Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Морфологиялық тұлғасы жағынан тиянақты, мағыналық жағынан



Pdf көрінісі
бет365/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Морфологиялық тұлғасы жағынан тиянақты, мағыналық жағынан 
дербес жай сөйлем боларлық дәрежеде айтылған бөлімі б а с ы ң қ ы с 
ө й л е м д еп аталады. 
Мағыналық және тұлғалық жағынан тиянақсыз түрде айтылып, 
басыңқы сөйлемге бағынышты болып, соған тіркесіп айтылғанда ғана 
сөйлемдік дәрежеге енетін бөлімін б а ғ ы н ы ң қ ы с ө й л е м дейді. 
Мысалы:1)Сүгірбай әбден түрткілеп қоймаған соң,Кәрден өз білгенін 
жеткізген болды. ( З. Ш.). 
Бұл құрмалас сөйлемде әрқайсысы белгілі ойды білдіретін екі жай сөйлем 
өзара байланысып, бір күрделі ойды білдіретін құрмалас сөйлем құрап тұр. Ол 
жай сөйлемдер тең дәрежеде байланыспай ,бірі басыңқы болып негізгі ойды 
білдіріп тұрды да,екіншісі бағыныңқы болып басыңқыдағы ойдың мезгілін 
көрсетіп тұр. Басыңқы сөйлем 
Кәрден өз ойын жеткізген болды. 
Өйткені бұл 
жай сөйлем грамматикалық тұлғасы жағынан тиянақты түрде айтылып,
мағынасы жағынан құрмаластағы айтылған негігі ойды білдіріп, жеке 
тұрғанда өз алдына дербес сөйлем боларлық дәрежеде айтылып тұр. 
Бағыныңқы сөйлемі - 
Сүгірбай әбден түрткілеп қоймаған соң...
Бұл сөйлемнің 
баяндауышы,тұлғасы тиянақсыз түрде айтылған,сондықтан сөйлемде 
айтылған ой аяқталмай,мағыналық жағынан өзінен кейін айтылған басыңқы 
сөйлемге бағынышты болып тұр.Басыңқы сөйлемге тіркесіп айтылғанда, 
ұласып айтылған күрделі ойдың мезгілін білдіріп,сөйлемдік дәрежеге енеді 
де,өзінен кейінгі басыңқы сөйлемге тіркесіп айтылмаса ,өз алдына тиянақты 
ойды білдіріп, сөйлем бола алмайды. 
Сөйтіп, 
құрмаласқан жай сөйлемдердің бірі негізгі ойды білдіріп, 
тұлғалық және мағыналық жағынан тиянақты түрде айтылып,
өзгелері тұлғалық жағынан тиянақсыз, мағыналық жағынан
басыңқыдағы ойға бағынышты айтылатын құрмаластың түрін
с а б а қ т а с қ ұ р м а л а с с ө й л е м дейді. 


331 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет