Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға
Кеңес әскерлері әзір емес еді.
Үшіншіден, Кеңес
әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде
болмады.
Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары,
жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы
кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.
3.Ерте орта ғасырлардағы (VІ-ІХғғ.) Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан аймақтарын картаға белгілеңіз. Түрік қағанаты 603 жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың алып жатқан жері анықтала бастады. Батыс қағандық оңтүстік – шығысында Іле, Шу өзендерінен бастап, солтүстік – батысында Еділ мен Кубань
өзенінің төменгі ағысына дейін, ал солтүстік – шығысында Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығын алып
жатты. Ал оңтүстік – батысында Тарым, Әмудария өзендеріне дейінгі аймақты қол астына қаратты. Батыс қағанаттың
орталығы Шу өзенінің бойындағы
Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты.
Қағанаттың негізгі этникалық – саяси ұйытқысы «он тайпа» он – оқ бұдун тайпалары мекендеген Қаратаудың
шығыс баурайына Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар ол түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен
Орта Азиядан басып алған отырықшы егіншілік алқаптарына да үстемдік етті.
Қағанаттың жері Орта Азияның Оңтүстік шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы
Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы
Суяб қаласы болды. Халқының құрамы түрік
тілдес тайпалардан тұрды.
Түргештер туралы алғашқы деректер «Күлтегін» ескерткіштерінде және Қытай жазба
деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары VI ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді және
Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды.
Түрік қағанаты (552-603 жж.). Алғашқы орта
ғасырда құрылған Түрік қағанаты жеріміздегі ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттің бірі. Түрік қағанатының
алып жатқан жер аумағы-шығыста Алтайдана бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатты. Қағанат
оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстүк-батысында парсы елімен шектесіп, ұлан-байтақ аумаққа билік жүргізді.
Батыс Түрік қағанаты (603-704 жж.). Батыс Түрік қағанаты шығысында Алтай тауынан, солтүстік-батысында
Каспий теңізіне дейінгі кең-байтақ аумақты алып жатты. Батыс қағанаттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб
қаласы болды. Жазғы ордасы (қазіргі Жамбыл облысының жеріндегі) Мыңбұлақта орналасты.
Шығыс Түрік қағанаты (682-744 жж.). Қазақстанның шығысы, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік
Сібір жерлерін алып жатты.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар Қағанаттың жері
Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына
дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы Суяб қаласы болды.
Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.). Қарлұқ тайпасының негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш көліне
дейінгі аралық. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы, екінші астанасы Баласағұн қаласы.
Оғыз мемкекеті (ІХ ғасырдың соңы-ХІ ғасырдың ортасы. ) ІХ ғасырдың соңында Сырдарияның жоғарғы және
төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы осы өзен бойындағы Янгикент (Жаңа Гузия) болды.