«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет16/76
Дата13.06.2024
өлшемі0,86 Mb.
#203355
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Әлсіз топқа 
індеті асқынып, бойын билеген самарқаулықтан әлі арыла алмаған сырқатты 
қосады. 
Мұндай топқа ертеңгі гимнастика, емдік гимнастика, жәй жүру, далада дем алып отыру 
сияқты жеңіл-желпі дене тәрбиесін тағайындайды. Жаттығулар оңай, сырқаттың өзіне белгілі болу 
керек. Әрбір жаттығуды жәй 2-3 рет қайталайды, кейін 4-6 ретке жеткізеді. 
Орташа топтағы 
адамдар 3 ай бойы ауру қайталанбай, өзін сергек сезінгендер. Мұндай 
адамдар ертеңгі гигиеналық (15%) және емдік гимнастикаға қоса, 5 км. жерге серуендеуге мүмкіндігі 
бар, 30-60 минут шаңғы теуіп, суға жүзіп, кейбір қысқы спорттық ойындарға қатысуға болады. 
Емдік гимнастикаға кіретін жаттығулар аса күрделі болмай өзіне белгілі түрлерін бірнеше 
рет қайталайды. Әр түрлі снарядтарды (таяқ, шоқпар, доп) пайдалануға болады. Әрбір жаттығуды 4-6 
рет қайталап, орташа жылдамдықта орындайды. 
Мықты топқа 
өзін сау адамдай сезінген, туберкулез белгілері білінбей, көңіл-күйі 
көтеріңкі, дене тәрбиесін дайындығы бар адамдар жатады. 
Мұндай кезде ертеңгі гигиеналық жаттығулар, емдік гимнастика, терренкур (жолмен 
біртіндеп жоғары көтерілу) жақын жерге саяхаттау, шаңғы, коньки тебуді 1-1,5 сағатқа дейін ұзартады, 
волейбол, теннис ойындарын 50 минутқа созады. 
Бұл топтағы гимнастиканың методикасы орташа топтан тек ұзақтығымен ғана ерекшелінеді. 
Жалпы өкпе тыныс алу ауруларына шалдыққандардан көп жаяу жүру талап етіледі. Тек 
жүрген кезде тыныс алудың ырғағына, тереңдігіне көңіл аудару керек. Мәселен, алғашқы кезде 1-3 
адам жасап ауаны ішке тартады, ал 2-3-4-5- дегенде сыртқа шығарады. Баспалдақпен көтерілгенде, 1-2 
сатыға жоғарылап, демді ішке тартып, 3-4 сатыда демді сыртқа шығарады. Дене тәрбиесін, жаттығулар 
жиынтығын одан әрі кеңейту әр адамның өзіне байланысты. Ал жасалған жаттығулардың нәтижесін 
өкпе-тыныс алу аппаратының қызметіне қарай анықтайды. 


Мәселен, ентігудің азаюы, тіпті жоқ болып кетуі, жөтелдің жоғалуы, кеуденің артуы – 
осының бәрі қадағалап қараса, күн өткен сайын науқас адамнаң өзіне айқындалып біліне бастайды. 
Осылай өзін шынықтыра отырып қауіпті деген індеттерден құлан таза айығып кетуге болады. Тек 
қандай ауру болмасын, дұрыс құнарлы тамақтану мен тазалықты, жағымсыз әрекеттерден (арақ, 
темекі, анаша т.б.) аулақ болуды талап етеді. Өйткені адам организмі сондай нәзік біртұтас дүние, 
бірімен-бірі тығыз байланысты, сондықтан емдік гимнастиканы орындап, темекіні бұрқырата тартып 
не арақты суша сіміріп жүрсе, оның ешбір пайдасы тимейді. Керісінше, бойдағы ауру асқынып кетеді.
Міне, тыныс жолдары ауруларына берілетін емдік гимнастика қысқаша осылай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет