркәсiптерiне жөнелтiлетiн өнiмдер, олар полиметилсилоксанды сұйықтар-
сызықты құрылымдағы полимер қоспасы (CH
3
)
3
Si[OSi(CH
3
)
2
]
n
OSi(CH
3
) (мұндағы n=3-
700) ПМС-154, ПМС-200, ПМС-200А, ПМС-400, ПМС-1000 маркiлi және т.б. Сұйықтар 
жылтыр, химиялық инерттi, коррозияға тұрақты, гидрофобизирлеу қасиетiмен 
сипатталады. Бұлардың қасиетiнiң қызықты жерi температура өзгерiсiне тұтқырлығының 
аз ғана өзгерiсi. Мұның бұл қасиетi майлау агентi ретiнде пайдалануына болатындығын 
көрсетедi. Полиметилсилоксандар эмульсия түрiнде басым көбiктердi түзедi. 
Силикандардың бiрiктiрiлмеген түрi көптеген органикалық заттармен әсерлескенде, 
нәтижеде төмендiк беттiк керiлу мен көбiк құрылымының деффектiсi (бұзылуы) пайда 
болады. Төмен концентрациялы метилсилоксанды май жай органикалық көбiк 
өшiргiштерге қарағанда эффективтi болып келедi (екiншiлiк алкидi спирт, эфирлер және 
т.б.). Жаңағы жоғарыда айтылған төмен концентрациялы метилсилоксанды май 2 қасиетке 
ие: бiрi көбіктi өшiрсе, екiншiсi мүлдем активтi емес. 
Силиканды көбiк өшiргiштер қышқылды, нейтралды және әлсiз сiлтiлi ортада 
эффективтi, ал өткiр сiлтiлi ортада оның көбек өшiргiш қасиетi едәуiр дәрежеде жоғалады.
Сынау нәтижесi БАЗ-дың резина өнеркґсiбi үшiн бiржақтылығымен байқалмай 
керiсiнше жан-жақтылығымен ерекшеленiп отыр.
Қорыта келгенде БАЗ резина қоспасы үшiн полифункционалдық әрекеттiң дербес 
ингредиентi болып табылады. Олар пластификаторлар құрылымының қасиетiн туғызады. 
Резина қоспасы мен эластомерлердiң релоксациялық сипаты мен реологиясын реттеп 
отырады. Резина қоспасында БАЗ-тың болуы, оның физика-механикалық көрсеткiштерiн 
жоғарылатады, өңдеу барысын жақсартады және iс-жүзiнде қолданғанда қасиетiнiң 
жоғарылығымен ерекшеленедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет