"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы



Pdf көрінісі
бет24/29
Дата22.05.2024
өлшемі0,81 Mb.
#202773
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
metodologiya-sko kaz

Тоқсандық жиынтық бағалау 
оқу бағдарламасы мазмұнын білу, 
түсіну, дағдылары туралы дәлелдерді ұсынатын және тоқсандық оқудағы 
ілгерілеуді өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсандық баға қою 
кезінде есепке алынатын, тоқсан соңында балл қою арқылы өткізіледі.
Тоқсандық жиынтық бағалау әртүрлі бақылау-тексеру жұмыстарын 
өткізуді қарастырады (жұмыс форматы шектеулі емес, пәндік ерекшеліктерге 
қарай және оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары есепке алынып, 
анықталады).
Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде талдау, жинақтау, 
бағалау сияқты жоғары деңгей дағдыларын тексеруді ескере отырып, түрлі 
ойлау дағдыларының деңгейлеріне жеткенін көрсететіндей, түрлі деңгейдегі 
тапсырмаларды енгізуді есепке алу қажет.
Аталған бағалау рәсімдерін жоспарлау мен ұйымдастыру кезінде 
тапсырмалар үлгілерімен берілген тоқсандық жиынтық бағалау 
спецификациясы қолданылады (Пәндер аясындағы тоқсандық жиынтық 
бағалау бойынша спецификацияны қараңыз).
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы құрылымын, рәсімдердің 
мазмұнын анықтайды және төмендегідей ақпараттардан тұрады: 

тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

тоқсандық жиынтық бағалауға шолу: жиынтық жұмыстың ұзақтығы,
31 


бағалау құрылымы, тапсырмалар саны, тоқсандық жиынтық бағалау 
тапсырмаларының сипаттамасы.

тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша нұсқаулар;

тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгісі;

тапсырмаларға қатысты балл қою кестесі.
Әр мектептің берілген үлгіні қолдануына немесе өз бетінше 
құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын 
құрастыру спецификацияға сәйкес барлық параллель сыныптар үшін 
бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.
Тапсырмалар әртүрлі болуы мүмкін: диктант, мазмұндама, эссе, тест, 
лабораториялық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б.
Тоқсандық жиынтық бағалауға байланысты бағалауды стандарттау 
мақсатында оқушылар жұмысының нәтижелерін мұғалімдердің талқылауы 
үшін белгіленген модерация үдерісі жүргізіледі. Модерация бір параллельде 
сабақ беретін мұғалімдердің қатысуымен өткізіледі. Олар мұғалімдердің балл 
қою кестесі бойынша бірдей түсінігін қамтамасыз ететіндей нақты бір пән 
бойынша алдын ала бағаланған жұмыстарды талқылайды. Тоқсандық 
жиынтық бағалау нәтижелерін модерациялау қорытындысы бойынша 
балдардың жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін екенін есепке алу қажет. 
(Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім 
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және 
қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларының 3-тарауы. 
Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне 
ағымдық бақылау жүргізудің тәртібін, Негізгі және жалпы орта мектеп 
мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықты 
қараңыз).
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу 
үдерісін жоспарлау үшін, оқытуда өз тәжірибесін жетілдіру және рефлексия 
үшін, сондай-ақ, оқушыларды, олардың ата-аналарын, білім басқармасы 
органдарын ақпараттандыру үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет