ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет79/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Мойынты, Шідерті
топонимдері таудың 
сыртқы пішініне байланысты қалыптасқан деп есептейді. Мысалы, таудың мойын тәрізді 
келуіне немесе саз топырақты болуына байланысты деген ұғыммен ұштастырады (86, 142). 
Ғалымның бұл топшылауды басшылыққа алуына себепші болған факторлардың бірі - 
Алматы 
топонимі. Ол Алматы сөзінің этимологиясын 
Алма тау 
тіркесімен байланыстырады да, оның 
құрамындағы -
ты 
тұлғасын 
тау
термині деп есептейді. Өзінің осы пікірін автор 
«Следовательно, мы имеем следующие географическое названия, оканчивающие на форманты 
-ты (-ті)
в значении 
гора 
и 
-сы (-сі) 
в значении 
река

Алматы
 - яблоневая гора, 
Архарты 

архаровая гора, 
Аршаты
- арчевая гора, 
Бугуты
- оленья гора,
Есикті
- дверь-гора,
 
Жаманты
- пологая гора, 
Өлеңті
 - луговая гора, 
Тобылғыты
 - таволожная гора, 
Шидерті
 - 
глинистая гора
и т.д.» деп аяқтайды. Сонымен, Е.Қойшыбаев 
-ты
реликтісін 
тау 
сөзінің көне 
түрі деп есептейді. 
Е.Қ.Қоңқашбаев 
-ты
қосымшасын моңғол тілінен енген, бір нәрсенің көптігін білдіретін 
кірме қосымша деп түсіндіреді (87, 94). Бұл пікірде біздің келіспейтін тұсымыз - оны таза 
кірме қосымша деп қарауы. Біздің ойымызша, бұл пікірлердің қисынсыздығының мынадай 
себептері бар: 
1) 
-ты
тұлғасы арқылы жасалған топонимдердің сан жағынан көп кездесетін аймақтың 
бірі - Батыс Қазақстан облысы. Ал Батыс Қазақстанда таулы жер жоқтың қасы. Сондықтан -ты 
қосымшасын «тау» сөзінің көне варианты деп топшылау шындыққа келмейді; 
2) 
Шідерті 
гидронимінің 
шідер 
сыңарын саз (глина) ұғымымен - байланыстыратын 
пікірмен де келісуге болмайды. Біз өзімізге дейінгі ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып 
және түркі тілдеріндегі салыстырмалы сөздіктерді негізге ала отырып
шідер 
сөзін түркі 
тілдеріндегі көне -
сүдер, 
-
седер, -шідер
сөзі «
жабын, көлеңке
» мағынасы ( яғни, шөбі қалың 
жер ) негізінде қалыптасқан деп топшыладық;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет