Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет39/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Иммуногенд
-
антигеннiң иммунитет тудыру қабiлетi. Бұл ұғым 
негiзiнен, жұқпаларға иммунитет жағдайын қамтамасыз, ететiн микроб 
және вирус антигендерiне қатысты айтылады.
Мысалы, дизентерия 
қоздырғышының антигендiгi өте жоғары, сондықтан өзiне қарсы күштi 
иммундық жауап туғызады, бiрақ оған қарсы айқын иммунитет 
өндiрiлмейдi, себебi ұзақ өмiр сүретiн зерде жасушалары түзiлмейдi. Сүзек 
вакцинасының антигендiгi мен иммуногендiгi өте жоғары, оны енгiзген 
кезде көп мөлшерде антиденелер түзiлiп, қуатты иммунитет пайда болады.
Антигеннiң иммуногендiгiн көрсететiн маңызды қасиетi - молекула 
мөлшерi. 
Полимерлiк 
молекуланың 
салмағы 
жоғарылаған 
сайын, 
иммуногендiгi артады. Антигендердiң иммуногендiгi олардың құрылысына 
(зарядына, қош иiстi сақинаның болуына, қаттылығына) және мөлшерi мен 
олардың ағзаға енгiзу жолына байланысты.
Арнайылық
– 
бұл 
антигендердiң 
бiр-бiрiнен 
айырмашылығын 
көрсететiн антигендiк ерекшелiк.
Антигендердiң иммундық ерекшелiктерi 
макромолекуланың барлық денесiмен емес, антигеннiң бетiнде болатын 
детерминанттардың қасиетiмен
, олардың саны және молекулаларда 
табиғи антигендердiң орналасуымен анықталады. Ағзадағы әрбiр жасуша 
өзiнiң антигендiк ерекшелiгiмен анықтайтын жеке химиялық құрылыммен 
сипатталады. 


41 
Антигендік арнайылықтың келесi түрлерi ажыратылады: түр-аралық 
(типтiк арнайылық), топтық, тiндiк, сатылық, органоидтық. 

Түр-аралық арнайылық 
жануарлардың қай түрге жататындығына, 
олардың генетикалық конституциясына байланысты, яғни бұл ерекшелiк, 
әр түрге жататын ағзалардың бiр-бiрiнен айырмашылығын көрсетедi. Түр-
аралық арнайылыққа қандай да болса арнайы антигендер емес, ағзада 
кездесетiн көптеген заттар ие бола алады. Өзара жақын түрлерiнде ұқсас 
түр-аралық 
арнайылық 
антигендерi 
бар, 
ал 
алшақ 
түрлерiнiң 
антигендерiнде – көп айырмашылықтары болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет