«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет18/76
Дата13.06.2024
өлшемі0,86 Mb.
#203355
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Асқазан қабынуы гастрит 
деп аталады. Асқазан сөлі мен тұзды қышқылдың құрамына 
байланысты гастрит аз сөлді, сөлі көп және мүлде жоқ болып үш түрге бөлінеді. 

Асқазан сөлі аз және мүлде жоқ кезінде, бойдағы бұлшық еттің барлығына бірдей 


жаттығулар беріледі. Тек орташа жылдамдықпен, асықпай жасалады. Оның ұзақтығы 25-30 минут. 
Сол сияқты жаяу жүру, жәй жүру, жәй жүгіру, кейбір спорт ойындараның түрі, диафрагмалық (көк ет) 
тыныс алу кеңінен қолданылады. 
Ал сөлі көп адамдарға үлкен сақтықпен, әсіресе, іштің бұлшық етіне күш түсірмей, 
көпшілікке танымал жаттығулар беріледі. Мұнда аяқ-қол қимылдары кеңінен қолданылады, ұзақтығы 
30-35 минут. 
Емдік гимнастика ертеңгі гигиеналық дене тәрбиесіне бастап өз бетінше жүру, ескек есу
шаңғы тебу т.б. толықтырылады. 
Асқазан, ішек-қарынға жара шыққанда (язва) адамның дегбірін кетіріп, жанға батып 
ауырады. Ол көбіне ашқарында байқалады. Адамда әлсіздік, тынышсыздық, берекесіздік пайда болып, 
жұмысқа қабілеті төмендейді. Асқазан қыжылдап, айнып, құсуға дейін барады. Оның асқынған түрі 
адамға тіпті азап береді. 
Сондықтан аурудың белгілері байқалған бойда дәрігерге қаралып, рентгенге түсіп, жедел 
емделген дұрыс. 
Өзіне берілген арнайы емдердің ішінде адамның өзіне талап етілетін: уақытында дұрыс 
тамақтану, тынығып ұйықтап және емдік гимнастиканы қолдану. 


Емдік гимнастика ауру асқынбаған кезде жасалынады. Оның мақсаты: кең құрсақтың ішінде 
қан-лимфа айналымын, зат алмасуын жақсарту, жараның аузын бітеу, жараны тыртық қалдырмай 
тезірек жазуға, науқастың көңілін көтеруге негізделген.
Алғашқы кезде жаттығулар қол-аяқ қимылдарымен шектеледі. Құрсақ еттеріне күш 
түсірілмейді. Аяқты тізеден бүгіп жазғанда табанды төсектен көтермей жылжытып отырады. 
Жаттығулар қарқыны баяу, бәсең болады. Ұзақтығы 15-20 минут. 
Палаталық режимдегі науқас әр түрлі қалыпта (отырып, тұрып, жатып) барлық бұлшық 
еттерді қозғайды, тек құрсаққа күш түсірмейді. Ірі буындар қимылы жай қарқынмен орындалып тыныс 
алуды қадағалайды. Жаттығулар жасағанда барлық ой-өрісті соған бағыштайды. Бұл кезеңде 
жаттығудың ұзақтығы 30 минутқа ұзарады. 
Бос режимде науқас көтеріңкі куатпен жұмыс істейді. Ақырындап іштің бұлшық еттерін де 
қосады. Тек күш жұмсайтын, зорлайтын жаттығулар керек емес. Адамды еңбекке баулап, бау бақшада, 
аулада жұмыс істеуге икемдейді, суда жүзу сияқты дене шынықтырудың түрлерін біртіндеп қосып 
отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет