Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет137/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

Мицелла құрылысы
. Қазіргі кезде коллоидты БАЗ ерітінділеріндегі мицелла 
құрылысы жайлы бірегей көзкарас әлі қалыптаспаған. Бұл системаның түрлі жағдайда, 
түрліше болуына сүйене отырып, түрлі ғылыми бағыттағы ғалымдар бірнеше мицелла 
тектерін ұсынды. Мак-Бэн ұсынысына орай коллоидты БАЗ ерітінділерінің 
электролитіндегі мицеллалар түрі шар тәрізді және пластина тәрізді болады. Бұлардың 
бірге кездесуі мицелла ерітіндісінің электр өткізгіштігін өрнектейтін қисықта сынықты 
тудырады деген пікірді тұжырымдайды. Мак-Бэн ұсынған пластина тәрізді мицелла 
құрылысының болатынын В. Филиппов рентгенографиялық зерттеу кезінде көрсетті. 
Мицелла құрамына енетін молекулалардың ұқсас үштары бір жаққа қарай орналасады 
және ондағы көмірсутекті тізбек өзінше бір ерекше фаза түзеді. Ал Гартли, Мак-Бэн мен 
Филиппов жорамалдаған көмірсутекті тізбектен тұратын фазаны әлдеқайда ретсіз 
орналасады деген болжамды ұсынды. Гартли ұсынған мицелланың түрі шар тәрізді. 
Ондағы гидрофилді, яғни полюсті бөліктер мицелланың сырткы қабатына, ал гидрофобты 
немесе көмірсутекті тізбектері көлем ішіне бағытталған. Сондықтан да мұндай 
мицелланың ішкі құрылысы мен қасиеті жағынан алғанда, ол көмірсутекті қосылысқа 
ұқсас болады. Дебай коллоидты БАЗ ерітінділерінің жарық шашыраткыштық қабілетін 
зерттей келіп, ондағы мицелланың түрі таяқша тәрізді болады деп тұжырымдады. Дебай 
ұсынысына орай, таяқша тәрізді мицелланың өзі бірнеше жұқа жапырақшалардан 


173 
құралады. Ондағы гидрофильді бөліктер сыртқа, яғни ерітіндіге, ал көмірсутекті тізбектер 
шекті көлемге қарай орналаскан (1-сурет). 
Коллоидты БАЗ ерітінділерінің жарық шашыратқыш қасиетін және диффузиясын 
анықтау арқылы мицелла өлшемі анықталды. Оның түрі мен тегіне орай мицелланың 
массалары бірнеше мыңнан жүздеген мыңға дейінгі аралықта болады.
Таблицада келтірілген мәліметтерден молекуладағы гидрофилді бөліктің артуына 
орай мицелланың массасы және агрегация саны кемитінін, 
бір гомологиялық қатардағы көмірсутекті тізбектің артуына 
қарай, оған тәуелділік жағдайда мицелла массасы мен 
агрегация саны көбейетінін көруге болады.
ККМ-ді анықтау. Шала коллоидты системадағы аса 
маңызды көрсеткіштің бірі — ерітіндідегі мицелла түзетін 
кризистік концентрацияны (ККМ) анықтау. Ол моль/л не 
процентпен өлшенеді. 2-суретте сабын ерітіндісінің 
эквивалентті 
электр 
өткізгіштігінің 
концентрацияға 
функцноналды түрдегі тәуелділігі келтірілген. 
2-сурет. Сабын ерітіндісінің эквивалентті электр 
өткізгіштігінің концентрацияға функцноналды түрдегі 
тәуелділігі 
1-cурет 


174 
Графиктің ординатасына сабын ерітіндісінің эквивалентті электр өткізгіштігін, ал 
абцисса осіне оның концентрация мәнін орналастырса, онда осы екеуінің арасындағы 
байланыс қисық сызықты сипаттайды. Әуелі сабын ерітіндісі төменгі концентрация 
кезінде электр тогын айтарлықтай өткізетінін көреміз. Сабын ерітіндісі 
концентрациясы өскенде де ол түзу сызықты өзгереді. 1-суреттегі төменгі және 
жоғарғы концентрация көзіндегі эквивалентті электр өткізгіштікті өрнектейтін түзудің 
қиылысқандағы концентрациясы (С
кр
) ерітіндінің мицелла құрайтын кризистік 
концентрациясы (ККМ) болады. Ол көптеген коллоидты ерітінділер үшін өлшенген 
және анықтамалықтарда келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет