«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет29/76
Дата13.06.2024
өлшемі0,86 Mb.
#203355
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

МАССАЖДЫҢ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕРІ 
 
Нерв жүйесі организм қызметін реттеуде аса маңызды роль атқарады. Ол клетка, ткань, 
мүшелердің және олардың жүйесінің қызметін үлестіріп отырады. Мұнда организм біртұтас қызмет 
атқарады. Организмнің сыртқы ортамен байланысы нерв жүйесі арқылы жүзеге асады. 
Нерв жүйесінің әрекеті психикалық процеске – сезім, оқи білу, еске сақтау, сөйлеу және 
ойлауға негізделген. Адам солардың жәрдемімен тек айналадағы ортаны танып – біліп қана қоймай, 
оны өзгертуге де белсене кіріседі.
Нерв жүйесі нейрондар мен ұсақ серіктес клеткалардан құралған нерв тканінен түзіледі. 
Нейрондар – нерв тканінің негізгі клеткалары: олар нерв жүйесінің қызмет атқаруына мүмкіндік 
береді. Серіктес клеткалар қорек, тірек және қорғаныс қызметін атқара отырып , нейрондарды қоршап 
жатады. Серіктес клеткалар нейрондарға қарағанда 10 еседей көп болады.
Нервтер – сыртқы қабықшамен қапталған нерв клеткалары ұзын өсінділерінің шоғырлары. 
Қимыл нейрондарының аксондарынан (ұзын өсінділері) тұратын нервтерді қимыл нервтері деп 
атайды. Сезгіш нервтер сезгіш нейрондардардың дентриттерінен (қысқа өсінділер) тұрады. Нервтердің 
көпшілігінде екеуі бірдей кездеседі (аксондар мен дентриттер). Оларды аралас нервтер деп атайды. 
Олар арқылы импульстер екі бағытта орталық нерв жүйесіне және ішкі мүшелерге өтеді.
Нерв жүйесі орталық және шеткі бөлме бөлімдерден құралады. Орталық бөлім дәнекер тканнен 
түзілген қабықшамен жұлын және мидан тұрады. Шеткі бөлімге, нервтер және нерв түйіндері жатады.
Қаңқа бұлшық еттерінің қызметін реттейтін нерв жүйесінің бөлігі соматикалық (грекше «сома» 
- дене) жүйе деп аталады. Адам соматикалық нерв жүйесінің көмегімен қимыл әрекетін басқарып 
организмді қимылға немесе тыныштық күйге келтәреді. Нерв жүйесінің ішкі мүшелер (жүрек, қарын, 
без және т.б) қызметін реттейтін бөлігі автономиялы (грекше «автономия» - өзін – өзі билеу ) деп 
аталады. Автономиялы нерв жүйесінің қызметі адамның еркі бойынша жүректі тоқтатуға ас қорыту 
процесін тездетіп, тер шығаруды кідіртуге болмайды.
Автономиялы нерв жүйесінің екі – симпатикалық және парасимпатикалық бөлімі болады. Ішкі 
мүшелердің көпшілігін осы екі бөлімнің нервтері торлап жатады. Әдетте, олар ішкі мүшелерге қарама 
– қарсы әсер етеді. Мысалы, симпатикалық нерв жүйесі жүректің жұмысын күшейтіп, жеделдетсе, 
парасимпатикалық нерв – оны бәсеңдетіп әлсіретеді.
Міне нерв жүйесінің құрылысы мен қызметі қысқаша осылай.
Енді массаж қалай әсерін тигізеді екен. 
Оның нерв жүйесіне тигізер әсері жан – жақты массаж кезінде тері, бұлшық ет, буындардағы 
нерв талшықтары тітіркеніп, пайда болған импульс ми қабығындағы кинетикалық (қозғалыс) 
клеткаларға жетеді. Импульстар қимыл жолы арқылы жұмыс атқаратын мүшеге келеді.
Массаждың бір тәсілі орындалған методикаға байланысты орталық нерв жүйесіне әртүрлі әсер 
етеді. Массаж методикасы оның күшінен, ырғағына қарқынына, ұзақтығына тікелей байланысты. 
Массаждың күші дегеніміз массаж жасаған адамның қолының денеге түсірген қысымы. Ол терең
орташа жіне әлсіз болып 3 –ке бөлінеді. Әлсіз немесе үстіртін массаж орталық нерв жүйесін 
қоздырады, ал терең (күшті массаж) – тежейді. Массаж қарқыны жылдам, орташа , ақырын болады. 
Алғашқы екеуі нерв жүйесін қоздырады, ал кейнгісі тежелуіне әсер етеді. Неғұрлым массаж ұзақ 
болса, соғұрлым тежеу процесстері айқындалып, нейрондардың қозуын шектейді.


Массаждың тәсілдерінің өзі де нерв жүйесіне әсер етеді. Мысалы, сипау, уқалау, ысқылау 
денені аз тітіркендірсе: соғу, сілікілеу- көп тітіркендіріп, нерв жүйесін шыңдайды.
Шеткері нервтерге массаждың әсері көп оның өткізгіштік қасиетін арттырып импульстің 
тезірек жетуіне ықпал жасайды, ауруға шалдыққан нерв клеткаларын қалпына келтіреді. Массаж 
организмнің орталық шеткер нерв жүйесінің жауап реакциясын тудыратын тітіркендіргіш екенін 
айттық. Ал жауап реакциясы организмнің алғашқы жай күйіне тітіркендірудің шамасына байланысты. 
Осы көрсетілген екі шарт бәр – біріне сәйкес келуі керек. Сонда ғана массаж шипалы болады. Адам 
неғұрлым жас болса, соғұрлым сезімтал келеді. Оларға әлсіз жасалған массаждың өзі қатты сезіледі. 
Егде тартқан адамдар массажды мүмкіндігінше қатты, ұзақ болғанын қалайды. Қала тұрғындары оның 
ішінде ой еңбегімен айналысатын адамдар аулыда дене еңбегімен айналысатын адамдар ауылда дене 
еңбегімен айналысып жүрген адамдарға қарағанда массажға өте сезімтал келеді. Сондықтан оларға 
абайлап, жеңіл, әлсіздеу түрін жиі қолданады. Оның бәрі нерв жүйесіне тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет