31
өзгереді және де ол өзгеріс газдың тепе-теңдік күйіне өте жақын өтеді. Жүйені тепе-
теңдік күйден шексіз аз ауытқуытатын процесті Кататеодори квазистатикалық
процесс деп атады. Келтірілген мысалда газдың көлемі квазистикалық жағдайда
ұлғаяды, бұл кезде поршень мен оның үстіндегі салмақ жоғары көтеріліп жұмыс
жасалады.
Жылу алмасу процесі де квазистикалы жүргізуге болады. Онда машина мен
жылу көзінің арасындағы жылу алмасу тепе-теңдік күйге жақын жағдайларда өтеді.
Табиғатта байқалатын процестер әдетте қайтымсыз болады, ал термодинамика
тек қайтымды процестерді зерттейді. Әйтсе де термодинамика заңдары техникада да
ғылымда да қолданылады. Оның себебі кәдімгі процестерді қайтымды процестердің
өтетін жағдайында өтеді деп жорамалдауға болады.
Жоғарыда қарастырылған мысалдан қайтымсыз процесс тоқтағанда тепе-теңдік
орнайтындығын көрдік. Қайтымды процесс осы тепе-теңдік орнайтындығын көрдік.
Қайтымды процесс осы тепе-теңдік орнайтын жағдайларда өтеді, олай болса
қайтымсыз процестің шегі етіп қайтымды процесті алуға болады.
Жүйені сипаттайтын қасиеттер оның күй функциясы болып итабылады.
Жүйенің күй функциясы процестің өту жолына тәуелсіз. Осыдан бастапқы және
соңғы күйлері бірдей екі процестің параметрлері де бірдей. Екі қайтымды және
қайтымсыз процестің алғашқы және соңғы күйі бірдей болса, олардың күй
функциялары да бірдей болады. Сонымен қайтымсыз процестерді қайтымды
процестердің заңына сүйене отырып зерттеуге болады.
12 – суретте (а) келтірілген график бойынша қайтымды процестің жұмысы түзу
сызықтың, ал қайтымсыз процестің жұмысы сынық қисықтардың астындағы
аудандарға тең. Екі ауданды салыстырсақ қайтымды процестің жұмысы артық. Егер
жүйеге сырттан жұмыс жұмсалатын болса, қайтымды процеске жұмсалатын жұмыс
қайтымсыз процеске қарағанда аз болады, ал егер жұмыс жүйеде жасалатын болса,
онда қайтымды процесте өндірілетін жұмыс қайтымсыз процеске қарағанда артық
болады. Осы айтылғандардан қайтымды процесс ең тиімді процесс екен деген
қорытынды шығады.
Достарыңызбен бөлісу: