Байланысты: shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk
Молекулалық деңгей Иммундық жүйенің молекулалық негізін келесі макромолекулалық топтар
құрайды:
1. В-лимфоциттер түзетін
иммуноглобулиндер (Ig) және олардың
түзілуін реттейтін гендер. Антиденелер – гуморалдық иммундық
жауаптың өнімі, сонымен қатар, олардың түзілісін шақыратын
антигендерге арнайы әсер ететін глобулиндер. Бұл күрделі нәруыздық
құрылымдар мономерлер немесе полимерлер. Иммуноглобулиндердің
молекуласы қатар орналасқан екі тізбектерден тұрады: 2 ауыр – Н тізбек
(ағыл. heavy - ауыр) және 2 жеңіл L (ағыл. light - жеңіл) тізбектен тұрады.
Олардың құрылымдық бірлігі – домендер (тізбектік автономдық бөлігі).
Иммуноглобулиндердің 5 класы бар: IgM, IgG, IgA, IgE, IgD.
2. Медиаторлар көмегімен иммунды хабарлы жасушалар иммундық
жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және жүзеге асуына қатысады. Бұл
медиаторларды
цитокиндер деп атайды. Бұл антигендерге қатысты
арнайылықтардан айырылған және гемопоэз, қабыну, иммундық жауап
және
жүйеаралық
қарым-қатынас
кезiнде
жасушааралық
коммуникацияларды
туғызатын
нәруыздық
өнiмдер.
Цитокиндер
рецепторлық механизм негiзiнде әсер етедi. Олар шамадан тыс артық
өндiрiлуiмен және компоненттердiң күштi әрекеттесуiмен (бiр қызметi
әртүрлi цитокиндермен қамтамасыз етiледi) сипатталатын жүйенi
(цитокиндiк тор) құрайды.
Т-лимфоциттер
субпопуляциясымен
түзiлетiн
цитокиндердi
лимфокиндер, ал
моноцитарлы
-
макрофагалдық
жүйелерiнiң
жасушаларымен түзiлетiн цитокиндердi
монокиндер деп атайды.
3.