Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз


Ғылыми-педагогикалық зерттеудің деңгейлері



Pdf көрінісі
бет12/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Ғылыми-педагогикалық зерттеудің деңгейлері:
1) эмпирикалық (практикалық) – мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып эмпирикалық 
заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, таңдау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау 
арқылы практикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық 
өңдеуден өтеді. 
2) теориялық: негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар ашылады, бұрын зерттеліп 
ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фактілерді, жағдайларды алдын ала болжай 
және көре білуге мүмкіндік туғызады. 
3) әдіснамалық: эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық 
құбылыстың жалпы ұстанымдары, әдістері мен теориясы құрылады. Зерттеудің бұл деңгейі 
іргелі деп аталады. 
Ғылыми зерттеудің компоненттері және зерттеу логикасы.
Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері
: зерттеудің өзекті мәселесі, тақырыбы, 
объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы. 
Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп 
отырған құбылыстың белгісіз жағын анықтау. 


Зерттеу тақырыбы: зерттеу мәселесі 0ырларының анық, қысқа берілуі. Тақырып сол 
қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек. 
Зерттеу нысаны – іздену аймағы. Мұндай нысандарға педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс 
(тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады. 
Зерттеу пәні – нысанды зерттеу қыры, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, 
элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы. 
Зерттеудің мақсаты: зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және 
заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну. 
Зерттеу міндеттері: зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерттеу, анықтау, айқындау, 
қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады. 
Зерттеудің болжамы: педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және 
практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеу болжамы егер…, 
онда…, өйткені… деген ұғымдармен байланысып құрылады. Ғылыми зерттеу аппараты 
дұрыс құрылмаған жағдайда, оң дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды. 
Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру. Педагогикалық ізденістер нәтижесі білім беруді 
дамыту жоспарын жасақтауға пайдаланылатын, ақыл-ой және руханият қоғамының 
қалыптасуын қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметін атқаруға міндетті. 



“Жеке тұлға” ұғымының мәнін айқындаңыз. 
Адам — бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені 
тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға 
денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше 
дамыған 
ми 
сияқты 
дене 
ерекшеліктері 
тән. 
Екінші жағынан, адам-қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір 
және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық, дене құрлымын 
өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия 
ғылымдары 
"жеке 
тұлға" 
ұғымымен 
түсіндіреді. 
Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағында қолданылады. Жеке тұлға — бұл сол адам, бірақ 
тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер 
оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, 
қоғамдық 
дамудың 
белсенді 
қайраткері 
ретінде 
қарастырады. 
Психологияда "адам" және "жеке тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық" ұғымы да 
қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік 
қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және 
болуы 
да 
мүмкін 
емес. 
Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы 
түрінде 
байқалатын 
нақты 
өзгешелігі 
айтылады. 
Жеке тұлға-тек тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика 
және 
т.б. 
сияқты 
қоғамдық 
ғылымдардың 
зерттеу 
нысаны. 
Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын саналы 
индивид 
және 
белгілі 
қоғамдық 
ролді 
атқарады. 
Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің 
тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның 
психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады. Жеке тұлға – 1. 
әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар; 2. белгілі бір әлеуметтік 
қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, 
қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар 
нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық 
ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және 
жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың 
ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің 
барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі 


дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары 
болады. Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық 
құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді 
және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. 
Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде 
де қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР 
немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға” 
ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) – құқықтың 
жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет 
атқару қабілеті бар. Азаматтық құқықтық қабілет туылған сәтінен бастап туындайды және 
барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Ол адамның нақты құқықтары мен міндеттерінің 
пайда болуының шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-бабына сәйкес азаматтың 
ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның ішінде шет ел валютасын 
меншіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға 
және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және 
оның аумағына қайтып оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды 
тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген 
мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер 
шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына зияткерлік меншік құқығы 
болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік құқықтарды пайдалануға құқы бар. Әрекет 
қабілеттілігі азамат кәмелетке, яғни 18 жасқа толғанда толық көлемде пайда болады. Әрекет 
қабілеттілігі азаматтың экономика қызметке қатысуын, атап айтқанда, жеке кәсіпкер 
ретінде қатысуын қамтамасыз етеді. Азамат өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі 
барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкер несиегердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге 
асыруға байланысты талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіз болса, ол соттың шешімімен 
дәрменсіз (банкрот) деп танылады. Шет елдің азаматтарына және азаматтығы жоқ 
адамдарға ұлттық құқықтық режим беріледі, олардың да Қазақстанның азаматтары сияқты 
өзіндік беймүліктік құқықтары болады.
Жеке 
тұлға 
– 
1. 
әлеуметтік 
жағы, 
адамның 
бойындағы 
әлеуметтік 
сапалар; 
2. белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет 
түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің 
дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының 
арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. 
Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде 
бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас 
кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-
қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән 
әлеуметтік 
сапасы 
да 
жоғары 
болады. 
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты 
қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және 
ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. 
Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде 
де 
қолданылады. 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе басқа 
мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға” ұғымы “азамат” 
деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) – құқықтың жеке субъектісі, 
оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар. 
Азаматтық құқықтық қабілет туылған сәтінен бастап туындайды және барлық азаматтарға 
бірдей деп танылады. Ол адамның нақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болуының 
шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде 
немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның ішінде шет ел валютасын меншіктенуге; мүлікті 


мұраға алып қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер 
таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып 
оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды 
тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, 
міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, 
зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да 
мүліктік 
және 
жеке 
беймүліктік 
құқықтарды 
пайдалануға 
құқы 
бар. 
Әрекет қабілеттілігі азамат кәмелетке, яғни 18 жасқа толғанда толық көлемде пайда болады. 
Әрекет қабілеттілігі азаматтың экономика қызметке қатысуын, атап айтқанда, жеке кәсіпкер 
ретінде қатысуын қамтамасыз етеді. Азамат өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі 
барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкер несиегердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге 
асыруға байланысты талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіз болса, ол соттың шешімімен 
дәрменсіз (банкрот) деп танылады. Шет елдің азаматтарына және азаматтығы жоқ 
адамдарға ұлттық құқықтық режим беріледі, олардың да Қазақстанның азаматтары сияқты 
өзіндік беймүліктік құқықтары болады. 



Жалпы адамзаттық құндылықтарды сипаттаңыз. 
Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап жаңа нарықтық қоғам салты 
пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік 
сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның 
шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын 
құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар 
мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі 
жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын 
жетілдіру қажеттілігі туындады. «Өзіңді-өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім 
айтқандай өзін-өзі тану пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шеше 
білуге, өз ойын ашық айтуға, пікірін, сезімін, көңіл-күйін жеткізе білуге, өз мүмкіндігін жүзеге 
асыруға, адами қарым–қатынас жасай алуға, өз денсаулығын сақтауға, жақсы қасиеттерін 
ашуға үйренді. Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан берік 
орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік қайырымдылық, адалдық, әділдік, 
қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, 
жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни «тәрбиесіз 
қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың 
бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен 
тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзетеді. 
Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану» жобасының авторы С. 
А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр 
адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық 
құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Рухани құндылықтар 
қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл 
жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-
қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық 
мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу 
қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік 
үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және 
жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады. 
Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-
адамгершілік білімі жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш 
рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету 
мәселесін көтерді. Жоба авторы «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге 
еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті 
түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне 


жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға 
әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір 
сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұның барлығы – 
үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім 
бағдарламасы болып табылады. 
«Бұл жобаны біз «Өзін-өзі тану» деп атадық, – дейді Сара Алпысқызы – өйткені адам әуелі 
өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін, өзінің өмірдегі орнын танып білмесе, ол тағдыр қолындағы 
ойыншыққа айналады. Егер де «біз кімбіз?», «қайдан пайда болдық?», «бұл өмірге не үшін 
келдік?» және «қайда барамыз?» – деген терең философиялық сауалдар төңірегінде мәселе 
қозғасақ – ол өзіміздің көзқарасымызды, өзіміздің ішкі «Менімізді» адамгершілік жағына қарай 
өзгертуге жасаған алғашқы қадамымыз болғаны…» 
Жас ұрпақты өкінбейтіндей етіп, қателіксіз, уайым-қайғысыз, зорлық-зомбылықсыз өмір 
сүруге, өмірлері қуаныш пен шаттыққа толы болуға үйрету – біздің қасиетті парызымыз. Нағыз 
ұстаз бейнесін Әбу Насыр Әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы 
мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, 
өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру 
ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын 
болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт 
айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді». 
Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне 
бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар 
арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Олар бізге бала кезден, ана сүтімен бірге, ана 
тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-
дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Құндылықтар әр адам үшін әр түрлі болады. 
Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Петракова құндылықтарды үш түрге 
бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсолюттік. Табиғи және жүре пайда болатын 
құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсолюттік - уақытқа 
бағынбайтын, 
өзгермейтін, 
бүкіл 
адамзат 
үшін 
маңызы 
зор 
мәңгілік 
құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады. Әр адамда 
рух бар. Рух болмаса, дене жоқ. Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. 
Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды 
жоя бастайды. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, 
сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау. 
Оқыту үрдісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне 
жағдай жасаймыз. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. 
Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, 
яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның 
болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы 
құндылықтарды ағашқа теңеп көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа 
теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, 
ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың 
діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік 
жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. 
Яғни ағаш жемісін береді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат 
жасамау - бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, 
уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, 
әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан 
әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді. 
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі мақсаты - Адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің 
ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуетті көтеру 
болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, 
бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке 


тұлға тәрбиелей аламыз. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы 
Назарбаева: « Өзін-өзі тану» пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін 
анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді»-
деп атап айтқан болатын. Бұл оймен мен де толықтай келісемін. Және бүгінгі таңда жас 
ұрпақты рухани адамгершілік білімнің нәрімен сусындатып, әр баланың, әр адамның жүрегіне 
ізгілік нұрын құйып, тәрбие саласында қызмет етіп жүргеніме өзімді бақытты сезінемін. 
Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде 
елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. 
«Өзін- өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, 
қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, 
адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз тілін, өз отбасын сүйетін, 
еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз. 


10 
Дүниетанымның жеке тұлға қалыптастырудағы ролін топтастырыңыз. 
Қазіргі кезде жұртшылықты алаңдатып жүрген іргелі мәселелердің бірі – жас 
ұрпақтың рухани құлазуы. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім беру саласында 
халқымыздың руханилық дәстүрлерін кең дамытып, өскелең ұрпақты рухани сезімдерінің 
биік, өз Отанын, халқын қастерлеп сүйетін, сонымен қатар жалпы адамзаттық 
құндылықтардың бүгінгі таңдағы маңыздылығын түсінетіндей етіп тәрбиелеудің 
қажеттілігіне баса назар аударуда. Ал адамзаттық құндылық ұғымының мәнін түсіну - бұл 
жеке тұлғаның өмір сүруінің мәні, оның толық тіршілік етуінің алғышарты деуге болады. 
Жеке тұлғаның құндылық дүниесінің қалыптасуына оның дүниетанымының ықпалы зор. 
Жаңа заманның нарықтық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік 
және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықтан, қоғам мен 
мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өзі үшін, 
сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік - адамгершілік құндылықтарының жаңа 
жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр. 
Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдарын қарастырмас бұрын сол 
ұғымның 
өзінің 
мәнін 
ашып 
алайық. 
ІІ.1 Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. 
Адамдардың дүниетанымы мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми дүниетаным. 
Оның басты ерекшелігі – ғылымға негізделетіндігі. Өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, 
шындықты көре тұра бұрмалаушылық, пессимизмге салыну – керітартпа дүниетанымның 
басты белгісі. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді, оптимизмді 
(жарқын болашаққа сену) дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы 
күреске баулиды. Дүниетаным ұғымының түбірі – дүние. «Дүние» сөзі араб тілінен 
аударғанда - өмір, тіршілік сөздерінің мәнін береді. Ал жалпы алғанда оны қоршаған орта, 
табиғат, 
әлем 
ретінде 
қабылдауға 
болады. 
Дүниетанымның екінші құрамы – «таным» ұғымы. «Таным» философиялық ұғым, ол 
қоршаған ортадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнеленуін көрсетеді. 
Дүниетанымға қысқаша энциклопедияда «жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана - 
сезімдік қалпы туралы ұғымдардың жиынтығы» деген анықтама берілген. Яғни, ол сана 
ядросы ретінде орын алады. Дүниетаным дегеніміз – дүниеге деген нақты–тарихи маңызы 
бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік - 
экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-
саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, 
тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай 
ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі 
игеру нәтижесінде қалыптасады. Оқушылардың ғылыми дүниетанымның қалыптасуы – 
күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың 
жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан көкейкесті мәселеге 


айналуда. 
Дүниетаным дегеніміз – дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен 
қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, 
адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне 
қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың 
дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, 
сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде 
қалыптасады. 
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой 
дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы 
оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық 
процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген ғылымның 
жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады. 


11 
Мұғалімнің жеке басының үйлесімділігін түсіндіріңіз. 
Мұғалімнің жеке басындағы үйлесімділік көбінесе талапкершілігімен, көнбістігімен, 
эмоциялығымен, парасаттылығымен, сенімділігімен, сақтығымен, қаталдығымен және 
жұмсақтығымен айқындалады. Мұның барлығын мұғалім ешбір жерден таба алмайды, оны 
іс үстінде өз мінез-құлқын тексеру арқылы ғана және үнемі өзін-өзі тәрбилеу нәтижесінде 
ғана тани алады. Жоғарыда мұғалімнің жалпы әлеуметтік-педагогикалық қызметі 
қарастырылды, ал мұның өзі оның жеке басына қойылатын маңызды талаптарын 
айқындайды. Сонымен қоса олардың нақтылы педагогикалық қызметтері де оны ойдағыдай 
жүзеге асыру үшін белгілі бір педагогикалық қабілеттілік қажет. Мәселен, бір ғалымдар 
мұғалімнің конструктивтік ұйымдастырушылық және коммуникативтік қызметін баса 
көрсетсе, басқалары педагогикалық қызмет жүйесіне информациялық, дамытушылық, 
бағдарлаушылық, ұйымдастырушылық және зерттеушілік қабілеттерін жатқызады. Оның 
авторлары жіктеу ерекшеліктеріне қарамастан мынадай қағиданы ескереді. Педагогикалық 
қабілеттілік — бұл адамның дербес — психологиялық ерекшеліктері, оның өзі 
педагогикалық қызметтің әдістері мен амалдарын тез, әрі терең меңгеруге мүмкіндік береді. 
Педагогикалық қабілеттіліктің негізгі түрлерін көрсетелік: -педагогикалық қызметтің 
тиімділік мүддесі үшін оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен және қоғамдық 
ұйымдармен дұрыс қарымқатынас орната білу. Әсіресе оқушылардың ұжыммен өзара 
қатынасып сездірмей, бірақ әсерлі ықпал етудің, олардың өзара тәрбиесіне басшылық 
жасаудың айрықша маңызы бар; -педагогикалық байқағыштық, яғни мектеп оқушылары 
мен оқушылар ұжымының жетілу тенденцияларын сырттай байқалмайтын белгілері 
бойынша көре білу қабілеті, білімдегі осалдықты, мінез-құлықтағы өзгерісті, сондай-ақ 
балалар бойындағы жағымды-өзгерістерді дер кезіне байқай білу; -ұйымдастырушылық 
қабілеті — оқу-тәрбие үдерістерін дұрыс құра білу; - қатынастық сапа— оқылатын 
материалды көкейге қонымды және бейнелі етіп баяндай білу, сөйлеу мәдениетінің 
жоғарылығы, негізгі және қосалқы информацияларды дәл ажырата білу т. б.; нақты 
педагогикалық міндеттерге сәйкес оқушыларды таңдандыра, қызықтыра және 
шабыттандыру білу; Педагогикалық мақсаттағы қиял мүғалімге оқушының жеке басын 
«жобалауға» және өз еңбегінің нақты нәтижесін көрсетуге жәрдемдеседі. Әрбір студенттің 
бейімділігі — өз қабілетін үнемі жетілдіріп отыру, институтта оқыған алғашқы күнінен 
бастап педагогикалық шеберлік сырларын меңгеру. Мұғалімнің еңбегінің әлеуметтік 
құндылығы. Ян Амос Коменский мұғалімдерге “ең тамаша міндетжүктелген, күн астында 
одан жоғары тұрған ешнәрсе жоқ” деп жазды. К.Д.Ушинский: “Мұғалім ісі сырттай 
қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі”. - - - Мұғалім - қоғам мен өскелең 
ұрпақ аралығындағы сарапшы. Мұғалім – бұл болашаққа ұмтылған адам. Мұғалім ең 
күрделі үдерістерді – жеке адамды қалыптастыру үдерісін басқарады. Мұғалімнің қызметі 
және оған сипаттама Мұғалімнің қызметі өте күрделі әрі көпсалалы. Мұғалім оқушының 
жеке басының дамуын, қалыптасуын, білім беру мен тәрбие және оқыту үдерісін басқарады. 


Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, 
идеялық шыныққандық, саяси-моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-
құлық талап етіледі. Мұғалім еңбегі өзінің мақсаты, мазмұны және қоғамдағы алатын орны 
жағынан ең құрметті болып танылған. Педагогикалық қызмет қиындығы мол қызмет. 
Себебі, ол бір-екілі ғана баланы тәрбиелемейді, ондаған әр түрлі қабілеті мен бейімділігі, 
қызығушылығы, мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы, түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі 
жасөспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекелеген ерекшелігін 
дамытады, ынтымақты тату, жарасымды ұжымға топтастырады. Әр балаға жеке адам деп 
шынайы қамқорлық жасайды. Адам жанында, қоғамды да, табиғи ортаны да ізгілікке 
бөлейтін пәрменді ерекше құрал – мәдениет. Ал мұғалім мәдениетінің қайнар көзі, әдебиет 
пен өнер шығармаларының жаршысы. Сондықтан қандай мұғалім болашақтың мүсіншісі 
бола алады деген сұрақ туатыны заңды. Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты 
ерекшеліктің бірі – жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды күшейту, сол арқылы 
еліміздің нағыз белсенді азаматын, еңбеккерлерін және отанды қорғаушысын тәрбиелеп 
шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, адам, айнала қоршаған дүние туралы үнемі 
ізденіп біліммен қаруланғаны шарт. Мұғалім еңбегінің негізгі объектісі әрі субъектісі де 
бала, ал оның дамуының, тәрбиесінің заңдылықтарын жете білу – бірінші кезектегі міндет. 
Осыдан мұғалімді адам тану мамандығының иесі деуге де болады. Себебі, бала пассивті 
материал емес. Мұғалім еңбегі өте-мөте ептілікті, сезгіштікті, шыдамдылықты әрі 
сергектікті талап етеді. Мұғалім – бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі 
бірге болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам. 
Мұғалімнің балаға деген махаббаты оның бойындағы барлық қасиеттерді ауыстыра 
алмайды, қайта басқа қасиеттердің айқын көріне түсінуіне негіз болады. Мұғалімнің балаға 
шынайы сезіммен, құрметпен қарауы балада да мұғалімге деген сыйлау сезімін тудырады. 
Мектеп өміріне көз салсақ, балалар бір қарағанда алдымен математика, не физика, химия 
мұғалімін жақсы немесе жек көреді, содан кейін біртіндеп мұғаліммен бірге оның беретін 
физика не химия пәніне де қызығып, жақсы көре бастайды. Екінші жағынан, балаға шын 
ықыласы бар мұғалімнің өзінің мамандық қызметіне де қызығушылығы арта түсетінін 
көруге болады. Л.Н.Толстой мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген 
сүйіспеншілікпен біріктіре алмаса, онда ол – шын мәніндегі қазіргі заманның мұғалімі бола 
алмайтынын өсиет етіп айтқан. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-
қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталатынында. Сондықтан мұғалімнің 
жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуальдық мүмкіндігі, ой-
өрісінің кеңдігі, рухани байлығы педагогикалық үдерісті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал 
жасайды. Қазіргі жағдайда басты міндеттердің бірі – білім сапасын арттыру алдынғы 
орынға қойылып отыр. Сондықтан мұғалімнің білімділігі, интеллектуалдық мүмкіндігі 
жоғары болған сайын оның шәкірттерінің білімге, ғылымға деген қызығушылығының 
артуына ықпалы күшейе түседі. Сөйтіп, мұғалім өз заманының ең білімді, мәдениетті адамы 
бола отырып, оқушыны оқи білуге, білім ала білуге үйретеді. Білімді үнемі толықтырып 
отыру күрделі ғылыми пәндерді терең әрі және жан-жақты игеру қазіргі мұғалімге 
қойылатын басты және айқын талап. Бұл үшін білім дәрежесі ғана шешуші мәнге ие 
болмайды. Оған қоса білімнің дәлдігі, жүйелілігі және үнемі дамып отыратындығы қажет. 
Адамның педагогикалық қызметке жарамдылығы білімнің молдығында ғана емес, сол 
білімнің үздіксіз дамып отыратындығында, меңгеруге ыңғайлылығы мен жағдайына 
бейімділігінде. Бұл үшін мұғалім ертеңгі мектепке дайын болуы тиіс және күні бұрын 
нақтылы білім қорын жинауы керек. Мұғалімнің ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі жоғары 
болуы мүмкін. Дегенмен, осындай жағдайда ол мұғалімнің кәсіптік дәрежесінің бір ғана 
көрсеткіші бола алады. Алған білімді педагогикалық қызметтің мақсатымен, әдіс-
жағдайларымен байланыстыра, ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болып 
табылады. 


12 
Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы рөлін белгілеңіз. 


Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас 
саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау 
немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика 
барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек 
философтарды 
Гераклит, 
Демокрит,Фальс, 
Сократ, 
Аристотель, 
Платон, 
т.б. 
ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек 
елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне 
грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы 
деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" тер¬мині гректің екі сөзінен: "пайс" - 
балалар және "эгейн" - ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. 
Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Пе¬дагогика - бала 
жайындағы ғылым, 
олай 
болса ол 
ұрпақ
тәрбиесі 
жайындағы ілім. 
Адам 
баласының
ұрпағы 
үнемі жаңарып, 
өзгеріп отырғандықтан, 
педагогика 
ілімі де 
үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. 
Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. 
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі 
тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым 
. Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи 
тәжірибені үйрету процесі. 
Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. «Бір баланы адам 
етіп өсіргенше бір шаһар апат болады» дейді Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаның 
адамгершілігін 
қалыптастыру 
үшін 
қыруар 
уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет. Халық мұғалімі – жас ұрпақтың рухани 
дүниесінің мүсіншісі, ол- өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің 
үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және 
өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу- тәрбие ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты 
талап етеді. 
Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің 
моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының табиғатына 
қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз 
дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр. 
Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары 
мол, оқыта білетін мұғалім»,- деген болатын. 
Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н.К. Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, 
К.Жарыкбаев, Ш.Т.Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдеби, сөйлеу 
шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме 
қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. 
Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік 
беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де 
зор рөл атқарады. 
Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі 
басым болады. 
Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір 
мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт 
көзге айқындап тұрады. Мұғалімнің ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы пайдалы. 
Болашақ
ұстаздар 
өз 
ісінң әрбір қыр- 
сырын
жетік игеру жолында кәсіптік 
сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам 
тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз. Мектепте білім алу-бала өмірінің 


маңызды кезеңдерінің бірі. Қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен 
білім алғаны баланың үлгеріміне және жеке тұлғалық қалыптасуына байланысты 
болады.Кәсіби шеберліктің құрылу процесі білімінің жүзеге асуы мен қалыптасуын ғана 
емес сонымен қатар оның тұлғалық қалыптасуын да қарастырады. Мұғалімнің кәсіби 
шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы 
жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар 
өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді.Қазіргі кезеңде білім 
беру мақсаттары өзгеруде,оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық 
коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі- оқушылар да 
айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы педагогикалық кәсіби шеберлігінің 
деңгейін жоғарлатуды талап етеді. Оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген 
педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын оқытушылардың педагогикалық 
шеберлігін арттыру болып саналады. 
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы - оның кәсіби 
шеберлігі мен білімінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді. Педагогтардың жалпы және 
кәсіби шеберлігін дамыту мәселелеріне Н. Кузьмина, А. Щербаков көңіл аударған.


13 
Педагогикалық іс-әрекет түсінігі және оның құрылымын анықтаңыз. 
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін 
әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара 
білу. 
Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет 
объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы. 
Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланысты комплексті жүзеге асырылып, іс-
әрекеттің компоненттері де болады. Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып 
табылатын іс-әрекеттер мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке 
алып қарайтын болсақ: іс-әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. 
Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруы қажет етеді. Комплесті 
жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой 
тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады. Тәрбие жұмысын 
комплексті жүргізу тәрбиеленушінің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік 
қызметіне де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді. 
Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі:өндірістік, 
қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды 
қарастырады. 
1.
Іс-әрекет объектісі – адамдардың қалыптасуының объективтік негізін – қоғамның 
материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи 
орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты адамдардың еркі мен 
санасына тәуелді емес 
2.
факторлар құрайды. 
Адам жанасқан нәрселердің бәрі-адамдар, заттар, табиғаттың және айнала қоршаған 
қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның 
рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасады. 
Сөйтіп, адам әрқайсысы қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі. 


Сондықтан адамға педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық негізінде ұйымдастыра білуді 
қажет етеді. Баланың тәрбиесіне педагогикалық іс-әрекеттің объективтік жағдайлары, 
қоршаған өмір де әсер етеді. Сондықтан тәрбие жұмысында өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын 
айналадағы объективті өмірімен байланысты үлестіре жүргізген жөн. Іс-әрекет субъектісі -
тәрбиеленуші және жас жеткіншектерге тәрбие жөнінен тәрбие жөнінен әсер етушілер: 
педагогтар, жанұя, педагогикалық коллектив және жұртшылықтар болып табылады. Мектеп 
ішінде балаларға тәрбие беру оқу жұмысын ұйымдастыратын негізгі тұлға мұғалімдер. 
Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері, оның білімі, білгірлігі, оқыту және тәрбие әдіс-
тәсілдері үлкен әсер етеді. Нағыз балаларға лайықты, ұтымды, нәтижелі тәрбие беретін 
педагогтарды өзін-өзі жетілдірумен шұғылданатын, адамгершілік қасиеттері мол тәжірибелі 
шебер педагогтар деп айта аламыз. 
3 Педагогикалық іс-әрекет құралдарына: оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынастар 
жатады. Әрбір педагогтар өзінің қалауынша осы аталған құралдарды тәрбие жұмысына 
басшылыққа алады. Мысалы, А.С.Макаренко өзінің іс-әрекетіне тәрбие құралы етіп
«еңбекті» қолданған. Қазақстанда Макаренконың тәжірибесін басшылыққа алушы, өзінің 
қиын балаларымен жұмыс ұйымдастыруда Архимед Мынбаев тәрбие жұмысының құралы 
етіп еңбек процесін алды. Әр оқушының ерекшеліктерін біле отырып, еңбекке баулудың 
нәтижесін олардың жүрегінен жол тауып, «Қиын» оқушыларды дұрыс жолға сала білді. 
Еңбекке деген олардың сүйіспеншілігін арттыра біледі. Кейбір педагогтар іс-әрекет 
құралдары ретінде бірлескен коллективтік оқуды, басқа да бірлескен іс-әрекеттерді 
ұйымдастыруды құрал ретінде пайдалана білді. Мысалы, Москвалық мұғалім 
В.А.Караковский, Ленинградтың мұғалімі В.Н.Сорока-Россинский тәрбие жұмыстарының 
құралы етіп коллективтік оқуды ұйымдастырудан алған. Мұндай таңдау олардың шеберлік 
және мүмкіндік ыңғайына байланысты жүргізіледі. 
1.
Педагогикалық кәсіптік әрекетке өзін-өзі бағыттап, ұйымдастыратын педагогикалық 
білгірлік қасиеттер педагогикалық білгірлік 
2.
қасиеттер педагогикалық шеберліктер жүйесіне жатады. 
Педагогикалық шеберлік мынандай жүйелерге бөлінеді: педагогтық іс-әрекетіндегі 
гуманистік бағыттылық кәсіптік білгірлік, педагогтық іс-әрекетіне бейімдік, педагогтық 
техника. Бұл аталған педагогтық шеберлік жүйелі бір-бірімен байланысты жүзеге 
асырылады. 
а) Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық. 
Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық тәрбиешілердің, мұғалімдердің балаларға 
адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік 
бағыттылық жүйесі –педагогтардың балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы 
ізгілік-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын 
қажет етеді. 



«Кәсіби құзыреттілік» ұғымын өз сөзіңізбен айтыңыз. 
Кәсіби құзырлылық - мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы 
жауапкершілікті сезіну, жоғарғы деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы 
мен жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, 
сол құндылықтарды балаға сіңіре білу. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - 
педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани 
дамыған, шығармашыл құзіретті тұлға болуы керек. 


Әр ұстаз ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-
жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы 
болу керек. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың 
барлығын меңгерген, өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл құзіретті 
тұлға болуы керек. Жаңа формация мұғаліміне қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, 
білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Заман 
талабы оқушылардың бойында құзіреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. 
Кәсіби құзырлылық - мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, 
жоғарғы деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай 
білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды балаға 
сіңіре білу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет