Білім беру бағдарламасы 022-2023 оқу жылының көктемгі семестрі курс, қазақ бөлімі



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата26.05.2024
өлшемі0,54 Mb.
#202928
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5-лекция (1)

2-бөлім 
Естіңфизиологиялықнегізіөте күрделі. Ғалымдардың көзқарасы бойынша ақпараттың ізі 
ми қыртыстарында пайда болып, сақталады, ал оларды қабылдап консоллидациялауға 
(бекіту, нығайту, нықтау) ретикулырлық формация мен лимбиялық жүйе қатысады. Есте 
сақтау моллекулалық гипотезасы бойынша мидағы нейрондардың уақытша байланыс 
тізбектері химиялық жолдармен қалыптасады. Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі 
элементі синапстар болып табылады. Жалпы ес механизмін түсіндіруге тырысқан бірнеше 
теориялар бар. Солардың ішінде кең тарағандарының бірі Реверберация гипотезасы. Бұл 
гипотеза Лоренто де Ноның мида тұйықталған нейрондар тізбегінің бар екендігін 
дәлелдейтін еңбегіне негізделген. Бұл гипотеза бойынша нейрон тізбегіне түскен ақпарат 
тізбекте айналып жүріп, өзінің ізін қалдырады, бірақ кейінгі кезде көптеген ғалымдар бұл 
гипотезаны қолдамайды. Соңғы кезенде Шнейдер мен Шерманның 1968 жылғы 
жұмыстарының негізінде есті бір кезеңде жүретін гипотезасы өрбіді; 1984 жылы Корсаков 
және Корсакова мынандай гипотезаны ұсынды: ес ізінің жазылуы немесе меңгерілуі 
импритинг типі бойынша бірден жүреді. Есте сақтау қабілетінің физиологиялық жағын 
зерттеген академик Ливанов мынадай қорытындыға келді: ес синапстық құрылымдардың 
дәрежесіне байланысты. Естің механизмін түсіндіруде ортақ бір көзқарас қалыптаспаған, 
сонымен қатар есте сақтаудың жеке бір орталығы мидың арнайы бөлігі ми аймағы бар 
деуге де болмайды, себебі ақпаратты есте сақтауда мидың барлық құрылымдары 
қатысатын болу керек. Бұнда негізгі рөлді үлкен ми сыңарлар қыртысы атқарады. Мидың 
зақымдалуына байланысты еске түсіру қабілетінің бұзылуы немесе толық жойылуы толық 
немесе жартылай амнезия деп аталады.
Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П.Павлов зерттеді. Ол 
ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу 
процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп 
отыратын уақытша байланыстар деп атады. Қазақ ғұламасы Абай ес туралы: «Отыз 
бірінші сөзінде»: «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші – көкірегі 
байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратләну керек, 
көңілденіп, ынтамен ұғу керек, үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, 
көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек», - деді.
Естің физиологиялық механизмі туралы көптеген болжамдар мен теориялар бар. Мида 
пайда болатын уақытша баайланыс естің негізінде жататын физиологиялық процестің бірі 
болып табылады. Морфологиялық мағлұматтарға қарағанда мида нейрондардың 
тұйықталған тізбегі - тұзақ , болады. Онда импульстер ұзақ уақыт айналып, жаңғырығып 
жүре алады. Осыдан қысқа мерзімдік естің жаңғырыгу (ревербация) теориясы ұсынылған. 
Бұл теорияға сәйкес бір нейрон қозса, ол келесі нейронды қоздырып, тізбектелген 
процесс басталады да, импульс бүйір тармақтар, немесе аралық нейрондар, арқылы 
алғашкы торшаға қайта оралады. Осы процесс жалғаса береді де, қозу процесі тұзақты 
бойлай ұзақ уақыт айналып жүреді. Қозу ревербациясын тудыратын мұндай әсерлер көп 
қайталанса, әр айналым сайын есте қалған із нығая түседі.
Электрондық теорияга сәйкес импульстер синапстар арқылы өткен кезде электрондық 
потенциал пайда болып, белгілі бір синапстар арқылы импульстердің өтуі ұзақ мерзімге 
жеңілдетіледі. 
Ұзақ мерзімдік естің механизмін түсіндіру үшін де бірнеше теория 
ұсынылған. Анатомиялық теорияға сәйкес ақпаратты кабылдап, сақтау процесі нейрондар 
өсінділерінде жаңа терминалдар пайда болу арқылы, олардың пішіндері мен көлемінің 
өзгеруі, дендриттер тікенектерінің өсуі, көбеюі нәтижесінде жаңа байланыстардың 


қалыптасуы негізінде атқарылады. Глиялық теория ұзақ мерзімдік есті нейрондарды 
қоршай орналасқан глиялық торшалардағы өзгерістермен байланыстырады. Глия 
торшаларында тузілетін ерекше заттар синапстардан қозудың өтуін жеңілдетеді, 
нейрондардың қозғыштығын жоғарылатады, олардың дендриттерінің тарамдануын және 
дендриттер бойындағы тікенектердің ұзаруын қамтамасыз етеді. Аталған болжамдармен 
қатар ақпарат ізін сақтау және жаңарту үшін арнаулы белоктар қажет деген де болжам 
бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет