Басқа емдеу әдісінің ішінде ең тиімдісі – дене тәрбиесі. Омыртқа сырқатындай, қазтабан
болған адамның да организмін шынықтырып, нығайтуға әсері мол. Осыған орай емдік гимнастиканың
белгілі әдістері мен методикасы толық қамти беріліп, әлсіз органды жетілдіреді.
Аяқтың бұлшық еті мен сіңірін созылғыш қалыпқа келтіруде гимнастикалық жаттығулардың
орны бөлек. Алғашында салмақ түсірмейтін жаттығулар жасайды. Ал қан айналымын жақсарту үшін
массаж және жылытатын емдеоді қоса қолданады (балауыз, балшық, тоқ т.б.).
Қазтабан болған адам күнде тәңертең 5-6 минут арнайы жаттығулар жасайды. Оны жалаң аяқ
жүруден бастайды.
Алдымен табанды толық тіреп, кейін аяқтың ұшымен жүреді. Одан соң сәл
жүреден отырып, табанның сыртымен жүріп, ақырында аяқтың ұшымен секіріп жаттығуды аяқтайды.
Орындықта отырып аяқты созып, ұшын бүгіп бір нәрсеге қатты тірейді; бүгілген
саусақтарды еденге тірейді; саусақтармен ұсақ заттарды жерден теріп алады.
Осындай жаттығулар
арқылы жіліншік бұлшық етін, саусақтарды қимылға келтіретін ұзын
еттерді, сіңірлерді жетілдіріп нығайтады. Соның нәтижесінде табанды қалпына келтіреді. Арнайы
жаттығулар жинағын мектепте дене шынықтыру сабағына енгізсе, тіпті жақсы.
Тәжірибе
көрсеткендей, емдеуі балалар арасында неғұрлым ерте бастаса соғұрлдым нәтижелі болады.
Аяқ киімнің ішіне супинатор салу ел арасында көп тараған. Бұл арнайы пластмассадан
жасалған ұлтарақ, оны табанға салғанда қазтабан жөнделмейді, тек аяқ шаршауы, ауруы кемиді. Оны
көп қолданса, адам үйреніп алып шешпей қояды. Бірақ ұзақ кигеннен бұлшық еттер мен сіңір
жетілмей, керісінше семіп қалады. Сондықтан оны салғанда да жаттығуларды міндетті түрде орындау
керек.
Дене тәрбиесінен жаттығулар жинағы қандайкөмек бергенін анықтауға болады. Оның
бірнеше әдісі бар. Ең кең тараған танымал түрі – плантография. Ол үшін табанды 10%
боялған жер
неғұрлым көп болса, онда қазтабан нағыз өзі. Жаттығуларды әрі қарай жалғастыра беру керек.
Нәтижесін жоғарыдағы әдіспен анықтап отыруға болады.
Түрегеліп тұрғанда екі аяқтың басын екі жаққа жіберіп, тұруға, тіпті жүруге де болмайды.
Өйткені салмақ табанның ішкі қырына түседі, содан барып өкшенің қисайып кетуі ықтимал.
Дайындық бөлімінде берілген жаттығулар жіліншік бұлшық еттерін бірде босаңсытып, бірде
қатайтып, аяқтың басын дұрыс ұстауға дағдыландырады.
Негізгі бөлімінде адам жүрісін ықшамдап,
тепе-теңдік қалпын, денені тік ұстауды
қалыптастырады. Сол үшін аяқ саусақтарына қатысты бұлшық еттерді шынықтырады (башбайлармен
ұсақ заттарды қамтып ұстау, оқтауды сырғанату, допты дөңгелету т.б.).
Қорытынды бөлімінде тек берілген жаттығулар емес, емдік гимнастиканың бұқаралық түрін
кеңінен қолданады. Мәселен, суда жүзу «кроль», шаңғы, коньки тебу, жақын жерге жорыққа шығып,
жазық жолмен жоғары көтерілу. Тек аяққа көп салмақ түсіретін ауыр зат көтеруге болмайды, секіретін
жаттығулар жасалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: