26
жасушалары жатады. Макрофагтар, дендриттік жасушалар және В-
лимфоциттерді сонымен қатар,
мамандандырылған АТЖ деп те атайды,
себебі, белсенді және антигентаныстыруында негізгі қызмет атқарады.
АТЖ-ның сыртқы мембранасында 2х10
5
дейін МНС молекулалары
болады. Бір Т-лимфоциттің белсенденуі үшін, антигенмен кешен құрған
осындай 200-300 молекуласы жеткілікті.
Макрофагтар
– бұл мононуклеарлық фагоциттер жүйесінің
жасушалары, олар сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан (эмбрионның
сарыуыз
қапшығында
және
бауырда)
түзіледі;
сүйек
кемігінде
монобласттар сатысы арқылы қан моноциттеріне дифференцияланады.
Қан лейкоциттерінің шамамен 5%-ын құрайтын моноциттер, қан
айналымында шамамен 1 тәуліктей болып, кейiн тіндерге түсiп, мөлшері
моноциттерге қарағанда, 25 есе жоғары болып келетiн, тіндік макрофагтар
популяциясын құрайды. Түзiлген тiндiк макрофгтар АТЖ қызметiн
атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: