Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет33/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

антиген валенттiлiгiнiң
мағынасымен 
тығыз байланысты. 
Антигеннiң валенттiлiгi антиген молекуласының 
құрамына кiретiн әр-түрлi гаптендердiң санымен анықталады.
Валенттiлiк осы берiлген антигендерге әсер ететiн В-лимфоциттер 
клонының санымен сәйкес келедi. Табиғи антигендердiң көпшiлiгi 
поливаленттi, мысалы, бактериалдық жасушаның валенттiлiгi бiрнеше 
ондықтан 200-300-ге дейiн тербелiп өзгеруi мүмкiн. 
Антигендердiң түрлерi 
Антигендердiң екi негiзгi түрлерi бар: 
экзогендiк және эндогендiк
(аутологиялық). Экзогендiк антигендер ағзаға сыртқы ортадан түседi.
Эндогендiк антигендер деп әртүрлi себептерден туындаған өзiне 
қарсы иммундық жауапты қалыптастарытын, өзiндiк аутологиялық 
молекулалар 
(аутоантигендер) 
немесе олардың күрделi кешендерi 
танылады.
Бiрiншiлiк және екiншiлiк аутоантигендер тобы
ажыратылады.
Бiрiншiлiк, немесе шынайы аутоантигендер.
Бiрiншiлiк шынайы 
аутоантигендер – ол эмбриогенез кезiнде иммундық жүйенiң қалыптасу 
үрдiсiнде және де ересек ағзада иммунды хабарлы жасушалармен 
жанаспаған, гистогематикалық тосқауылдардың артында орналасқан 
ағзаның өзiндiк қалыпты тiндерiнiң антигендерi. «Тосқауыл артындағы 
тiндерге»: ми тiндерi, қалқанша маңы безi, аталық без, көз бұршағы 
жатады.
Мұндай 
анатомиялық 
құрылымдардың 
ерекшелiгi, 
ондағы 
лимфа 
дренажының болмауымен, гематотiндiк (гематоэнцефалдық, гематоокулярлық, 
гематотестикулярлық) тосқауыл мен аймақтық сұйықтықта, иммундық жүйе 
жасушалары бөлетiн цитокиндердiң шығаруын тежейтiн заттардың болуына 
байланысты. Мысалы, алдыңғы көз камерасын толтыратын сұйықтық құрамында, 
көз құрылымында түзiлетiн және Т-лимфоциттердiң қорғаныс қызметiн атқаруға 
кедергi жасайтын биологиялық белсендi заттар болады. Көздiң торлы қабығының 
субжасушалық құрылымында арнайы компоненттер бар, олар Т-лимфоциттермен 
әрекеттескенде бағдарланған жасушаның жойылу (апоптоз) механизмдерiн 
тудырады. Бұл үрдiстер жиынтығы иммунитеттiң тежелуiн қамтамасыз етедi және 


36 
көздi иммундық жүйенiң зақымдану әсерiнен сақтайды. Гистогематикалық 
тосқауылға әртүрлi зақымдаушы әсер еткенде антигендер «жалаңаштанады» және 
иммундық серпiлiстер шақырады.
Гистогематикалық тосқауылдың бүтiндiгi бұзылғанда (мысалы, 
жұқпалы аурулар, жарақаттану нәтижесiнде) бiрiншiлiк аутоантигенге 
қарсы аутоиммундық үрдiстердi шақыратын, иммундық жауап пайда 
болады.
Аутоантигендер ретiнде гистогематикалық тосқауылдың артында 
орналаспаған 
және 
де 
өзгерiлмеген 
ағзаның 
өзiндiк 
химиялық 
құрылымдары бола алады. Осы антигенге табиғи иммунологиялық 
төзiмдiлiк бұзылғанда, мысалы, лимфоциттердiң «тыйым салынған 
клоны», сонымен қатар, супрессорлық механизмi бұзылғанда пайда 
болады. Нәтижесiнде арнайы иммунологиялық серпiлiстер басталып, 
ағзаның өзiндiк мүшелерi мен тiндерi зақымданады, себебi олардың 
құрамында осы аутоантиген болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет