"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата22.05.2024
өлшемі0,81 Mb.
#202773
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
metodologiya-sko kaz

Білімді толық меңгеру теориясы 
Б.Блумның білімді толық меңгеру теориясы [Bloom, 1968] жақсы оқитын 
оқушы мен нашар оқитын оқушы нәтижелерінде 90% айырмашылықты 
түсіндіретін негізгі үш факторды анықтайды.
 
Бірінші фактор оқушылардың жаңа тапсырмаларды шешуді меңгеріп, 
оқу үдерісіне бейімдей алатын түрлі білімі мен қабілеттерін 
диагностикалауды көздейді. Бұл нәтижелердің қорытынды айырмашылығын 
50%-
ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Екінші фактор оқуды ынталандыруға ерекше әсер ететін, алғашқы 
келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған эмоционалдық қолдау көрсетуді 
көздейді. Нәтижесінде қорытынды жетістігінің айырмашылығын 25%-ға 
дейін қысқарту мүмкін болады. 
Үшінші фактор оқу ортасы мен уақытты есепке ала отырып, оқу үдерісін 
ұйымдастыру кезінде жеке қолдау мен марапаттауды ұсынады. Осылайша
қорытынды нәтижелері тағы 25% ерекшелікті қысқартуы мүмкін. 
Білімді толық меңгеру теориясы жиынтық бағалау кезінде балдарды 
есептеу әдістемесі мен баға қою механизмін анықтаудың негізі болып 
табылады. Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар 
бойынша жиынтық бағалаудағы балдардың түрлі әсер етуі тоқсанның 
соңына дейінгі қорытынды бағаны жақсартуға мүмкіндік береді. Демек, 
тоқсан барысында оқушылар алғашқы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша 
жиынтық жұмыста төмен балл алса, онда қорытынды нәтижені жақсарту 
мүмкіндігі сақталады.
22 


Осылайша, критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негіздері 
оқыту және бағалау үрдісінде оқушы тұлғасының когнитивті, аффективті 
және әлеуметтік салаларының даму ерекшеліктері есебін (тіркеуді) 
қарастырады 
2-
кестеде бағалау үрдісіне әсер ететін теориялық негіздер сипаттамасы 
берілген. 
2-кесте. 
Критериалды бағалау жүйесінің негізгі идеялары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет