«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет49/76
Дата13.06.2024
өлшемі0,86 Mb.
#203355
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Сипаудың қосымша түрі. 
Сипаудың жоғары да айтылған негізгі түрінен басқа қосымша түрі 
де бар. Оны тәжірибе жүзінде жиі қолданады. Олардың арнайы аттары бар. Мәселен: тарақ тектес
тегістеп сипау, тырма тектес, саусақтарды айқастырып сипау, шымши сипау. Осылардың әрқайсысына 
қысқаша тоқталып өтейік.
Тарақ тектес сипау – жартылай жұмылған жұдырықтың сыртымен, яғни саусақтардың бүгілген, 
жеріндегі буындағы сүйектің қырымен сипайды. Екі қолмен бірдей сипағанда бір қолдың бармағын 
алақанмен екінші қол қысып ұстайды және керісінше. Бұл дененің аумақты жерін (арқа, санның сырт 
жағы т.т.) сипағанда қолданылады.


Тарақ тектес сипау бұлшық еттер, шелді қабаттың жетілген жерлерінде және бөксе, табан, 
алақанды сипағанда қолданылады.
Тегістеп мәпелеп сипау – саусақтардың сыртымен тегістеп сипау. Қолдың саусақтары алақанға 
қарай тік бұрышпен иіледі. Көбінде сәбилерге массаж жасағанда осындай нәзік сипауды қолданады. 
Үлкендердің қатты ауырған жеріне массаж жасағанда пайдаланылады.
Тырма сияқты сипау - саусақтарды тарбитып жылжыту арқылы жүзеге асырылады. 
Саусақтардың арасын ашып, дененің массаж жасалатын бөлігіне 40-45 градус бұрыш құрып тірейді. 
Саусақтардың күшін асыру үшін оларды теріе тігінен қойыпта сипалауға болады. Сол сияқты бірінші 
саусақтың үстіне екінші қолдың саусақтарын басып, салмағын, ұшына асырады. Саусақтар мен тұра, 
көлденең, дөңгелек сызықтар жасайды, оны екі қолмен орындауға болады. Тырма сияқты сипау түрін 
бастың терісіне, қабырғалар арасына, іштің етіне массаж жасағанда жиі қолданылады.
Саусақтарды айқастырып сипау. Екі қолдың саусақтарын бір- біріне айқастыра сұғады да, 
алақанмен сипайды. Массаж жасалатын ауру қолын массаж жасаушының иығына қояды немесе столға 
сүйенеді. Сонда бұлшық ет әбден босаңсиды, сол кезде айқастырылған саусақтармен жақсы сипалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет