ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


АҚКҮШІК  – Тасқала ауданындағы елді мекен. АҚҚАЙРАН



Pdf көрінісі
бет144/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

АҚКҮШІК 
– Тасқала ауданындағы елді мекен.
АҚҚАЙРАН
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы су атауы. 
Аққайран 
– тұқы 
тұқымдас балық аты. Бірақ гидроним осы балық атынан қалыптасқан деп кесіп айтуға 
болмайды. Қазақстанның бастыс аймағында өзен-көлдің түбі көрініп жататын, тайыз бөлігін 
қайраң
деп атайды. Махамбет ақынның атақты өлеңіндегі мына өлең жолдары да соның куәсі:
Қайраңнан алған шабақтай 
Қия бір соғып ас етсем 
Қылқаның кетпес дер едім. 
Ендеше, 
Аққайраң 
- тайыз, әрі табаны құмды келетін бөлшегі. Мұндай үзіктер Жайық өзенінің 
бойында көп кездеседі.
АҚҚАСҚА
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.


95 
АҚҚОЗЫ
– Қаратөбе ауданындағы көл және елді мекен. Атау Қобыланды батырдың 
қол бастаған батырларының бірі, Алаша тайпасының Барамық руынан шыққан Аққозы 
батырдың құрметіне қойылған. Барамық руының бөлімінен ұраны да Аққозы батырдың атымен 
аталады.
Қобыландының баласы Бөкенбай қалмақтардан көлді тартып алып, оны батырға 
сыйлаған екен. Осы көл 
Аққозы
деп аталған. Аққозы туралы деректер бізге Қоржын ақын 
арқылы жетті. «Қобыланды батыр» жырының Қоржын жырлаған вариантында беріледі:
Қияқтан шыққан бес батыр 
Қарақозы, Аққозы -
Қатардан асқан қос батыр
.
»
жырда кездесетін 
Аққозы, Қоскөл,
Аққұм, Шыңғырлау

топонимдері облыс территориясында әлі күнге өзгермей сақталған. Аққозы кеншарының бір 
бөлімшесі Қоржын деп аталады. Осы жердегі үлкен төбені халық Аққозы батырдың бейіті деп 
көрсетеді.
АҚҚОРА
– Шыңғырлау ауданындағы жер аты. Қораның сыланған балшығана берілген.
АҚҚҰС 
– Жаңақала ауданындағы елді мекен. Жаңадан пайда болған елді мекендерге 
қойылған жасанды атау. Мұндай жасанды атаулар 1970-1980 жылдары қой шаруашылығын 
өркендетуге байланысты жастар бригадаларының көптеп ұйымдастырылуымен барлық халкоз, 
савхоздарға қойылады.
АҚҚҰМ
– Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарын қамтып жатқан құм атауы. Аққұм - 
тарихи жер. Бұрын осы жерде қала болған, онда Алшағыр ханның ордасы орналасыпты деген 
аңыз бар. Қала 12-14 ғасырларда өмір сүріп, кейін шапқыншылықтан қираған деген жорамал 
бар. Ел арасындағы әңгімелерге сүйенсек, Аққұм шаһарын Алшағырлдан өшін алған 
Қобыланды қиратқан екен дейді. Аққұм туралы «Қобыланды батыр» жырының Марабай ақын 
жырлаған вариантында деректер беріледі.
Бұл аңыздың негіссіз емес екендігін археологтардың зерттеулері де растайды. Олар 
жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде көне ақшалар, көптеген алтын білезік, сақиналар
көне қару- жарақтар – қайқы қылыштар, садақ жебесінің ұштары, қорамсақтар, 
темірсынықтары, үй тұрмысына керектізаттардың сынықтары табылған. Ол мұрағаттар 
облыстық өлкетану мұражайында сақтаулы. Алайда, бұл табылған мұрағаттар үлкен 
қорғанның қалдығы ғана. Аққұмдағы тарихи қорғандардың біразы кезінде аяусыз таланған. 
Алтын іздеушілер Аққұмды кезіп жүрген кездер болған. 
Аққұм өңірін «Қобыланды батыр» жырындағы сюжеттермен байланыстыратын 
деректер аз емес. Аққұмнан 60-70 шақырым жерде 
Қобыланды мазары, Қобыланды аулы
дейтін жерлер бар. Аққұмның тылсым сырын тануда онымен қатарлас орналасқан 
Хан орны, 
Шәр, Оқ атқан, Шымылдық, Едіге тоғайы, Қаратал, Қарауылтөбе
атауларының да мәні зор.
Аққұм тылсым сырға толы жер. Оның ортасында 
Жұмбақкөл 
деп аталатын көл де бар. 
Оны кез келген адам көре бермейді. Себебі, Аққұмның ортасындағы осы көл бірде жарқырап 
көрініп жатса, бірде көзден тасаланып жоқ болып кетеді екен. Көлдің 
Жұмбақкөл 
атануы да 
сондықтан. Аңыз желісіне негізделген осындай жер- су атауларының қалыптасу себептері мен 
жолдарын тану терең, салыстырмалы, кешенді зерттеуді қажет етеді. Сөздікте біз оларды атап 
кетумен ғана шектелдік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет