І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру. ІІд.ж.соғыс



Pdf көрінісі
бет41/67
Дата04.06.2024
өлшемі1,04 Mb.
#203129
түріҚұрамы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
Байланысты:
Тарих билет жауаптары

Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру. ІІд.ж.соғыс. 
Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика 
экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды). 
Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. 
Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. 
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер 
шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 
220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. 
Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:
1.1941жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, 
Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. 
Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл 
және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары 
саласының қуаты 10 есе өсті. 


Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар:
Москва авициация жасау заводы, Урюпа 
етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 Александр радио 
заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан 
көшірілген 40 завод орналастырылды. 
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар:
Харьков электротехника заводы, Подольск 
механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС – інен 
Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. 
Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, 
Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды. 
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркісіп орындарымен бірге 
Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық шахтер, 
2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер саны 700 – дай болды. 
Қазақстан КСРО – ның негізгі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет