ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


 Батыс Қазақстан облысы гидронимдер жүйесі және оның



Pdf көрінісі
бет119/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

3.2.3. Батыс Қазақстан облысы гидронимдер жүйесі және оның 
ерекшеліктері 
 
Топонимиканың күрделі де көлемді саласының бірі гидронимия деп аталады. Ол - грек 
тілінде 
гидро-су,
оним-атау,
яғни, су атаулары ұғымын береді. Демек, гидронимия - өзендер 
мен көл, көлшіктер, қайнарлар мен бастау, бұлақ, құдықтардың, бір сөзбен айтқанда, - су 
объектілерінің жиынтық аты (74, 48). 
 
Батыс Қазақстан облысы топонимиясының үлкен бөлігін гидронимдер құрайды. Облыс 
топонимиясын кешенді түрде қарастырған кезде Батыс Қазақстан облысының геофизикалық 
ерекшеліктеріне байланысты гидронимдерге ерекше назар аудару қажет. Мұның басты себебі 
Батыс Қазақстан - сулы өлке. Тіпті облыстың оңтүстік аудандары сусыз, шөлейт аймақтарға 
орналасса да, облыс территориясында гидронимиялық атаулардың көп болуы осыны 
дәлелдейді. Ал солтүстік бағыттағы аудандарда өзен-көлдердің көп болып келуі - аймақтың 
солтүстік бөлігінің ылғалды зонада орналасқандығының белгісі. Облыс территориясында 
үлкенді-кішілі 2000-нан аса көлдің, көптеген өзендердің, жасанды тоғандар (көбік) мен 
гидронимиялық объектілердің, сорлар мен сайлардың, шығанақтар мен көлмектердің, бұлақтар 
мен бастаулардың кездесуі облыстың топонимиялық жүйесінің салмақты бөлігін 
гидронимдердің құрайтындығын көрсетеді (8).
Батыс Қазақстан облысының ірі көлдері қатарына 
Шалқар, Аралсор, Сакрыл (Ақкөл), 
Қамыс Самар, үлкен Айдын, Кіші Айдын, Бірқазан
көлдері күреді. Ал ірі өзендер тобын 
Жайық, Шаған, Деркөл, Елек, Сарыөзен, Қараөзен, Аңқаты, Өлеңті, Шідерті, 
Қалдығайты, Шыңғырлау, Бағырлай
секілді гидронимдер құрайды. Бұл аталғандардан басқа 
шағын көлемдегі көлдер, өзендер, сайлар, өзектер, айдындар, сорлар, тұздар, бұлақтар тобы өте 
көп. 
Облыс территориясында кездесетін гидрографиялық объектілер атауларының басым 
көпшілігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет