Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


В-лимфоциттермен танылатын және оларға қарсы антиденелер



Pdf көрінісі
бет31/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

В-лимфоциттермен танылатын және оларға қарсы антиденелер 
түзiлетiн эпитоптарды – В-жасушалық эпитоптар немесе 
гаптендер (синонимдер) деп аталады.
В-жасушалардың әрбiр клоны 
белгiлi бiр гаптенге әсер етедi.
 


34 
Антиген құрылымы мен химиялық құрылысын зерттеуге үлкен үлес 
қосқан Нобель сыйлығының лауреаты (1930ж.) К. Ландштейнер гаптен 
деген терминдi енгiзген. 
Гаптендер
- өлшемi үлкен емес химиялық 
топшалар. Олар табиғи антиген молекулаларының құрамдас бөлiгi немесе 
шығу тегi экзогендiк болуы мүмкiн, мысалы, дәрiлiк заттар және олардың 
метаболиттерi, 
азық-түлiк, 
ауыл 
шаруашылық, 
тұрмыстық 
және 
өнеркәсiптiк өнiмдер болып табылады. Гаптен нәруыз-тасымалдаушымен 
байланысқан кезде ғана иммунногендiк қасиетке ие болады.
Антиген молекуласының негiзгi бөлiгiн 
тасымалдаушы
деп атайды. 
Ол антиген молекуласының 97% (гаптен емес) құрайды. Антиген 
тасымалдаушысының құрамында өзiнiң антиген детерминанттары болады. 
Олар тасымалдаушы детерминанттар деп аталады.
Бұл детерминанттар Т-лимфоциттерiн танып, оларға қарсы 
жасушалық иммунитет серпiлiстерi бағытталады, сондықтан 
оларды тағы Т-жасушалық эпитоп деп те атайды. 
Тасымалдаушы 
детерминанттары гаптеннiң құрамына
 
және өлшемiне қарағанда үлкен. 
Нәруыздық антигендер де әдетте қысқа пептидтер, олардың құрамында 
орта шамамен 6-дан 20-ға дейiн аминқышқылдық қалдықтары болады.
Сонымен, 
кез-келген антигендi
молекуланың бетiнде орналасқан 
екi
функционалдық бiрлiкті:
тасымалдаушы
және 
гаптен
ретiнде қарауға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет