ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет80/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
3) 
-ты
қосымшасын моңғол тілінен енген кірме қосымша деп таныған 
Ғ.Қоңқашбаевтың пікіріне де айтар дәлеліміз бар. Бұл қосымша арқылы жасалған топонимдер 
автор көрсеткен моңғол кезеңіне дейін де Батыс Қазақстан даласында болған. 
Аңқаты
өзенінің 
атауы туралы мәлімет 921-922 жылдары осы дала арқылы бұлқарлар жеріне сапар шеккен араб 
саяхатшысы Ахмед ибн-Фадланның еңбегінде берілгенін қайталап көрсетеміз:
 
«Итак, мы 
переправились через реку Йаганды именно таким способом. После этого таким же образом 
переправились через реку Джам (
Бұл Жем өзені - Ұ.Е.
). Затем перешли через реки Джахыш, 
Узил, Эрдэн, Варыш, потом 
Анхаты,
Вабна - большие реки» деп жазды ол өзінің күнделігінде 
(30, 27). Демек, 
Аңқаты
өзенінің атауы моңғол әскері қыпшақ даласына келместен бұрын бар 
екен және дәл бүгінгі тұлғасында берілген. 
 
4) 
Ахмед ибн-Фадланның еңбегінен біз осы реликтілік тұлғаға байланысты тағы бір 
тың деректі кездестірдік. Оның жолжазбасында Х ғасырда 
Аңқаты
өзені өзгеріссіз берілсе, 


47 
дәл осы тұлға арқылы қалыптасқан 
Қалдығайты 
өзені 
Эрдэн 
деп аталған. Соған қарағанда 
Қалдығайты
топонимі 
Аңқаты
атауынан кейінірек кірме сөзге -
ты
қосымшасы жалғану 
арқылы қалыптасқан. Бұдан шығатын қорытынды: егер 
-ты
кірме қосымша болса, барлық 
атауға бір кезеңде жалғануға тиіс. 
 
5) 
-Ты
тұлғалы топонимдердің әр түрлі кезеңдерде қалыптасуы оның қазақ тілінің төл 
қосымшасы екендігін білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет