Массаж халықтық медицинаның үлкен бір бөлігі. Ол барлық жер шарына кеңінен тараған.
Сондықтан емдеу әдістерінің еі негізгі тарауы болып құрамына кіреді.
Қазіргі кезде Шығыс және Батыс массажы деп екіге бөлінеді. Батыс массажына классикалық
және сегментарлық, ал Шығыс массажына нүктелі (бір нүктеге қарап) және жүйелі (дененің бөлігіне
жасау) массаждар жатады.
Кейінгі кезде өскелең өмірдің талабына байланысты массаждың тәсілдері мен әдістері де
толықтырылып келеді. Оның жаңа қолайды түрлерін ойлап шығаруға ұмтылуда. Дегенмен қазақ
тілінде шыққан туындылар жоқтың қасы. Ол қазақ тілінде массаж болмады деген сөз емес, соны
жеткізіп, халық арасына тарататын мамандардың жеткіліксіздігі. Мәселен, омыртқа тұтасып
ауырғанда балалардың аяғы мен нығарлап бастыру, немесе бір қолмен теріні тартып, екінші қолмен
үзу, іскен жерді сипау, сынған сүйектерді қолмен сылап - сипай отырып орнына түсіру. Осының барі
біздің елде массажды ғасырлар бойы емдік мақсатта шеберлікпен қолданылғанның айғағы.
Массаждың осындай қарапайым түрлерінен адамдар жеңілдік алады: құрысқан жері
жазылып, ауырған жері басылып көңіл бір бөлек – күйі бір бөлек көтеріледі, сергиді.
Медицинаның дамуына байланысты соңғы жылдары барлық емдеу – профилактикалық
орындарда массаж бөлмелер ашыла бастады. Білікті мамандар да жыл өткен сайын көбеюде. Массаж
халықтық медицинадан ресми түрде ғылыми медицинаға ауысты.
Достарыңызбен бөлісу: