Дебай-Хюккель теориясы (1923). Дебай мен Хюккельдің күшті электролиттерге
арналған электростатистикалық бұл теориясында ерітіндідегі электролит толық
диссоциацияланған
деп
есептеледі.
Қарама-қарсы
зарядталған
иондардың
электростатистикалық, әрекеттесу салдарынан оң зарядталған ион айналасына теріс
зарядталған иондардың, теріс зарядталған ион айналасына оң зарядталған иондардын,
артықтау жинақталу ықтималдығы жоғары болса да жалпы электролит ерітіндісі бейтарап,
яғни электр нейтралды. Мұны Дебай мен Хюккель кері зарядталған иондармен қоршалған
иондық атмосфера тұрғысынан қарап зерттеген. Сонда әрбір ион өз айналасында өзіне
қарама-қарсы зарядталған иондарды топтастырады. Мұндай әрбір иондық атмосфера әрі
оң, әрі теріс зарядтардан тұрады. Әйтсе де, әрбір оң заряд айналасында теріс заряд көбірек
болса, әрбір теріс заряд айналасында он заряд артықтау болатыны анық. Ортадағы ионға
жақындаған сайын иондық атмосфера тығыздығы артады да, алыстаған сайын иондық
атмосфера тығыздығы азаяды. Сонда иондық атмосфера орталық ионнан біраз алыстаған
кезде тартылыс не әрекеттесу күші әлсірейді және осы арадағы оң және теріс зарядтар
саны өзара теңеледі. Иондық атмосфераның осы бөлігін оның шегі немссе шекарасы деуге
болады. Ал электролит ерітінділеріндегі бұл құбылысты, яғни иондық атмосфераны
термодинамикалық тұрғыдан алғанда, ең бірінші осы иондық атмосфераның
параметрлерімен, оның өлшемі және тығыздығымен сипаттайды.
Электр өрісінің аддитивтік (тепе-тецдік) қасиеті негізінде тек иондық атмосфера
әсерінен пайда болатын потенциалды табады. Ол үшін толық потенциалдан ион
атмосферасы жоқ кездегі бірақ иондық атмосфера ортасындағы нүктеге орналасқан
орталық ионның жеке өзі ғана тудыратын потенциалды шегереді. Бұл түсініктің түпкі
ұғымы, орталық ион орнына иондық атмосфера тудыратын потенциал шамасын көрсетеді.
Мұны иондық атмосфераның потенциал шегі дейді.
Иондық атмосфера потенциалы мен осы потенциал шегін салыстырғанда, иондық
атмосфера өрісінің қосындысы, иондық ат-мосфераның радиусы бойынша тұйықталған
сфералық бетке біркелкі таралған заряд секілді. Сондықтан да осы сфераның радиусын,
яғни иондық атмосфераның радиусына әсер етуші радиусты, сфера бетіндегі зарядтарды
оның көлемдік тығыздығы дейді. Демек, иондардың заряды мен концентрациясы артқан
сайын зарядтардың көлемдік тығыздығы азаяды. Иондық атомсфераның бір-бірімен өзара
әрекеттесуі нәтижесінде орталық ионның электро-статистикалық энергиясы азаяды. Бұл
энергияның шамасы берілген орындағы иондық атмосфера тудыратын потенциалды сол
энергия зарядына көбейткенге тең. Егер бұл пікірді ерітіндідегі әрбір ионға қолдансақ,
онда оларды, яғни әрбір ионды әуелі орталык ион ретінде, сосын иондық атмосфераның
құрамдық бөлігі деп қарастыру керек.
Ендеше Дебай-Хюккель теориясы бойынша, электролиттердің сұйытылған
ерітінділеріндегі активтілік коэффициенті иондардың зарядына, иондық күшке,
диэлектрлік өткізгіштікке және температураға тәуелді екен. Сондай-ақ барлық бір мәнді
иондар, мейлі олар оң не теріс зарядты болсын, егер олар бірдей ерітіндіде болса, онда
олардың табиғатына қарамастан әлгі иондардың активтілік коэффициенті бірдей болуы
керек.