І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


Қыпшақ мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)



Pdf көрінісі
бет64/67
Дата04.06.2024
өлшемі1,04 Mb.
#203129
түріҚұрамы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Тарих билет жауаптары

 
Қыпшақ мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
Территориясы-Алтай мен Ертістен басталып, батысында Днестрге дейінгі кең-байтақ аймақтарын алып 
жатыр.Этникалық құрамы екі бөліктен тұрған. 1-ші қыпшақтардың батыс бірлестігі, бұлар он бір тайпадан тұрады. 
Елбөрі, тоқсоба, йетиоба, дурут тағы басқалар. Екіншісі- қыпшақтардың шығыс бірлестігі,бұлардың тайпалық құрамы 
он алты тайпадан тұрған.Олардың 8-і негізгі тайпалар, ал 8-і ұсақ тайпалар.Ең беделдісі бөрілер.Қыпшақтар Есіл мен 
Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-қонып жүрген.Қыпшақ хандығының әлеуметтік-экономикалық тегі 
таптық құрылыс болды. Ақсүйектер-шонжарларға хандар, оның туған-туыстары, тархандар, басқақтар, бектер, байлар 
және ру –тайпалар жатты. Құлды «яланкуг» деп атады. Қыпшақтар оғыздарды жеңіп, Донға дейін келді. Орыс 
деректерінде оларды «половшылар» дейді. Венгрлер «кундар» немесе «командар» дейді. 
 
2.
 
Патшалық Ресей және Кеңес империяларының Қазақстандағы отарлау саясатының 
зардаптары. 
Патша үкіметі әскерлерінің Ұлы жүздің аумағына жүргізген соғыс қимылдары Қазақстанның Ресей империясына толық 
қосылып бітумен аяқталды. Ресейдің империясына толық қосылып қазақтар Орта Азия хандықтарының езгісінен азат 
етілді. Сонымен қатар патша үкіметінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағына экспанция басталды.Патша үкіметі 
Қазақстанға жаңадан қосымша әскери күштер жіберуге мәжбүр болды. Алым-салықтар мөлшері арттырылды, еріксіз 
жұмыстың алуан түрлері енгізілді.Патша үкіметі соғыс қимылдары салдарынан көптеген қалалар қирады, әлемдік 
деңгейдегі мәдени ескерткіштерге айтарлықтай зақым келтірді.Қазақтардың дәстүрлі сотына өзгерістер енгізді. 
Тілімізден , дінімізден айырды. 
3.
 
Сақ тайпалары: аргиппей, исседон, аримаспылардың алып жатқан аумақтарын картаға 
белгілеңіз. 
Жауабы: 
Солтүстік Қазақстан-аргиппейлер, Орталық Қазақстан-исседондар, Павлодар мен Шығыс Қазақстанда-аримаспылар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет