Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


Дисперсті жүйелерді классификациялау, дисперстік дәрежесі, фазалардың



Pdf көрінісі
бет76/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

2. Дисперсті жүйелерді классификациялау, дисперстік дәрежесі, фазалардың 
агрегаттық күйі, дисперсті фаза мен дисперсионды ортаның өзара әрекеттесу 
дәрежесі.
Білімнің қай саласында болса да күрделі кұбылыстар мен объектілерді
қарастырған кезде жеңілдету және кейбір заңдылықтарды табу үшін оларды әр 
түрлі белгілермен классификациялайтынын білеміз. Сол мақсатпен дисперстік жүйелерді 
де классификациялаған жөн. Әр кезде коллоидтық және дисперстік жүйелерді әр түрлі 
принциптермен класификациялады. Бірақта дисперстік жүйелердің осы уақытқа дейін 
/біріңғай/ біртұтас классификациясы жоқ. Оның себебі дисперстік жүйелерді 
классификациялау кезінде олардың барлық қасиеттерін қарастырмай, тек кейбіреулеріне 
ғана тоқталады. Төменде сол әр түрлі принципке негізделген дисперстік жүйелердің 
классификацияларына қысқаша тоқталайық. 
2.1 
Дисперстілік 
көрсеткіші 
бойынша 
классификациялау 
Бөлшектер шамасының дөрекі дисперстілік жүйеден молекулалық дәрежедегі жүйеге 
өзгеруіне байланысты олардың меншікті беттері 1 - суреттегі көрсетілген диаграмма 
бойынша өзгеретінін байқауға болады. 


100 
1–сурет 
 
2.2. Дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның 
агрегаттық күйіне 
байланысты классификациялау.
Бұл классификацияны Во. Оствольд жасаған болатын. 
Олардың кестеде керсеткендей 9 жағдайын қарастыруға болады. 
1 -кесте Агрегаттық күйі бойынша классификациялау 
Дисперстік 
фаза 
Дисперсиялық 
орта 
Шартты түрде 
белгіленуі 
Жүйеніңаты, мысалдары | 
Газ

Газ

Г
1


Газдардың жоғарғы I қысымдағы күйі 
Сұйық 
Газ 
С/Г 
Тұмандар 
Қатты 
Газ 
Қ/Г 
Түтін, шаң-тозақтар 
Газ 
Сұйық 
Г/С 
Көбіктер 
Сұйық 
Сұйық2 
С
1


Эмульсиялар 
Қатты 
Сұйық 
Қ/С 
Суспензиялар(коллоидтық ерітінділер) 
Газ 
Қатты 
Г/Қ 
Қатты көбіктер
Сұйық 
Қатты 
С/Қ 
Қатты эмульсиялар 
Қатты

Қатты

Қ
1


Қатты зольдер, қорытпалар, асыл тастар,
Дисперстілік дәрежесі коллоидтық белшектерге сәйкес келетін жүйелерді 
коллоидтық химияда зольдер деп атайды. Дисперсиялық орта газ болған жағдайда оларды 
- аэрозольдер деп атайды, егер сұйықтық болса лиозольдер деп атайды. /Грекше лиос - 
сұйық/ сұйықтықтың табиғаттына байланысты лиозольдер - гидрозоль алказоль, 
этерозоль, бензозольдер болып белінеді /оларға сәйкес дисперсиялық орта - су, спирт, 
эфир, бензол/. Егер коллоидтық жүйенің дисперсиялық ортасы органикалық сұйықтық 
болса, онда оларды органозольдер деп жалпы атай береді. Дисперстік фаза қатты, ал 
дисперсиялық ортасы сүйық болып келген микрогетерогендік жүйелерді суспензиялар 
(жүзгіндер) деп атайды. 
Молекулалық дисперстік (гомогендік)жүйелер 
Колиодтық (ультрамикрогетерогендік) жүйелер 
Микрогетерогендік жүйелер 
Макрогетерогендік (дөрекі дисперстік) 
жүйелер 
S
м
1
10
-7
10
-5
10
-3
а,см 


101 
Во. Оствольдтің осы классификациясын Зигмонди дисперсиялық ортаның 
агрегаттық күйіне байланысты үш-ақ топқа бөлді. Сұйық, газ және қатты ортадан тұратын 
жүйелер. Бұларды басқаша лиозоль, аэрозоль және солидо /иә криозольдер/ деп те атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет