23
Айтылған әдісті қарастырайық:
а) химиялық реакцияларды үйлестіру арқылы керекті реакцияның жылу эффектісін
табу әдісі.
Берілген үш реакцияның жылу эффектілері белгілі:
1.С (графит) + О (газ)= СО (газ) Н = -393,51кДж
2. СО (газ) + 1/2О= СО Н = -282,91кДж
3. Н + 1/2О = НОН (газ) Н = -241,57кДж
Осыларды біле тұра төменгі реакциялардың жылу эффектілерін табу керек.
4. С (графит) + 1/2О =СО Н =?
5. С (графит) + НОН (газ) = СО + Н Н= ?
6. С (графит) + 2НОН (газ) = СО + 2Н Н= ?
Қосымша берілген үш теңдеудің көмегімен төменгі үш теңдеудің жылу эффектілерін
табу үшін бірінші теңдеуден екінші теңдеуді аламыз.
Сонда С (графит) + 1/2О = СО, яғни ΔН = ΔН – ΔН = -393,51 + 282,91 = -110,60кДж.
Төртінші теңдеуден үшінші теңдеуді алғанда:
С (графит) – Н = СО – НОН (газ)
Немесе
С (графит) + НОН (газ) = СО (газ) + Н
Осыдан
ΔН = ΔН – ΔН = -110,60 + 241,57 = 130,97 кДж
Үшінші теңдеуді 2-ге көбейткенде
2Н (газ) + О (газ) = 2НОН (газ)
Бұл теңдеуді бірінші теңдеуден алатын болсақ:
С (графит) + 2НОН (газ) = СО (газ) + 2Н (газ)
ΔН = ΔН – 2ΔН = -393,51 – 2(-241,57) = 89,63 кДж
Достарыңызбен бөлісу: