Иммунитет жағдайын бағалауда жалпы қолданылатын стандарт Бiрiншiлiк иммунологиялық зерттеулердiң құрамына клиникалық
тәжiрибеде иммундық тапшылықты табуда мүмкiндiк беретiн негiзгi
көрсеткiштердiңең аз санын анықтау кiредi. Осы көрсеткiштердiң тiзiмiне:
лейкоциттердiң жалпы санын есептеу, фагоцитарлық белсендiлiктi және
оттегi
тәуелдi
бактерицидтiк
қасиетi
бар
нейтрофилдердi
санау,
лимфоциттердiң негiзгi субпопуляцияларын және M, G, A кластарына
жататын иммуноглобулиндердi анықтау жатады.
Лейкоциттердiң жалпы санын микроскоптың астында арнайы санау
камерасымен (Горяев камерасы) эритроциттi ыдыратқаннан кейiн есептейдi.
Камера – ол заттық әйнектiң арасында капиллярлы саңылауы бар, үстiне
санау торы және тығыз жабынды әйнек орнатылған аспап болап табылады.
Осындай камераға зерттелетiн қанның ең аз көлемi түседi, онда лейкоциттер
бiр қатарда орналасқан. Бұл санау торының шектелген төртбұрыш алаңында
пайда болған жасушалар санын анықтауға мүмкiндiк бередi. Санайтын
камераның көлемiн бiлiп, 1 мкл қанда лейкоциттердiң санын анықтайды.
Лейкоциттердiң әр түрiн және олардың концентарциясын анықтау үшiн,
тазартылған қаннан әйнекке жағынды дайындайды және анилин бояуымен
бояйды. Бұл кезде жасушаның ядросы және цитоплазмасы өздерiнiң
түйiршiктерiне тән боялады.
100 лейкоциттi қараған кезде, оларды ажыратып және лейкоциттердiң әр
түрiнiң
пайыздық
арақатынасын
анықтайды.
Зерттеудiң
нәтижесiн
лейкоцитарлық формула ретiнде жазады.
Қанда лейкоциттiң функционалдық белсендiлiгiн тексеру үшiн
зертханада
арнайы
сынамалар
қолданады.
Мысалы,
қандағы
гранулоциттердiң және моноциттердiң сынама-объектiсi деп аталатын
стандарттық микробөлшектер немесе өлтiрiлген бактерияларды жұтып,
қорыту қабiлетiн сынай отырып, олардың фагоцитарлық белсендiлiгiн
бағалайды.
Нейтрофилдер
барлық лейкоциттер санының 93-96 % құрайды, 1 мкл
қанда шамамен 4150 кездеседi. Олар қантамырда орташа шамамен 6-8 сағат
болады, себебi нейтрофилдер шырышты қабаттарға тез миграцияланады.
Полиморфтыядролық нейтрофил – ол бөлiнбейтiн, бөлшектенген ядросы
және гранулалар жиынтығы бар, аз өмiр сүретiн жасуша. Олар
гематоксилинн
және
эозин
бояуларымен
боялмайды.
Сондықтан
нейтрофилдерде ғана қандағы фагоциттердiң жұту және метаболиттік,
функционалдық белсендiлiгiн төменде келтiрiлген екi сынама арқылы
бағалайды: НКТ-сынамасы және латекспен фагоцитоз сынамасы.