Тексерген: Байсултанова С. Ч



Дата04.01.2022
өлшемі87,41 Kb.
#109087
Байланысты:
12 жылдық мектеп құрылымы
10 сынып Алюминий сабак жоспары тапсырма, Айша, Айша, Троптың түрлері. Фигураның түрлері, Өтініш, бағалау парағы, 10 апта психология, ҒЗӘ емтихан сұрақтары

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

СӨЖ-2

Тақырыбы:  Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық орта білім беру тұжырымдамасы



Тексерген: Байсултанова С. Ч.

Орындаған: Бекқулиева Б. Р.

Алматы 2021

Жоспары


  1. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшудің қазіргі ерекшеліктері

  2. 12 жылдық мектеп құрылымы

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мəселенің бірі əлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл үлгісі əлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл — соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің əр түрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тəрбиелеу үшін оларға жаңа, мазмұны жоғары деңгейде білім беру қажет.

Ендеше, Қазақстан Республикасы да əлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мəселеден шет қала алмайды. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін əлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылудамыз.

12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тəрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бəсекелік қабілеті мол тұлға тəрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.

12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты — дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

12 жылдық білім беру ерекшелігі — білім беру парадигмасының өзгеруі, яғни білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.

Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық-физиологиялық тұлғалық ерекшеліктеріне сəйкес болуы қажет. ТМД жəне шетел ғалымдарының пікірінше де (физиологтар, психологтар, педагогтар), 12 жылдық білім берудің құрылымы оқыту жəне жас ерекшелігінің дамуына сəйкестігін ескеру қажет деп қолдап отыр.

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады:



  • 1 саты — жалпы бастауыш білім беру ( 1–4-сыныптар — бастауыш мектеп). Оқуды бастау жасы — 6 жас. Оқу мерзімі — 4 жыл.

Негізгі міндеті — баланың жеке басының қарқынды қалыптасуын қамтамасыз етіп, оның өз бетінше білім алуы жəне оларды танымдық есептерді шығаруда пайдалану қабілеттері, коммуникативтік іскерліктері дамытылады, оқуға құштарлық, оқу іскерліктері мен мақамдары қалыптастырылады.

  • 2 саты — негізгі орта білім беру (5–10-сыныптар — негізгі мектеп). Оқу мерзімі — 6 жыл.

Негізгі міндеті — адамдар арасындағы жəне этносаралық қатынастар мəдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, теориялық ойлау тəсілдері мен ғылыми таным əдістерін игеруіне ықпал ететін оқу əрекетін ұйымдастыру. Бейіналды оқыту енгізіледі.

  • 3 саты — жалпы орта білім беру (11–12-сыныптар — жоғарғы мектеп). Оқыту ұзақтығы — 2 жыл. Негізгі міндет — бейінді оқыту

Бейінді оқыту — жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке жəне өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сəйкес əлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау.

Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мəселелерге аса көңіл аударылып отыр:



  1. Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сəйкестігі.

  2. Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын əдіс-тəсілдерінің оқушылармен жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.

  3. Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын əрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу əрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі.

  4. Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау.

  5. Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дəстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі.

  6. Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тəжірибе əдістерін ұтымды жерінде қолдана білу шеберлігі.

  7. Сабақ мерзімінің 30–35 мин аспауы.

  8. Мұғалімнің оқу-əдістемелік кешендерді пайдалану жəне оған талдау жасау шеберлігі.

  9. Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.

Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мəселелерге ерекше көңіл бөледі:

- жаңа білім технологияларының енгізілуі;

- оқытудың дəстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі;

- терең жəне белсенді кəсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы; оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көп мəдениеттілік, денсаулық сақтау жəне экологиялық тəрбие беру рөлінің күшейтілуі;

- өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету жəне жаңадан жасау;

- білім мекемелерінің оқушыны əлеуметтендірудегі рөлінің артуы.




Мақсаты: Оқушылардың қабілетіне, бейіміне, дара ерекшеліктеріне және сұраныстары мен қажеттіліктеріне байланысты толыққанды білім алуына жағдай жасау.




Міндеттері: 12 жылдық білім бер бағдарламасының жеке пәндерін тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету, оқытуды саралау үшін жағдай жасау; бейіндік пен бейіналды оқытудың сабақтастығын, кәсіптік білім алуын қамтамасыз ету.


Қосымша білім бағдарламасымен қамтамасыз ету

Нәтижесі: әлемдік деңгейге көтерілгенге жағдай жасайды, білім мазмұнының тұлғаға бағытталуы; білімді ізгілендіру; әдістамалық құрамның іргелігі қамтамасыз етіледі; оқу жүктемесінің көлемі оңтайландырылады; оқушы алғашқы кәсіптік білімді меңгереді; жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді; оқушылардың денсаулығын сақтаумен нығайту басымдырақтары.

Қолданбалы курстар

Бейіндік оқыту құрылымы

Бейіндік пәндер

Вариативті инвариативті бөлік

Оқу жоспарын құру

Мектептік білім беру стандарттары

Білім мазмұнын іріктеу

12 жылдық мектептегі оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету

Желілік ұйым

Мектепішілік бейіндеу

Бейіндік оқыту құрылымы

Бір бейінді

Көп бейінді

Бір бейінді

Бейіндік оқыту

Бейіналды оқыту

Бастауыш мектеп

Жоғары мектеп

Орта мектеп

12 жылдық мектеп құрылымы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет