Механизмi бойынша иммундық жауаптың келесi түрлерiн ажыратады:
1. жасушалық; 2. гуморалдық; 3. аралас немесе жасушалық-гуморалдық.
31
2-ші сурет. Лимфоциттердің миграциясы және рециркуляциясы Көптеген жағдайларда иммундық жауап аралас түрде өтедi, бiрақ
иммунитеттiң немесе жасушалық, немесе гуморалдық тiзбегi басымырақ
болады.
Жасушалық және гуморалдық иммунитет жүйелерi шектелiп емес, бiр-
бiрiмен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Иммундық жауапта әдетте
барлық иммундық жасушалар (Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер және
антигенді таныстырушы жасушалар) қатысады және де әрбiр жасуша өз
қызметiн атқарады.
Антигендi тану және жасушалық немесе гуморалдық жүйенiң, жиi екеуiде бiрдей,
iске қосылуы, аталған үш жасушалардың бiр-бiрiмен әрекеттесуi арқылы жүзеге асады. Бұл
үрдiстi
иммунды хабарлы жасушалардың кооперациясы деп атайды.
В-лимфоциттердiң негiзгi қызметi – ағзаға түскен
антигендерге қарсы
антиденелердi түзу . Антиденелер – бұл арнайы нәруыздар –
иммуноглобулиндер. Антиденелер иммундық жүйенiң шеткi мүшелерiнде
түзiледi, одан қанға түсiп, қан арқылы ағзадағы барлық мүшелер мен
тiндерге таралады.
Т-лимфоциттер жасушалық иммунитет серпiлiсiн жүзеге асырады, олар
сонымен қатар,
антигендердi тануға және жасушалық, гуморалдық иммундық жауаптардың басталуына және реттеуiне қатысады .
Т- лимфоциттер иммунологиялық төзiмдiлiктiң қалыптасуына және оның сақталып тұруына ықпал етедi, Т-лимфоциттерден
иммунологиялық зерде жасушалары қалыптасады. Егер де ағза антигенмен екiншi рет кездесетiн
32
болса, онда зерде жасушалардың иммундық жауаптың жылдам
қалыптасуына қабiлетi болады.