Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет133/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14
ароматты косылыстар, GoovhG1V3TGhv5GOrpQEjNUVlEt7gXGZKn8D8Onn
Коллоидтардың
өзара ұюы. 
Егер бір системада екі не одан да көп коллоидты 
ерітінді болса, онда кейбір коллоидты ерітінді басқаның әсерінен ұйиды екен, яғни 
коллоидты ерітінділер бірін-бірі ұйытады. Мұндай кұбылысты зерттеу XIX ғасырдың 
аяғында басталды. Тәжірибе кезінде анықталған жайларға қарағанда коллоидты 
системадағы бөлшектер зарядының қосындысы заряд белгісімен қоса есептегенде нөлге 
тең болса, онда зольдер біріне-бірі барынша әсер етеді. Ондағы бөлшектердің 
электрокинетикалық тартылысы зольдердің өзара ұюындағы жалғыз себеп емес. Ионды 
атмосфера құрамы мен дисперстік фазаның табиғаты әр түрлі болатын аттас зарядталған 
зольдердің ұюы мүмкін, сондықтан бөлшектер арасында адсорбциялық және химиялық 
әрекеттесулер пайда болуы ықтимал. 
Сенсибилизация. 
Коллоидты системаларды тұрақтандыру мақсатымен оларға 
жоғары молекулалық қосылыс ерітіндісің олардың арасындағы активті белокты жиі 
қосады. Алайда коллоидты ерітіндіге қосылған жоғары молекулалық қосылыс мөлшері аз 
болса, онда кері құбылыс жүріп кетуі мүмкін, яғни коллоидты ерітінді тұрақсызданады 
немесе тұрақтылығы төмендейді. Бұл құбылысты Г. Фрейндлих сенсибилизация десе, Н. 
Песков астабилизация (тұрақсыздану) деп атады. Зольдегі белок бөлшектері мен 
макроиондары заряд белгісі әртүрлі болған жағдайда сенсибилизация өте айқын 
байқалады. Мұндайда бөлшектің беткі қабатына адсорбцияланған белок оның зарядын 
нейтралдап, ондағы ионды атмосфераның пайда болуына байланысты туындайтын 
тұрақтылықты төмендетеді. Қоллоидты ерітіндідегі белоктың азғантай концентрациясы 
берік қорғаушы қабатты тудыра алмайды. Сондай-ақ, сенсибилизация себебін белоктағы 
заряды 
бар 
ірі 
иондардың 
бірден 
өзімен 
аттас 
бірнеше 
бөлшектерге 
адсорбцияланатынымен де түсіндіреді. Мұндай адсорбция коллоидты бөлшектерді 
біріктіріп, желімдеп коятындай көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет