15
құрамына кіргендігін, кейіннен ру, тайпалардың бір-бірінен ыдырауы нәтижесінде жеке-жеке
халықтар мен олардың тілдері де дараланғандығын білдіреді. Ең бастысы, бүгінгі таңда
бірнеше мемлекеттің территориясына кіретін Евразия құрлығы түгелімен түркі-моңғол тектес
халықтардың меншігінде болғандығын да көрсетеді. Ол араласу мен бүгінгі түркі тектес
халықтардың арасында бірнеше ғасырлармен өлшенетін уақыт кеңістігі жатыр. Топонимиялық
жүйелердің арасындағы ұқсастық шағын тайпа тілінің үлкен тайпалық бірлестік тілдерінің
диалектісі ретінде сақталған деген көптен келе жатған пікірдің үнемі дұрыс бола
бермейтіндігін көрсетеді. С.Е.Малов кейде ірі тайпалық бірлестік тілдеріне ұсақ ру, тайпа
тілдерінің де әсері болатындығын айта келіп: «Можно предположить, что в древнее время в
языках крупных государственных обьединений Центральной Азии - уйгуров, киргизов и
огузов - имелись влияния языков, окружающих их, или подвластных им мелких тюркских и
нетюркских племен. Близкое соседство заставляло крупные народности заимствовать из языка
малых народностей то, что было необходимо для общения» дейді (26,3). Демек, қазақ
топонимиясындағы түрлі ұқсастықтар мен әртектіліктерді белгілі бір ортақ теория негізінде
қарастыруға болмайды. Олар жеке-жеке зерттеуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: