22
заттардың моль саны азаятын болса, жүйеде сығылу жұмысы жасалады, соған байланысты
ΔH < ΔU. Ал экзотермиялық реакцияда керісінше ΔH > ΔU.
Химиялық реакция нәтижесінде газ заттардың көлемі ұлғаятын жағдайда
(PΔV)>0, эндотермиялық реакциялар нәтижесінде үшін ΔH < ΔU, ал экзотермиялық
реакциялар үшін ΔH > ΔU. Егер газ заттардың моль саны өзгермейтін, яғни Δν =0 болса,
онда ΔН = ΔU. Мысалы, аммиактың ыдырау реакциясы эндотермиялық реакция:
2NH(газ)→3H +N, реакция нәтижесінде ΔV=V – V = (3+1)-2 =2, яғни жүйенің көлемі
ұлғаяды, олай болса ΔH > ΔU.
Судың түзілу реакциясы экзотермиялық реакция:
2Н + О↔2НОН (газ)
Мұнда ΔV= 2-(2+1) = -1, яғни реакция нәтижесінде жүйе сығылады, сондықтан ΔH <
ΔU.
Иодсутегі алу реакциясында газдардың көлемі өзгермейді:
Н + I(газ)↔ 2НI(газ)
Бұл реакция эндотермиялық және ΔV =0, демек ΔН = ΔU.
Сонымен тұрақты қысымда Qp = ΔH, ал тұрақты көлемде өтетін процестерде Qv
=ΔU. Ішкі энергия және энтальпия термодинамикалық функциялар,яғни күй
фйункциялары. Олардың өзгерістері жүйенің бір күйден екінші күйге келу жолдарына
тәуелсіз, алғашқы және соңғы күйлеріне байланысты. Олай болса Qp және Qv (химиялық
реакцияның
жылу
эффектілері)
реакцияның
жүру
жолына
тәуелсіз.
Бұл
термодинамиканың бірінші заңынан тікелей шығатын салдар. Оны Гесс заңы деп атайды.
Бұл заңды 1836 ж тәжірибе жолында ашқан орыс ғалымы Г.И.Гесс. Гесс заңы былай
оқылады:
Достарыңызбен бөлісу: