Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет77/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

 

Дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның әрекеттесуі бойынша 
классификациялау. 
Бұл классификациялау дисперсиялық орта сұйық болғанда ғана 
қолданалынады. Жәйлап сұйықты /ұшырғын/ кептірген кезде қалған құрғақ қалдықтың 
таза дисперсиялық ортада еру ерімеуіне байланысты Зигмонди коллоидтық жүйелерді 2 
топқа бөлді. Құрғақ қалдық дисперсиялық ортада өзінше еріп дисперленбесе оны 
қайтымсыз деп, ал егер құрғақ қалдық дисперсиялық ортада алдымен ісініп, кейіннен 
өзбетінше еріп кетсе оны қайытымды жүйелер деп атады. Қайтымсыз жүйелерге 
металдардың зольдері, АgJ гидрозольдері т.б. жатады, ал қайтымды жүйелерге желатиннің 
судағы, каучуктің бензолдағы ерітінділері жатады. Фрейндлих ойы бойынша коллоидтық 
жүйенің қайтымды, иә қайтымсыз болуы сол жүйені түзетін дисперстік фаза мен 
дисперсиялық ортаның әрекеттесу қабілеттеріне байланысты. Қайтымды жүйенің 
дисперстік фазасы молекулалық түрде дисперстік ортамен әрекеттеседі, сондықтанда онда 
ериді. Осыған байланысы бұндай коллоидтық жүйені Фрейндлих лиофильдік коллоидтық 
жүйе деп атады./грекше лиос-сұйық, фило - ұнатамын/. 
Қайтымсыз коллоидтық жүйенің дисперстік фазасы ортамен әрекеттеспегендіктен 
онда ерімейді. Оларды Фрейндлих лиофобтық жүйе деп атады /фобо-ұнатпайтын/. Егер 
дисперстік орта су болатын болса, онда аталған жүйелер жоғарғы терминдерге сәйкес 
гидрофильдік және гидрофобтық каллоидтық жүйе деп аталады. Зигмонди мен Фрейндлих 
жоғарғы молекулалық заттардың ерітіндісін коллоид деп қарастырған болатын. 
Сондықтан бұл классификация тек коллоидтық жүйе емес, коллоидтық жүйеге сәйкес 
келетін ЖМҚ, яғни полимерлердің ерітінділерін де қамтиды. 
 

Дисперстік 
фазаның 
бөлшектерінің 
өзара 
әрекеттесуі 
бойынша классификациялау
Бұл классификация бойынша дисперстік жүйелер дербес /бос/ дисперстік және 
байланысқан дисперстік жүйелер болып екіге белінеді. 
Дербес дисперстік жүйелерге белшектер арасында байланыс болмайтын, броун 
қозғалысы, иә салмақ күші бойынша дисперстік ортада тәуелсіз қозғалатын кұрылымсыз 
жүйелер жатады. Бұндай жүйелер қозғау күшіне кедергі жасамайды, аққыштық т.б. 
сүйыққа тән қасиеттер керсетеді. Оларға мысалы, лиозольдер ете сұйытылған 
суспензиялар мен эмульсиялар, аэрозольдер жатады. 
Байланысқан дисперстік жүйелерде белшектер езара молекулалық күштер бойынша 
байланысқан. Олар дисперстік ортада ездеріне тән кеңістік тор /құрылым/ түзеді. Сол 
себептен олардың жылжуы қиынға соғып, олар тек тербелісті қозғалыста болады. Бұларға 
концентрлі суспензиялар мен эмульсиялар жатады. Олар жартылай қатты дененің 
қасиеттеріндей қасиет керсетеді. Бірақ оларды дисперстік ортасы қатты дене боп келетін 
жүйелермен шатыстармау керек. Бұл соңғы жағдайда белшектер бір біріне салыстырмалы 
түрде қозғалмайды, бірақ бұның себебі дисперстік ортаның тұтқырлығының ете жоғары 
болуына байланысты. Бұл соңғы классификация тек коллоидтық жүйеге ғана емес ЖМҚ 
ерітінділеріне де қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет