Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет72/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

 
Бақылау сұрақтары 
1.
Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші 
2.
Электр қозғаушы күштер 
3.
Иондардың қозғалғыштығы және концентрация 
4.
Химиялық элемент 
5.
Концентрациялық элемент. Тотығу-тотықсыздану элементі. 
 
 
 
МОДУЛЬ 2. КОЛЛОИДТЫ ХИМИЯ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 
Дәріс №15. Коллоидты химияға ғылым ретінде сипаттама 
 
1.
 
Кіріспе.
2.
 
Коллоидты химияның негізгі бөлімдері мен әдістері.
3.
 
Коллоидты химияның негізгі даму кезеңдері 
4.
 
Химия мұғалімін дайындауда коллоидты химияның маңызы 
 
1. Кіріспе. 
«Коллоидты химия» курсы 2 кредиттік пән. 1сағат –дәріс, 1сағат-
зертханалық жұмыс, 1- сағат СӨЖ, 1сағат – СӨЖОБ. Бұл курста коллоидты химия 
элементтерінің көбеюі және олардың теориялық негізіне жататын: дисперсті жүйелер 
туралы ілімдер, оларды алу әдістері және қасиеттерін қарастырамыз. Дәріс сабақтың


95 
СӨЖ тақырыбын силлабустан карап дайындық жасайсыңдар. Әр бір дәрісте лекция 
конспектісі тексеріледі, түсінбеген сұрақтарынызды қарастырамыз. Әдістемелік нұсқауда 
СӨЖ, СӨЖОБ және зертханалық жұмыстардың тапсырмаларын алуға болады. 
Зертханалық жұмыстың орындау нұсқауын дәптерге жазып келу керек. Тәжірибелерін 
жасап болған соң, кестені толтырып, байқалған эффектімен қорытындысын жазасыңдар. 
2. 
Коллоидты химияның негізгі бөлімдері мен әдістері.
Коллоидтық химия 
алғашқы кезде физикалық химияның бір тарауы ғана болатын. Ол физикалық химия 
сияқты физика мен химияның аралық облысын зерттеді. XX - ғасырдың бастапқы кезіне 
дейін коллоидтық химия негізінен алғанда тек жоғарғы дисперстік жүйелер қасиеттері 
мен коллоидтық ерітінділерді даярлау тәсілдерін зерттеді. Бертін келе коллоидтық 
жүйелер мен коллоидты-химиялық процесстердің зор мәніне байланысты, оның үстіне 
теория мен практикалық мәліметтердің көбеюіне байланысты коллоидтық химия жеке 
ғылыми пән болып қалыптасты. Қазіргі кезде колллоидтық химияның өзіне тән зерттеу 
әдістерінің тек химия үшін емес басқа да биология, геология, медицина, топырақ зерттеу 
т.б. ғылымдар үшін маңызы зор. Атап айтқанда олар: ультрамикроскоптық, электрондық 
микроскоптық, ультрацентрофигурлеулік, электрофорездік, нефелометрлік, визкометрлік, 
осмометрлік және т.б. әдістер.
 
Қазіргі кезде коллоидтық жүйелер мен коллоидты-химиялық процесстердің және 
олардың зерттеу тәсілдерінің қолданбайтын халық шаруашылығының салаларын атап 
айту қиынға соғады. Міне, осы айтқанның бәрі коллоидтық химияның жеке ғылым 
болуына әсерін тигізді. 
Коллоидтық химия нені зерттейтінін ақиқат білу үшін алдымен оның дамуына 
қысқаша шолу жасап, сосын «Коллоид» дегеніміз не? «Коллоидтық жүйе» дегеніміз не? 
деген сұрақтарға жауап беруге тура келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет