Мұрағаттаушы прогрмаммалармен жұмыс жасау



Дата25.01.2022
өлшемі204,19 Kb.
#114131
Байланысты:
Мұрағаттаушы прогрмаммалармен жұмыс жасау
Ұлт-тұлға қалыптастырушы орта , Отбасы және тәрбие , Болашаққа бағдар рухани жаңғыру

Мұрағаттаушы прогрмаммалармен жұмыс жасау
Кей кездері, тұрғылықты дискіде немесе ауыстырылатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір мұрағаттық файлда орналастыру мақсатыменмұрағаттау қолданылады. Мұрағаттаудың қажеттілігі құнды ақпарат пен бағдарламалық жасақтаманы зақымданудан және жойылудан (кездейсоқ не қастықпен, компьютерлік вирустар әсерінен) сақтап қалу мақсатымен ақпаратты дискілер мен дискеттерге сақтық көшірумен де байланысты.

Мұрағат-қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да мәліметтер жиынтығы. Бір мұрағатта (қысылған файлда) бірнеше файл немесе тіпті бірнеше қалта сақтала алады. Бұл дискіде немесе дискетте көбірек ақпаратты орналастыруға мүмкіндік береді.

Мұрағаттаушылар - мұрағаттық файлдармен жұмыс істеуге, яғни мұрағаттық файлдарды бууға және ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар. Мұрағаттаушылар компьютер жадысындағы ақпаратты арнайы математикалық әдістер көмегімен сығуға мүмкіндік береді. Мұндайда файлдың өлшемі кішірек көшірмесі жасалады.

Недәуір кең тараған мұрағаттаушы бағдарламалардың мүмкіндіктері бірдей деуге болады және барлық параметрлері жағынан бір біріне артықтығы жоқ: бір бағдарламалар жылдамырақ жұмыс істесе, екінші біреуінде файлдарды қысу деңгейі жоғарырақ. Тіпті бағдарламаларды тек қысу деңгейі бойынша ғана салыстырсақ та, олардың ішінде нақты көшбасшысы жоқ: түрлі файлдар түрлі бағдарламаларда ерекше атап көрсетуге болады. Мұрағаттаушы бағдарламаға қарай мұрағаттық файлдардың нақты белгіленген түрі. Недәуір жиі кездесетін мұрағаттар типтері zip,rar, arj болады. Олардан басқа, компьютерлерде cab, lzh,tar,gz,uue,bz2,iso және т.б мұрағаттар қолданылады.


WinZIP,WinRAR мұрағаттаушыларымен тәжірибелік жұмыс

WinRAR бағдарламасын іске қосу үшін Бастау-Барлық бағдарламалар-WinRAR әмірлерін қолдануға немесе Жұмыс үстеліндегі бағдарлама белгішесін екі рет шертуге болады. Бағдарлама іске қосылғаннан кейін бірден файлдарды басқару режімі

орнатылады.

Мұрағаттаушы терезесінде амалдық және құралдар үстелдері, сонымен қатар күй жолағы бар. Амалдық мәзірдің негізгі әмірлері құралдар үстеліндегі батырмаларда қайталанады. Терезенің орталығында қандай да бір диск немесе қалтадағы файлдық нысандардың тізімі орналасады. Бұл тізім мұрағатталуы тиіс қалталар мен файлдарды таңдауға арналған. Мұрағат жасау үшін Үстеу батырмасы, мұрағаттан шығару үшін Бөліп алубатырмасы қолданылады. Бұл батырмаларды басқан кезде өзіне сәйкес сұхбат терезелері ашылады.





Мұрағатты әзірлеу

Мұрағаттық файлды бірнеше тәсілмен жасауға болады. Біз сізге ең оңайын көрсетейік: 1.Жетектегішті ашып, мұрағатталуы тиіс файлды табыңыз. 2.Оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірден Мұрағатқа үстеуәмірін таңдаңыз.

3.Мұрағаттаушы бағдарламаның Мұрағаттың аты және параметрлерідеген сұхбат терезесі ашылады,онда Жарайды батырмасын басу керек.

4. Жасалған мұрағаттық файл файлдар тізімінің соңында көрініс табады. Қажет болса,мұрағаттаушы бағдарлама терезесінде мұрағаттық файлдың қысу параметрлерін, атын және орналасатын жерін өзгертуге болады. Мұрағаттау барысы Мұрағат жасау терезесінде көрініп тұрады. Жоғарғы айғақтауыш жолағы кезекті файлды қысу процесін көрсетеді. Одан төменірек процесс басталғаннан бері өткен уақыт және мұрағатты түгел әзірлеуге жұмсалады деп мөлшерленген уақыт көрсетіледі. Төменгі айғақтауыш жолағы мұрағат жасалуы барысын түгел көрсетіп тұрады. Болдырмаубатырмасының көмегімен мұрағат әзірлеу процесін кез келген увқытта тоқтатуға болады. Әрине,бұндай жағдайда мұрағаттың жасалып қойған бөлігі қолдануға жарамай калады да, оны жою керек болады.



Мұрағат жасаудың кеңейтілген мүмкіндіктері

Егер сізге мұрағатты мұрағаттық файл көлемінен аз сыйымдылығы бар ауыстырылатын тасымалдаушыға,мысалы 3,5А дискіні немесе СD дискіге орналастыру қажет болса,мұрағаттық файл немесе қалтаны томдарға бөлуді қолдануға болады. Мұрағаттық файл не қалтаны томдарға бөлу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

1. Мұрағаттағыңыз келетін файлдар бар қалтаны ашыңыз.

2. Өзіңіз таңдаған файлдарды ашыңыз.

3.Файл мәзіріндегі немесе мәтінмәндік мәзірдегі Мұрағатқа үстеу әмірінің көмегімен мұрағаттаушы бағдарлама терезесін ашыңыз. 4.Томдарға бөлу мәзірінің Мұрағаттың аты және параметрлері терезесінде мұрағаттың көлемін( мысалы, CD диск үшін 650m- CD-650 М, дискет үшін 1457664-3,5) көрсетіп, Жарайды батырмасын шертіңіз. Бұл жағдайда CD-дискілерге не дискеттерге көшіруге болатын бірнеше томды бөлінбейтін мұрағат жасалады.

Бұл недәуір қаттырақ қысуға алып келеді, бірақ бөліп алу кезінде томдардың барлығын бірге жинау керек, өйткені мұрағаттың тек бір томын ғана ашу мүмкін емес.


Мұрағаттан бөліп алу

Қысылған файлды жұмыс үшін пайдаланбастан бұрын, оны ашу қажет. Файлдарлы мұрағаттан бөліп алудың ең оңай тәсілі мынау:

1. Жетектегішті ашып,мұрағаттық файлды тауып алыңыз (түрі- zip,rar және т.б.) 2. Файлды тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Ағымдағы қалтағабөліп алу әмірін таңдаңыз.

3. Ағымдағы қалта файлдары тізімнің соңында мұрағаттан бөліп алынған файлдар пайда болады.



Файлдарды мұрағаттан таңдап бөліп алу үшін мұрағаттық файлдың мазмұнын қарап шығу қажет. Бұл үшін мұрағат атауын екі рет шертсеңіз, WinRAR бағдарламасының сұхбат терезесі ашылады. Мұрағаттан бөліп алғыңыз келетін файлдарды бөлектеп,құралдар үстеліндегі Бөлектеп алубатырмасын шерту қажет. Ашылған сұхбат терезесінде файлды орналастыратын орынды көрсетіп, Жарайды батырмасын басу қажет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет