"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы



Pdf көрінісі
бет19/29
Дата22.05.2024
өлшемі0,81 Mb.
#202773
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
metodologiya-sko kaz

Тоқсандық жиынтық 
бағалауды
әр тоқсанды 
аяқтаған кезде мұғалім
өткізеді.
Білім деңгейін анықтау бойынша 
жиынтық бағалау
бастауыш, 
негізгі, жоғары сыныпты аяқтаған 
кезде өткізіледі.
Әр тоқсан қорытындысы бойынша баға 
Оқу жылын аяқтау бойынша баға 
Аттестат үшін қорытынды баға 
25 


Жинақтау жүйесі оқушылардың тек жетістіктерін тіркейді, сондықтан 
оқушыларды өз бетінше оқу-танымдық әрекеттерге, оқу бағдарламасын 
толық меңгеруге белсенді ынталандырады.
Бағалау стандарттары, әдістері мен құралдары бағалау түрлері мен 
пәндік спецификаға байланысты ерекшеленеді.
4.1. 
Қалыптастырушы бағалау 
Оқушылардың оқу жетістіктері мониторинг, бақылау, бағалау рәсімдері 
барлық уақытта не, кіммен, қашан бағаланады, тиімді бағалау формалары 
нені білдіреді деген сұрақтар туындатып келді. «Қара жәшік ішінде» іргелі 
зерттеуі оқушылардың оқуына қолдау көрсетуде бағалаудың әлеуетті 
тиімділігін көрсете отырып [Black, Wiliam, 1998], білім беру саясатын «оқу 
нәтижелеріне жету үшін бағалау» халықаралық танымал трендіне 
бағдарлауға түрткі болды.
Бүгінде қалыптастырушы бағалау немесе оқу үшін бағалау тәжірибесі 
нық бекіді және жетекші елдердің барлық бағалау жүйелерінде дамып келеді 
(
ЭЫДҰ, Білім беруді зерттеу және инновациялар орталығы (CERI), 2005, 
2008; 
Дүниежүзілік банк, 2009). Когнитивті және әлеуметтік-мәдени теория 
идеяларын біріктіретін әлеуметтік-конструктивизмге негіздей отырып 
[Shaperd, 2000], 
қалыптастырушы бағалау сыныптағы мәдениетке әсер етті, 
мұғалімнің пікірі мен көзқарасын өзгертудің негізін қалады. Ол өз алдына
мұғалім мен оқушының серіктестігі мен өзара интерактивті әрекетін 
көрсетеді. 
Қалыптастырушы бағалаудың әдістемесі қазақ классигі Мағжан 
Жұмабаевтың идеяларымен толық сәйкес келеді: «Балада жақсы оқысам 
молдадан мақтау, сый аламын, жаман болсам молдадан таяқ жеймін, ұрыс 
естимін деген ой болмасын. Мұндай болса, баланың іскерлігі соған 
жұмсалып, мұғалімнің беріп отырған сабағын білейін деген шын ынтамен 
тыңдамайды» (1922). Бағалау жүйесі оқушыларды білім мен дағдыны алу 
үдерісінің құндылығына бағытталуы қажет, тек қана баға «үшін» және алған 
сәтке «дейін» оқу материалын жаттауға емес. Америкалық психолог Альфи 
Конның ойынша, балаларының біліміне шын мәнінде қызығушылық 
танытатын мұғалімдер мен ата-аналар, бағалардың бар екенін тезірек 
ұмыттыруға көмектесуі үшін қолдарынан келгенін жасауы керек [Кон, 2017]. 
Оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер 
қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни, әр мұғалім өз 
бетінше қалыптастырушы бағалауға қатысты тәжірибесін белгілейді, құрады 
және нәтижелері үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.
26 


Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезінде мұғалімдерге 
төмендегілерді анықтау ұсынылады: 
1.
Нені бағалау қажет? Қандай білім мен дағдылар бағалауды және
талдауды қажет етеді? 
2.
Бағалауды қалай өткізу керек? Қандай әдістер қолданылуы мүмкін?
3.
Бағалау қорытындысында қандай нәтижеге жетуге болады?
4.
Бұл нәтижелерді мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар және т.б. қандай
жағдайда қолдана алады? 
Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде 
мұғалімдерге бақылау қорытындысы бойынша оқушылардың нәтижелерін 
талдау, журнал, күнделік және т.б. түрінде кері байланыс беру, жазба 
жұмысын жүргізу ұсынылады (
Қалыптастырушы бағалау бойынша 
мұғалімнің күнделігін қараңыз
).
Дәстүрлі түрде мұғалім оқушылардың оқыту мен бағалануына жауапты 
тұлға ретінде қарастырылады. Алайда оқуда оқушы мен оның 
құрадастарының да маңызды рөл атқаратынына назар аудару қажет. Көп 
жағдайда мұғалім оқу ортасын құруға және тиімді еңгізуге ғана жауапты 
болса, оқушы осы ортада оқуға және жетістіктерге жетуге жауапты. Оқуда 
жауапкершілік мұғалімге де, оқушыға да қатысты (серіктестік құқық тілінде 
«ортақ жауапкершілік») болғандықтан, екі жақ та нәтижедегі кез келген 
сәтсіздікті жеңілдету үшін максимум жағдайда күш салуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет