170
Ағалы үйдің қасында. Түйік менен түйіндік, Таң атқанша тарандық,
Таң ағарып атқан соң,
Төңірек жаққа қарандық. Қарап тұрсақ әр жерден, Жау бір өрттей қайнайды. Қайнағанмен
қоймайды, Мылтығын қардай боратып, Жетіп келді қамалға, Қамалды бұзып, аларға. Толғай-
толғай
өқ атқан, Он екі түтем жай тартқан, Қабырғасын қақыратқан,
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан, Біздің қайсар батырдың Жүрегін сөйтіп оятқан. Әскердің алды бөгелді,
Қырдан ойға төгілді, Орыс добын үш атты, Доптың үні шыққанда, Сонда батыр жөнелді. Және
өлмей батыр не үлкен, Ерсары менен Қалдыбай. Екі арыстан тең өлді, Жетім-жесір көп қалды,
Хан әскері кенелді. Қызғыштай болған есіл ер Қайран да жұрттан не көрді?!
Достарыңызбен бөлісу: