Афазия дегеніміз бас миының жайылмаған зақымына байланысты сөйлеу тілінің толық немесе жарым-жартылай жойылуы



Дата11.11.2019
өлшемі82,5 Kb.
#51562
Байланысты:
А Ф А З И Я
Мүмкіндігі шектеулі баланың сенсорлық даму ерекшеліктері., Мүмкіндігі шектеулі баланың сенсорлық даму ерекшеліктері., Бала өмірі кімнің қолында
А Ф А З И Я

Афазия дегеніміз бас миының жайылмаған зақымына байланысты сөйлеу тілінің толық немесе жарым-жартылай жойылуы.

Афазияның пайда болу себебі мидың қан айналымының бұзылуынан (ишемия,геморрогия) зақымданудан,ісіктен,бас миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан болады.Қан тамырларының бұзылу салдарынан болатын афазия көбінесе ересек адамдарда пайда болып қалыптасады.Бас ми қан тамырларының (аневризм) кеңейіп жарылуының,тамырлардағы қанның ұюынан (тромбоэмболий) бітеліп қалуының,жүректің бұлшық еттерінің (ревматизм) шаншып ауруынан кеселденуінің (порок) және бас сүйегі мен мидың зақымдануының нәтижесінде афазия жасөспірімдер мен жастарда да жиі байқалады.

Афазия бас миының қан айналымның шамамен үштен бірі бұзылған жағдайда пайда болады және көбінесе қозғаушы (моторная) афазиясы жиі байқалады. (Е.В.Шмидт, Т.А.Макинский, 1979 Э.С.Бейн 1964). Балалардың афазиясы тек бас сүйегі мен мидың зақымдануының,ісіктің пайда болуының немесе жұқпалы аурудан кейінгі асқынудың салдарынан ғана болады.

Афазия дегеніміз мидың өте қатты зақымдануының зардабынан сөйлеу тілі құрамының барлық бөліктерінің жүйесі бұзылған ақаулық..

Афазиядағы сөйлеу тілі бұзылуның күрделілігі зақымның орнына мысалы,ми қыртысы астындағы бөлігіне қан құйылған кезде болған зақым ошағы орналасқан жері сөйлеу тілінің өз еркімен қалыптасуына үміттенуге мүмкіндік береді (зақым ошағының көлеміне,сөйлеу тілі қызметінің сақталған элементтерінің ұалдықтарының және функционалды ерекшеліктеріне байланысты)

Афазияның кез келген негізінде сөйлеу тілін түсінуінің,жазуының,оқуының,есептеуінің өзіне тән өзгеше жүйелікпен бұзылуына әкеп соғатын динамикалық немесе конструкциялық машыққан немесе әдеттенген қимылдарды өте дұрыс,бұлжытпай орвндауының (праксиса),фонематикалық есіту қабілетінің,артикуляциялық аппаратының мақсатты бағытта қимылдау (апраксии) қабілетінің (нейрофизиологиялық және нейропсихологиялық) қайсы бірінің бастапқы бұзылуы жатады.Афазияның кезінде ауыз екі сөйлеу тілі,сөзді есінде сақтауы, фонематикалық есіту қабілеті,сөзді түсінуі,жазуы,оқуы,есептеуі сияқты сияқты сөйлеу тілі әрекетіндегі көріністердің әр түрлі деңгейдегі орындалуы ерекше жүйелілікпен бұзылады.Афазияның кезіндегі сөйлеу тілін,бұзылуын анықтауға нейрофизиология қалай үлкен үлес қосса,нейропсихология мен лингвистика да сондай үлес қосады.

1861 жылы франсуздың П.Брока деген дәрігері афазиямен ауырған адамның бас миының үшінші маңдай қатпарының артқы бөлімін қамтитын сол жақ орта тұсындағы ми күре тамырын жұмсартып кеңейгенін көрсетті.Брока мандай миының бөлімінде ауыз екі сөйлеу тілінің жинақталған орталығы барын дәлелдедім деп есептейді.1874 жылы Вернике 10 ауру адамның бас ми қабығының сол жағындағы самай бөлімінің зақымдауынан сөйлеу тілін түсінуінің бұзылуын және сөйлеу тілі мәнерлілігінің, оқуы мен жазуының өзгеше болып бұзылуын түсіндіріп жазды.Бұл оған сенсорлы сәзге түсінбейтін афазияның дамуын жоғарғы самай қаптарының арты жағының үштен бір бөлігінің жинақталған патологиялық ошағымен байланыстыруға негіз болды.

Неврология,лингвистика, психология,физиология ғылымдарынын дамуына байланысты афазияны топтастырудың әртүрі кездеседі.Сонғы уақытта Р.Лурияның афазияны нейропсихологиялық тұрғыдан топтастыруын ми қыртысының күрделі әрекетін ұйымдастыруға А.Р.Лурияның нейропсихологиялық тұрғыдан қарауы И.П.Павловтың, Н.А.Бернштейннің және П.К.Анохинның әрекетті жүйелілікпен ұйымдастыру және кері афференттік туралы ашқан жаңалықтарының,сондай-ақЛ.С.Выготскидің,А.Н.Леонтьевтің және басқа психологтарының және психологиялық көзқарастарының жалғасы болып саналады.1947 жылы А.Р.Лурия ми қыртысының күрделі әрекетінің жүйелі құрлысы және оның динамикалық, кезектікпен орналасу туралы қағидасын тұжырымдайды. Ол адамның психикалық әрекеттерін және танылатын процестерін зерттеудің тәсілдерін өңдеп жетілдіреді. А.Р.Лурияның ұсынған нейропсихологиялық тәсілі әр түрлі симптомдарды және синдромдарды, мидың кез келген құрамы зақымданған кезде пайда болған симптомдардың үйлесу заңдылықтарын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл тәсілді қолданудың нәтижесінде афазияның қандай түрлерінінің бар екенін біліп қана қоймай, сонымен бірге бас миының зақымданған жеріндегі дертті де анықтауға мүмкіндік береді. Олар афазияның кез келген түрінде сөйлеу тілі әрекетінің бұзылатындығын дәлелдеді.

А.Р.Лурия афазияны бас миы қыртысының самай бөлігінің зақымдануынан пайда болатын акустико-гностикалық және акустико-мнестикалық афазия,бастың төбе ми қыртысының ішкі бөлігінің зақымдануынан пайда болатын семантикалық және афференттік моторлы афазия,бас ми қыртысының қимыл алды және маңдай арты бөліктерінің зақымдануынан пайда болатын эфференттік моторлы афазия және динамикалық афазия деп алты түрге бөлінеді.


АФАЗИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ.


Акустико-гностикалық сенсорлы афазия. Сенсорлы афазияны ең алғашқы рет немістің психияторы Вернике сипаттады. Ол сенсорлы афазияның бас миының сол жақ жарты шарының артқы жағындағы үшінші жоғарғы самай қыртысының зақымдануынан пайда болатынын көрсетті. Афазияның бұл түрінің ерекшелігі естіген сөзді қабылдау түсінігі бұзылады. Афазияның бұл түріндегі түсінуінің бұзылу себебі ұзақ уақытқа дейін түсініксіз болып келді. Тек 20 ғасырдың 30 жылдарында бұрынғы кеңес психологтары акустикалық агнозия фонематикалық есіту қабілетінің бұзылу себебінен пайда болатынын анықтады.

Акустико-гностикалық афазияда жазу тілі оқуына қарағанда қатты бұзылады,себебі ол фонематикалық есіту қабілетінің жағдайына тікелей байланысты болады.


Акустико-мнестикалық афазия самай миының орталық және артқы тұсындағы бөліктерінің зақымдалуынан пайда болады./ А.Р.Лурия; 1969,1975,Л.А.Цветкова 1975/.

А.Р.Лурия есту қабілеті белгілерінің қатты тежелуінен есіткен сөзді жадында сақтауы төмендейді деп есептейді. Бұндай ақаулықтар сондай-ақ буындар мен сөздердің тізбектерін қайталағанда да байқалады.

Жекелеген сөздерді қайталау қабілетінің біршама сақталуы мен мағынасы бір-бірімен үйлеспейтін үш-төрт сөзді қайталау мүмкіншілігінің бұзылуының /мысалы: қол-үй-аспан; қасық-төсек-мысық; арман-үй-құлақ және т.б./ араларындағы диссоциация психикалық процестердің байланыстарының бұзылуы акустико-мнестикалық афазияға тән қасиет. Әдетте ауру адам өзіне тапсырылған сөздердің алғашқысын және соңғысын,ал одан гөрі қиындау сөздердің тізбектерін бергенде барлығын бірдей есіне сақтай алмайтындығын айтып,тек біреуін ғана қайталайды. Берілген сөздерді екінші қайтара мұқият таңдап алғанның өзінде тізбектің реттік қатарын сақтай алмайды немесе біреуін қалдырып айтпай кетеді.

Есіткен сөзді жадында сақтауының бұзылуы афазияның басқа түрлерінде де байқалады,бірақ бұл кемістік тек акустико-мнестикалық афазияның ғана негізгі ақуалы болып саналады.,өйткені онда фонематикалық есіту қабілеті мен дыбыс шығаратын сөйлеу тілі мүшелерінің қызыметі бұзылмаған. Аурудың айналасындағылармен қарым-қатынастағы сөйлесу белсенділігінің жақсы жетілгендігі байқалады.



Семантикалық афазия бас миының жарты шарының артқы төбе аймағындағы сөйлеу тілі жөнінен үстемділік/доминантты/ орталықтарының зақымдануынан пайда болады. Бас миының сол жақ жарты шарының артқы төбе бөлігі зақымдалған кезде сөйлеу тілінің синтагмалық құрылысының жақтығы сақталады,сөздің дыбыстық құрамына керекті дыбысты іздестіруі ешқандай байқалмайды,естіген сөзді есіне сақтауы төмендейді немесе фонематикалық есіту қабілеті бұзылмайды.

Семантикалық афазияда керекті сөзде немесе заттың атын өз бетімен іздестіріп табуда өзіне тән өзгешелігі бар амнестикалық қиыншылық байқалады, ауру адам лексикалық сөздердің септелу және жіктелу үлгісін /парадигмы/ табуда қиналғанда заттың іс-әрекетін жәнесапасын сигматикалық әдіспен сипаттауға тырысады, демек сөзді басқа сөзбен алмастырмайды\вербальные парафазии\,бір сөздің орнына бүтін сөйлемді айтады.Ия,әлгі жазатын нәрсе сол, әлгі кесетін нәрсе сол және т.б.,ал бір жағынан афазияның бұл түрінде тілдің сөйлем құрылысын түсінбейтін өзіне тән ерекшелігі бар \импрессивный аграмматизм\. Септелгенде,жіктелгенде өзгерген сөздердің және қосымшалардың жалғануы арқылы туған жаңа сөздердің сөйлем құрамына әр түрлі септеулік шылаулармен тіркесіп сабақтасқандағы грамматикалық өзара байланыстарын және мағналарын түсінудегі ауытқуын импрессивтік аграмматизм деп атайды

Аурулар себеп-салдарға, уақытқа және кеңістікке байланысты есімше мен қосымша тіркестерін көрсететін күрделі синтаксикалық байланыстарын бірден түсіне алмайды. Мысалы “мен асханаға апайыммен сойлескен соң кеттім”деген сөйлемнің мағынасын немесе ”ылғал болды, сондықтан жаңбыр жауып тұр” деген сөйлемнің қисынсыздығын түсінбейді.

Семантикалық афазияда метефораны, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді түсінуі мүлдем жойылады, олардың мағыналарының астарын түсінбейді, есептеу, санау қабілеті бұзылады.



Афференттік моторлы афазия бас ми қыртысының төбеден төменгі және тұрақты орталық бөлімдерінің қосымша аймағында орналасқан артқы орталық немесе Ролланд атқызының /борозда/ зақымдануынан пайда болады.

Афференттік моторлы афазияға тән ерекшелік ол күрделі буындардың құрамын таңдаудың қиындығы. Аурулар тұйық буындарды екі ашық буынға бөлшектейді, буындағы дауыссыздардың тіркесіп қатар келген жерін бөлшектейді, дауыссыз дыбыстарды түсіріп қалдырады.

Сондықтан да тон,жаз,мал, сөздерін то-н,жа-з,ма-л деп айтады

Зақымданудың немесе инсульттің алғашқы кезеніңде аферентті афазияда сөйлеу тілін түсінуі өрескел бұзылатындығы байқалады. Бірақ ол көпке созылмайды, инсульттан кейінгі бір немесе бірнеше тәуліктен кейін олрдың ауыз екі сөйлеу тілін,жеке сөздердің мағынасын, жеңіл-желпі нұсқауларды түсініп орындауы қалпына келеді.



Эфферентті моторлы афазия.Түзу,уақытша үйымдасқан қимыл бас ми қыртысының алдынғы аймағында іске асырылады.Матасудың қатаң заңына бағынатын сөйлемдегі сөздердің,буыньардың,дыбыстардың синтагматикалық тұтас синтаксикалық ырғақ-мағыналық бірлігі тізбектелуі пайда болады.Мысалы :сабақ деген сөздегі дыбыстардың реттік қатары міндетті түрде тек солай тұруы керек.

Эфферентті моторлы афазия орталық ми тамырларының сол жағындағы тармақтарының зақымдауынан пайда болады. Олдағдыдағыдай бағдарламаның қимылын игеріп алуы мен еске түсіруінің қиындығын көрсететін кинестетикалық ауытқуымен \апраксиясымен\ қоса жүреді. Ми қимылы бөлімдерінің алдынғы жағының зақымдануы дыбысқа,буынға және лексикалық орын ауыстыруына және персеверацияға \патологиялық қайталау\,қайталап айтуына еліктеп сөйлеуінің патологиялық енжарлығын туғызады.Сөйлеу мүшелерінің бір әрекеттен екіншісіне дер кезінде ауысуына мүмкіндігі болмауының сальарынан персевеациясында,буындардың, сөздердің еріксіз қайталауында қиналады,ал кейде оқуы,жазуы, ауызекі сөйлеу тілі толығымен орындалмайды.Әрескел бұзылған эфферентті моторлы афазияның алғашқы кезеңінде ми қан айналымы бұзылғаннан кейін өзінің сөйлеу тілі мүлде болмай қалуы мүмкін.

Афазияның бұл түріндегі сөйлеу мүшелері аппаратының жеке дыбыстарды қайталауында қиналмайды,керісінше буындардың немесе дыбыстардың көп сериясын қайталауда қиналатындығы байқалады.Афазияның бұл түрінде мақалдарды,астарлы сөздерді,көп мағыналы сөздерді толық түсінбейтіндігі байқалады.Оқуы мен жазуында да айтарлықтай қиындықтар кездеседі.Мысалы,сөздер мен сөз тізбектерін тек буындап айтқанда ғана жазуы мүмкін.Бұл афазияның жеңіл түрінде оқу қабілеті сақталғанмен оның мазмұнын тусінуі қиындыққа соғады.

Динамикалық афазия ми сынарларының сөйлеу тілінің маңьай арты бөлімінің сол жағындағы орталық үстемділік жүйкесі зақымданған кезде пайда болады,немесе үшінші функционалды блок деп аталады.Ол блок сөйлеу тілі қызметінің белсенділігін,реттеуін және жоспарлауын қамтиды.

Афазияның бұл түріндегі сөйлеу тілінің негізгі ақаулығы сөзді қиналып айтатындығы,ал кейде емін-еркін белсенді сөйлеуге мүмкіндігі мүлде болмайтындығы.Динамикалық афазияда жекелеген дыбыстар дүрыс айтылады,сөздерді және қысқа сөйлемдерді артикуляциясының қиындығынсыз қайталайды,бірақ сөйлеу тілінің қызмет қатынасы әйтседе бұзылыды.Өрескел бұзылуы тек сөйлеу тілінде ғана білініп қоймайды,сонымен бірге оның жалпы еріксіздігі де,ынжықтығы да байқалады және нағыз эхолалия,ал кейде эхопраксия да пайда болады,кейде әнгімелеуші адамның тек сөйлеген сөзін ғана емес,өзіне қойылған сұрақтарын да,тіпті жасаған қимылдарын да өзі аңғармай соған еліктеп қайталайды.

Динамикалық афазияның мәнерлі сөйленуінің мүлде жоқтығынан бастап сөйлеу тілінің қатынастық бұзылуынын кейбір дәрежесіне дейін коммуникативтік қызметінің бұзылуы дәрежесінің әр түрлілігін сипаттайтын бірнеше түрлері болады. Динамикалық афазияның негізінде жекелеген қысқа сөйлемдерді құрастыру кезінде оны жоспарлауының қиындығы байқалатын сөйлейтін сөзінің іштен ойлап бағдарлауының бұзылуы жатады.Сөйлегенде сөздерін әрқашан сүйемелдеп тұрғанды науқастар өте керек етеді.Олардың сөйлеу тілдерінде синтаксикалық құрлысынын қарапайымдылығымен жәнедағдылы құрғақ еліктеу сөздерімен көзге түседі,бұндай кезде аграмматизм байқалмайды. Динамикалық афазияның негізгі бөлімі өз еркімен байланыстырып сөйлеуінің бұзылуы болады.Сюжетті бейнелі сурет бойынша әңгімелеу кезінде жекелеген және бір-бірімен байланысы жоқ оқиға үзінділері айталады,ал мағынасының негізгі желісі көрсетілмейді.

Динамикалық афазияда заттарды атаған кезде,әсіресе таныс адамдардың әкесінің немесе өзінің есімдерін,қалалардың,көшелердің жәнетағы басқалардың аттарын атаған кезде жалған ұмытшақ бола бастау қиындығы (псевдоамиестические\ байқалады.Акустико-мнестикалық семантикалық афазияға шалдыққан науқастардың айырмашылығы бұлар заттың атын атау үшін атқаратын қызметін фразиологиялық тұрғыда баяндап суреттемейді,сөздің бірінші буынына демеу беріп айтып жіберу оның іздеген сөзін табудағы селқостығын сеілтіп түйықтап шығып кетуіне түрткі болуы мүмкін.Сөйлеу тілі барысынын селқостығы салдарынан санды аяғынан бастап басына қарай қатарымен санап шығу тапсырмасын орындай алмай едәуір қиналады.

Маңдай миының сол жағы кең көлемде зақымданған кезде,ойлау ниетін және мінез қүлқын, тәртібін бағдарлауы қатты бұзылады, айналасындағылармен ісі болмайтыны байқалады,өтінішін ешуақытта тұжырымдап айтпайды, сұрақтар қоймайды. Өз еркімен мүлде сөйлеу алмауы мүмкін. Диалогикалық сөйлеу тілі өрескел бұзылған және сұрақтарды қайталауы эхолалиямен сипатталады.

Бұдан гөрі жеңілдеу жағдайда көбінесе әнгімелесушінін сұрақтарын эхолалиялап пайдаланады,ондай жағдайда сөздің граматикалық құрылысының сыртқы көрінісін дұрыс келтіреді.Мысалы, «сіздер бүгін тамақтандыңыздар ма?» деген сұраққа: «біздер бүгін тамақтандық» деген жауап береді. Сөйлеу тілінде көп персеверация байқалады.Мысалы, науқастардың өздері қарындаш деген сөзді «әртүсті» деген сөздің көмегімен айтып,келесі көрсетілген заттарды (қасық,гүл) алдынғы айтқан сөзді жалғастырып,шай қарындаш, темір қарындаш дейді. (шай қасық,темір қасық деп айтудың орнына).

Қимыл алды (премоторный) жүйелерінің зақымдануы кезігде тек толық айтылатын сөзінің түпкі ойы ғана емес,сонымен бірге әңгімені оқығанда желісін түсінуге қажетті сөйлеу тілі құрылысының орамдылығы да бұзылады.

Динамикалық афазияның жеңіл түрінде біршама баяу қарқынмен, арасына үзіліс жасап айтылған қарапайым сөйлеу тілін түсіну сақталады,бірақ ұсынылған тапсырманы тездеткенде,бейнелі суреттерді адамның дене мүшелерін көрсеткенде персеверациясы және заттың тұрған орнына таба алмау қиындығы байқалуы мүмкін,сөздің мағынасынан өгейсініп түсінбей қалатындығы пайда болады.

Динамикалық афазияда да эфференті қозғаушы афазиядағы сияқты сөйлеген сөзді түсінуі бұзылатындығы білінеді,күрделі сөйлемдердің мазмұнын түсінбейтіні,әсіресе өзінің түсінігіне жеңіл болу үшін сөйлемдердегі сөздердің орындарын ауыстырып қоюды талап ететін инверсиялау қиындығы пайда болады.

Динамикалық афазияда оқуы мен жазуы сақталған және олар сөйлеуін қалпына келтіру мақсатына қызмет етеді.

Динамикалық афазияда қарапайым санау-есептеу амалдары тіпті сөйлеу мәнері өрескел бұзылған кезде де сақталады,бірақ афазияның бұл түрінде дұрыс шығару үшін жоспар құруды талап ететін арифметикалық сөз есептерді шығару күрт бұзылады. (А.Р.Лурия, Л.С.Цветкова, 1966)

Жарақаттанғанда немесе мидың қан айналымының бұзылуынан көршілес жатқан сөйлеу тілі аймағының немесе бірнеше ошақтарының зақымдануына байланысты,афферентті-эфферентті, динамикалық-эфференттік және сенсомоторлы афазиялардың барлық түрлері қосылған аурулары жиі кездеседі.

Афазияға шалдыққан кездегі мидың күрделі қыртысының қызметін зерттеудің жалпы мазмұны төмендегідей жүргізіледі:

1.Сөйлеу тілі қатынасының жалпы қабілетін зерттеу сөйлеу тілінің толықтығын, күнделікті тұрмыста қолданатын сөйлеу тілін түсінуін, сөйлеу тілінің белсенділігінің дәрежесін анықтау мақсатымен ауруымен әңгімелесу.

2.Сөйлеу тілін түсінуін зерттеу. Бір және көп бөлімді арнайы нұсқауларды естіртіп айтады: заттарды іздеп табу тапсырылады; қысқа әңгімені есту бойынша айтып береді; логика-грамматикалық құрылысты шешеді.Фонометикалық есту қабілеті; естігенді жадында сақтауы; мақалдардың мағынасын түсінуі тексеріледі.

3.Сөйлеу мәнерін зерттеуге: машықтандырылған сөйлеу тілі дыбыстарды,буындарды,күрделілігі әр түрлі дәрежедегі сөздерді қайталануы бейнелі суреттегі заттарды атауы,іс-әрекеттердің қимылдарын атауы,бейнелі суреттегі оқиға желісіне қысқа сөйлемдер және әңгіме құрастыруы, оқыған әңгімесін айтып беруі жатады.

4. Оқуын,жазуын және есебін зерттеу.

5.Ауыздың (оральный), кеңістіктің және динамикасының әдеттегі қозғалуын (праксис) зерттеу.

6.Акустикалық және оптикалық аңғаруын (гнозис) зерттеу. Ми қыртысының қызметін тексерудің қортындысын жинақтап афазияға шалдыққан аурудың сөйлеу тіліне жалпы сипаттама жасалады.Онда фонематикалық есту қабілеті, ингрессивтік аграмматизмі,тапсырманы орындағанда патологиялық қайталауы (персевератьность) жеке сөздерді және күрделі нұсқауларды түсінуң,фраиологиялық оралымдары,сөйлеу тілін естуінде жадында сақтауының ерекшелігі сияқты,сөйлеу тілін түсінуінің бұзылу дәрежесі сипатталады.Сөйлеу мәнерінің патологиялық қайталануының (персеверация), сөздік (вербальный) және дыбыстық (литеральный) парафазияның, жеке сөйлемді сөздерді,дыбыстарды қайталау мүмкіншілігінің, қарапайым және көп сериялы бейнелі суреттер бойынша қысқа сөйлем құрастыру және заттарды атау мүмкіншілігінің бұзылу дәрежелері белгіленіп көрсетіледі.Ішінен оқу,жазу,нұсқауларын орындау, өрескел бұзылған оқуында жеке сөздерді тану, қысқа сөйлемді,сөздерді,дыбыстарды жазу, өздігінен жазу мүмкіншілігі,дыбыстық (литеральный) және сөздік (вербальный) парафазиясы, сөйлемдегі әріптердің буындардың және сөздердің түсіп қалуы және орын алмастырылуы,патологиялық қайталауы (персеверация) міндетті түрде көрсетіледі.

Аурудың математикалық амалдарын орындауын ондық сандардан өтіп санау мүмкіншілігін,оральдық артикуляторлық ауытқуларын (апраксия), динамикалық немесе конструкциялық-кеңістік ауытқуын,акустикалық және оптикалық аңғаруының (гнозис) сақталуын тексереді.Ауруды мұқият тексеруден өткізеді (сұрау,психологиялық байқау), (тесты) Жанжақты нейропсихологиялық (құрамы врач,психолог,логопед) тексерудің нәтижесінде афазияның түрі және оның барлық қызметтерінің бұзылу дәрежелері туралы қорытынды жасалады.




Қолданылған әдебиеттер.

1.Афазия и востановительное обуение. изд.Москва «Просвещение» 1988г

2.Основы дефектологии. В.Лапшин. Б.Пузанов

изд.Москва «Просвещение» 1990г.

3.Психология умственно отсталого школьника.

С.Рубинштейн изд.Москва «Просвещение» 1986г.

4.Логопедия Л.Волковой изд.Москва «Просвещение» 1989г.

5.Дефектология №1 2000г,№6 2002г,№3 2004г.



АФАЗИЯНЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ

Афазияны жою жөніндегі логопедия жұмысына жалпы дидактикалық негізінде оқыту пайдаланылады (көрнектілігін,түсініктілігін, саналығын және басқалар), алайда осыған байланысты,сөйлеу тілі қызметін қалпына келтірудің үйрету жұмысын қалыптастырудан айырмашылығы бар, жаңа сөйлей бастаған балаға қарағанда сөйлейтін және жазатын ересек адмның миындағы қыртыстың күрделі қызметі біршама басқаша құрылған. (А.Р.Лурия, 1969, Л.С. Выготский 1984), педагогикалық түзету жұмысын жоспарлағанда негізі төмендігей қағидаларды басшылыққа алған жөн.

1.Сөйлеу тілі қызметін қалпына келтірудегі педагогикалық түзету жұмысының тәсілдерін таңдау кезеңге немесе сатыға байланысты.Инсульттан кейінгі алғашқы күндеріндегі жұмыс сөйлеу тілін қалпына келтіру барысында аурудың біршама енжарлықпен қатысуы арқылы жүргізеді.Сөйлеу тілі қызметінің тежелуін түзететін және алғашқы кезеңде қалпына келтірілген эфферентті моторлы афазиядағы кездесетін литеральды парафазия сияқты сөйлеу тілінің бұзылуынан алдын ала сақтандыру тәсілдерін пайдалады. Сөйлеу тілі міндетін қалпына келтірудің ең соңғы кезеңінде ауруға тілін түзету жұмысының жолын және жоспары түсіндіреді,тілін түзету жұмысына пайдалануға болатын көрнекі құрал беріледі.

2.Педагогикалық түзету оқуының жүйесі не алғашқы бұзылған функцияларын қалпына келтіруге,не болмаса сөйлеу тілі қызметінің сақталған бөлімдерін қайта құруға мүмкіндік беретін жұмыс тәсілін таңдауды ұйғарады.Мысалы,сенсорлы афазиядағы фонематикалық есту қабілетін қалпына келтіру барысы сақталған оптикалық және кинестетикалық қабілеттерін пайдалану жолымен іске асырылады,ең бастысы, дыбыстығының жақындығы бойынша сөздерді мағынасына қарай ажырату (дифференциялау).

3. Алғашқы нейропсихологиялық алғы шартының қандайы бұзылғанына қарамастан афазияның кез келген түріндегі сөйлеу тілінің: сөйлеу мәнері,түсінуі,оқуы және жазуы сияқты барлық жақтарымен жұмыс жүргізеді.

4.Афазияның барлық түрлерінде сөйлеу тіліне өздігінен бақылауы дамытылады,сөйлеу тілінің қатынас қызметі қалыптасады. Тек аурудың өз қатесін түсінген жағдайда ғана сөйлеу тілін бақылау үшін, әңгімесін жоспарлау үшін, литеральды және сөздік (вербальный) парафазияны түзету үшін жағдай туғызуға болады.

5.Афазияның барлық түрлеріндегі сөз түсінігін қалыптастыру үшін әр түрлі сөз тіркестеріне қосып жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.

6.Түзету жұмысының барысында әртүрлі сыртқы тіректі жан-жақты пайдаланады.Бұндай тірекке динимикалық афазияда өздігінен толық сөйлеуін қалыптастыруына мүмкіндік беретін сөйлемдердің жалпы нобайы және (фишка) тәсілдері, афазияның басқа түрлерінде дыбыстардың артикуляциясын көрсетерін нобайын (схема) таңдау жолы импрессивтік аграмматизмді жою үшін пайдаланатын жалпы нобайы жатады.

Сөйлеу тілі қызметінің бұзылуын қалпына келтірудің жетілдіру барысы (динамика) зақымданған жерінің орнына және көлеміне, афазияның түріне,қалпына келтірудің бастап оқыту мерзіміне және аурудың преморбидниялық деңгейіне байланысты.

Бас миы қан тамырларының тромбоэмболия тамырларының бітеліп қалуының қанның ұюы болған кездегіге немесе мидың зақымдануына қан құйылу салдарынан пайда болған афазияларда аурудың сөйлеу жақсы қалыптасады.

Мектеп жасындағы балалар мен ересектерге қарағанда 5-6 жастағы балалардың (көп жағдайларда зақымданудан пайда болған) афазиялық бұзылуы тезірек түзеледі.

Педагогикалық түзету жұмысы инсульттік (ми қан айналымының бұзылуынан талма ауруына шалдығуы) немесе зақымданудың бірінші аптасының бірінші күнінен бастап дәрігердің рұқсатымен және оның бақылауымен жүргізіледі.Оқыту жұмысының ерте басталуы патологиялық симптомдардың белгілерін болдырмайды және мақсатқа лайықты жолмен қалыптастыруға бағыттайды.Психикалық қызметінің бұзылуын қалпына келтіруге ұзаққа созылған логопедиялық жұмыстың арқасында жетеді.

Афазияны түзетуде логопедиялық жұмысты жеке баламен де,топ балалармен де жүргізеді.Логопедиялық жұмыстың жеке баламен айналысатын түрі негізгі болып саналады,себебі тек осындай жұмыс қана аурудың сөйлеу тілінің ерекшелігін есепке жиі-жиі алып тұруды және де психотерапевтикалық ықпал жасауға мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. Инсульттан кейінгі алғашқы кезендегі әрбір оқу жұмысының өткізетін уақытының ұзақтығы орта есеппен 10 минуттен 15 минутке деін күніне 2 рет,ал одан кейінгі кезендерде 30 минуттен 40 минутке дейін аптасына кем дегенде 3 рет болады. Сөйлеу тілі бұзылуларының түрлері бір тектес және сөйлеу тілін қалпына келтіру сатысы бірдей болып келген балаларды топтап жүргізетін логопедиялық жұмыстың уақыт үзақтығы 40-50минут болады.Ауруының қиындығына байланысты логопед оның жеке басының ерекшелігін туыстарына айтап түсіндіру міндетті. Өзінің шамасына қарай үйіндегі тірлікке міндетті түрде араласып тұруын нақтылы мысалдарымен түсіндіреді.Сөйлеу тілі қалпына келтіру жұмысы бойынша нұсқаулар беріледі.
Қолданылған әдебиеттер.

1.Афазия и востановительное обуение. изд.Москва «Просвещение» 1988г

2.Основы дефектологии. В.Лапшин. Б.Пузанов

изд.Москва «Просвещение» 1990г.

3.Психология умственно отсталого школьника.

С.Рубинштейн изд.Москва «Просвещение» 1986г.



4.Логопедия Л.Волковой изд.Москва «Просвещение» 1989г.

5.Дефектология №1 2000г,№6 2002г,№3 2004г.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет