«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет65/76
Дата13.06.2024
өлшемі0,86 Mb.
#203355
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Санға массаж жасау
. Егер жіліншек екі сүйектен құралса, сан тек бір сүйектен тұрады. 
Жоғарғы жағында ортан жіліктің басы жамбаспен жалғасып жатады. 
Ортан жілікті қаптаған бұлшық еттерді алдыңғы , артқы, ішкі деп үш топқа бөледі. Бұлшық 
еттер жетілген, ең ірі еттер болып саналады.


Сан бұлшық еттеріне массаж жасағанда әрқайсысына жеке жеке әсер етуге болады. Мысалы, 
алдыңғы және іш жағында орналасқан бұлшық еттерді массаждау үшін ауруды шалқасынан жатқызып, 
тақымның астына жұмыр білік қояды. 
Санның алдыңғы жағында орналасқан төрт басты және тігінші бұлшық еттер массаждалады. Он 
аяқты оң қолмен, сол аяқты сол қолмен массаждаған ыңғайлы. 
Санның ішікі жағында орналасқан бұлшық еттерді массаждағанда, бас бармақ тізе, тобығының 
іш жағынан ал басқа саусақтарды жіліншіктің ішкі айдаршығынан басталып жоғары мықын қырына 
дейін сипап өтеді. 
Массаж жасағанда қол бұлшық ет талшықтарының бойымен жүріп отырады. Тек олардың 
тарамысқа ауысқан жеріне баса назар аудару керек. 
2.5. Тақырып: «Спортқа байланысты және спорттық жарақаттарда
және түрлі ауруларда қолданылатын емдік массаж»
Тәжірибе сабағы жоспары: 
1.
Спортшылардағы тірек-қимыл аппараты жарақаттарымен ауруларды ерекшеліктері. 
2.
Бұлшық ет зорығуындағы жедел тендовагиниттерімен (тарамыс қынабының қабынуы) 
3.
Сіңір тартылу, буын шығу жарақаттарындағы массаждың міндеттері. 
4.
Жамбас, омыртқа түтікше сүйектері сынған кездегі массаж жасаудың негізгі әдістері. 
5.
Спортшыларда қан қысымы көтерілгенде жасалатын массаждың әдістері мен міндеттері. 
СӨЖ-тан бақылау жұмысы: 
1.
Тірек-қимыл аппараты жарақаттанғаннан кейінгі машықтанудың бас кезінде және спорттық 
қайта қалпына келтіру кезіндегі массаж.
2.
Асыра машықтануда болатын әлсіреген бұлшық етті ширықтыруға, қайта қалпына келтіруде 
берілетін массаж. 
3.
Споршылардағы сөлі көп немесе сөлі мүлде жоқ гастрит кезінде жасалатын массаж әдісінің 
жүргізілу ерекшеліктері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет