Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Патологиялық, немесе екiншiлiк, аутоантигендер



Pdf көрінісі
бет34/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Патологиялық, немесе екiншiлiк, аутоантигендер. 
Ағзаның өзiндiк 
жасушалар компоненттерi мен тiндерi, әртүрлi зақымдаушы факторлар 
және жұқпалы агенттердiң әсер ету нәтижесiнде, аутоантигендерге 
айналады. Оларға, мысалы, күйiктiк, үсiктiк, сәулелiк антигендер жатады. 
Жылулық немесе химиялық денатурация кезiнде пішіні өзгерген өзiндiк 
нәруыздар ағзаға бөтентектi нәруыздар болып табылады. Екiншiлiк 
аутоантигендер бактериалдық уыттар және вирусты нейраминидаза, 
сонымен қатар, қабыну аймағында рН ортасының өзгеруi және әртүрлi 
этиологиясы 
бар 
некроздар 
кезiнде 
нәруыздық 
молекулалардың 
денатурациясы 
нәтижесiнде 
түзiледi. 
Екiншiлiк 
(патологиялық) 
аутоантигендерге қарсы ағзадан шығаруға бағытталған иммундық жауап 
жүредi, патологиялық үрдiстiң басылуына және де зақымдалған тiндердiң 
қалыптасуына себебiн тигiзедi. Бiрақ та, көптеген себептерге байланысты, 
әсiресе табиғи төзiмдiлiктiң бұзылуына әкелетiн иммундық жүйенiң 
қызметі бұзылған кезiнде екiншiлiк аутоантигендер, аутоиммундық 
ауруларды шақырады. Бұл жағдайдың мысалы ретiнде инфаркттан кейiнгi 
миокардтты айтуға болады.
Адамның иммунды патологиясында маңызды рөл атқаратындар 
айқаса әрекеттесетiн және кешендiк антигендер.
Айқаса әрекеттесетiн антигендер немесе гетероантигендер
әр-
түрлi түрлерге жататын, бiрақ құрылымы бойынша жақын антигендi 
детерминанттардан тұратын антигендер. Мұндай антигеннiң мысалы 
ретiнде 1911 жылы ашылған Форссман антигенiн айтуға болады. 
Бұл 
антиген қойдың эритроциттерiнде, сальмонеллаларда және теңiз 
доңыздарының ұлпаларында болады.
Бактериялар мен вирустардың 
антигендiк мимикрия құбылысы олардың иесiнiң антигенiне ұқсас антиген 
вирустары 
мен 
микроағзалардың 
кейбiр 
түрлерiнде 
болуымен 
түсiндiрiледi. Паразиттер үшiн мұндай антигендер қорғанысты мәнi бар, 
өйткенi олар иесiнiң иммундық жүйесiмен танылмайды және онда арнайы 
қорғаныс серпiлiсiн шақырмайды. 
Ал иесi үшiн мұндай антигендер 
аутоиммундық аурудың себебi болуы мүмкiн.


37 
Осылайша, гемолизистiк стрептококктар құрамында адам ағзасының 
кейбiр тiндерiнiң – миокард, синовиалдық қабықтың антигендерiмен ортақ 
айқаса әрекеттесетiн антигендер (М-протеин) болады. Стрептококктiк 
жұқпалар кезiнде миокардтың тiндiк элементтерiмен, синовиалдық 
сүйықтық және шемiршек гликопротеиндерiмен айқаса әрекеттесетiн 
микробтық полиқанттарға антиденелер түзiледi. Өз кезегiнде ол 
ревматизмнiң дамуына алып келедi. Бiрқатар стрептококк штаммдарының 
мембраналарында бүйрек шумақтарының базалды мембраналарына жақын 
немесе ұқсас айқаса әрекеттесетiн антигендер болады. Стрептококктың 
ондай штаммдары аутоиммундық гломерулонефрит шақыруы мүмкiн. 
Мерез қоздырғышында адам мен жануарлардың жүрегiнде кездесетiн 
фосфолипидтер құрылысына ұқсас фосфолипидтер бар.
Сондықтан 
да 
жануарлардың 
жүрегiндегi 
кардиолипидтiк 
антигендердi ауру адамдарда спирохетаға қарсы антидененi табу үшiн 
қолданылады (Вассерман серпілісі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет