Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет40/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Типтiк арнайылық
– түр-аралық арнайылық секiлдi ұғым, бiрақ 
микроб түрлерiне қатысты қолданылады (серологиялық варианттары-
сероварлар, бiр түрдiң iшiндегi антигеноварлар анықталады). 

Топтық антигендiк арнайылық
– даралардың бiр түрiнiң iшiндегi 
әр-түрлi топтардың ерекшелiгi. Мысалы ретiнде, адам эритроциттерiнiң 
изоантигендiк жүйесi жатады, олар 15-тен астам, ал құрамына 100 
шамасында антигендер кiредi; олардың негiзгiсi қан тобындағы АВО 
жүйсенiң изогемагглютиногендерi. Лейкоциттердiң изоантигендiк жүйесi 
(HLA), мүшелер мен тiндердiң ауыстырып салуында маңызды орын алады, 
ол антигендердiң гистосәйкестiк жүйесi деп аталады. Ағзаның мүшелерiн 
ауыстырып салғанда (трансплантация) күштi гистосәйкестiк антигендердiң 
минималды айырмашылығына негiзделiп, сәйкес донор мен реципиент 
таңдалады. Гранулоциттердiң және тромбоциттердiң изоантигендiк жүйесi 
гемотрансфузия мен трансплантация кезiнде маңызы бар. Изоантигендердiң 
болуы ағзаның түрiшiлiк жеке дара ерекшелiктерiнiң дәлелi болып 
табылады.

Тiндiк арнайылық 
– бiр ағзаның әр түрлi тiндерiндегi антигендiк 
айырмашылық (миокард, өкпе, бауыр және т.б. антигендерi). 

Сатылық арнайылық 
- әр даму сатысында тұрған жасушалардағы 
антигендiк айырмашылығы. Мысал ретiнде, эмбрион антигендерiн (α-
фетопротеин немесе сүйек кемiгiнiң бағаналы жасушаларында және В-
лимфоциттердiң барлық дифференциялану кезеңдерiнде болмайтын 
плазмалық жасушалардың антигенi – РС-антигенiн) алуға болады. РС-
антигенi, тек антидене түзу кезiнде плазмалық жасушаларда пайда болады.

Антигендердiң органоидтық арнайылығы
- әртүрлi жасушалар 
органоидтарының антигендiк айырмашылығы (ядро, митохондрия, және 
т.б.).
Қорыта келе, әрбiр тiрi жасушалар өздерiнiң антигендiк құрылысы 
бойынша, бұл ағзаға жатпайтын кез-келген басқа тiрi жасушаларынан 
ерекшеленедi. 
Неғұрлым генетикалық туысқандығы алшақ болса, соғұрлым 
антигендiк айырмашылығы көп болады.
Антигендер құрамы мен әсер ету механизмiн зерттеудегi болған 
жетiстiктер, қазiргi уақытта алдын ала белгiлi қасиетi бар жасанды 
антигендердi жасау мүмкiндiгiн берiп отыр. Ол керек антигендiк 
детерминанттарға антидене түзiлiсiн жоғарылату, жасушалық кооперация 
үрдiсiн күшейту немесе тежеу, сәйкес антигенге төзiмдiлiктi шақыру. Осы 
қағидалар цитотоксикалық және цитостатикалық әсерi жоқ жаңа иммунды 


42 
депрессанттар жасауға пайдасын тигiзiп отыр және арнайы қасиетi бар 
вакцина жасауға да мүмкiндiк бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет