3.2.2. Батыс Қазақстан топонимиясындағы сан есімдер Сан есімдердің философиялық және социологиялық проблемалары ғылымның басқа
салаларымен байланысты ғалымдар назарын үнемі аударып келеді. Сан категориясының
жалпы және жалқы есімдермен байланысы - лингвистикалық та, этнографиялық та мәні зор
проблема.
Ономаст-ғалымдар еңбектерінде топонимдер құрамындағы сан есімдер лексика-
семантикалық тұрғыдан біршама зерттелген. Әсіресе,
үш, жеті, тоғыз, қырық сан есімдерінің
беретін ұғымдары жөнінде С.Кеңесбаевтың, Н.Уәлиевтің, Т.Жанұзақовтың, Е.Қойшыбаевтың
еңбектерінде қамтылған (108; 109; 110; 111). Бұл зерттеулерде жалқы есімдер құрамындағы
кейбір сан есімдердің өзіндік мағынасынан гөрі кеңірек мағынаға ие болатындығы туралы
айтылады. Сондай-ақ, тілімізде сан есімдердің қатысы арқылы жасалған мол да бай сала - кісі,
ру, тайпа және жер-су аттары жайлы зерттеулер бұрыннан-ақ айтылып жүр. Батыс Қазақстан
топонимдері құрамында да сан есімдердің қатысымен жасалған жер-су атаулары өте көп.
Мысалы,
Үшана, Үштерек, Үшкемпір, Үшкүтір, Үшқыстау, Үштүлек, Үшсай, Үшағаш, Үштас, Үштамақ, Төртқұлақ, Төртқұдық, Төртпішен, Бестентек, Бесасқыр, Бескөл, Бестерек, Бесқыстау, Бестау, Бесқұдық, Бесотар, Беспішен, Бесауыл, Бесқалмақ, Бесқамыс, Бесоба, Алтықора, Алтыкашар, Жетікөл, Жетіқыз, Жетіқұдық, Сегізсай, Тоғызқұдық, Қырыққұдық, Жезбатыр, Мыңтас, Мыңшұңқыр, т.б.
Олардың басым
көпшілігінің құрамындағы сан есімдер өзінің тура мағынасында қолданылады. Бұл сан
есімдердің арасында
бір, екі сияқты сан түрі мүлде кездеспейді десек те болады. Керісінше,
аймақ топонимдері арасында осы сан есімдерінің баламасы болып табылатын
жалғыз, қос сөздерінің көмегімен қалыптасқан