Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет368/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

–ып, -іп, -п
жұрнағы жалғанған көсемшеден болған бірыңғай қимыл-сын пысықтауышты 
жай ( жайылма) сөйлем.

197-жаттығу.
Мына мәтінді оқып шығыңдар да,бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы 
көсемшеден болған сабақтас құрмалас сөйлемдер мен көсемшеден болған бірыңғай мүшелі 
жай сөйлемдерді ажыратыңдар. 
Сонда лейтенант сәл мүдіріп, ақырын ғана өтініш айтқандай боп: 
-
Қалай, шыдайсың ба – деп еді.
Сол бір сәтте лейтенанттың жас баладай момақан боп, тіпті сүйгеніне оғаш 
сыр айтып, ұялыс тапқан жас жігіттей тұрғаны да есіне енді түсті. Иә, ол да 
қазір ұйқы көрмей әр окопты бір тексеріп, тыным таппай, бүкшеңдеп жүгіріп 
жүрген шығар... 
Жау позициясы әлі жым-жырт. Бірақ қазіргі тас қараңғыда да бұл иттердің 
барлық сыры бұған әбден мәлім еді. Олардың алыстығы әрі кеткенде үш жүз 
метр болатын. Ондағы снаряд пен бомба ойған лай сулы апандарда қалай 
болса солай жатқан өліктер де тек күндіз ғана көрінетін. Мүмкін қазір сол 
өліктердің қас, кірпігіне қырау тұрып, жел тербеген қу бұталар жансыз 
денелердің мәңгі ұйқысын күзеткендей пыр-пыр боп ызыңдайтын да шығар. 


333 
Бұдан бейхабар сонау алыс тылдағы әйелдер күйеуін, бөбектер әкесін, ал 
қартайған кемпір болса баласын...әйтеуір небір ылғалды көз мөлдіреп жол 
тосатын да шығар-ау... Бұл жайт жас жауынгер ойына келгенде, оның бар 
денесі аяз қарығандай түршігіп, тұла бой мұздап кетті, селк етіп басын көтеріп 
алды. Бірақ дәл қарсы алдында бірдеңе ақырын ғана сытыр-сытыр ете қалды. 
Оған ілісе қу бұтақтар күрт-күрт сынды, біреу, сірә, барлаушы болуы керек, 
бері қарай еңбектегендей болды (Д.Т.). 
§ 150. Есімше бағыныңқылы сабақтас сөйлем 
 
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы жатыс, шығыс, көмек-тес септік 
жалғаулы немесе шылау сөздері тіркесіп айтылған есімше болып, басыңқы 
сөйлеммен байланысады да басыңқы сөйлемдегі ойдың не мезгілін, не себебін 
немесе бағыныңқыдағы ой мен басыңқыдағы ойдың қарама-қарсы екенін 
керсетіп сабақтас құрмалас сөйлем жасалады. Мысалы: 
1)
Сейілбек өз үсынысын жасап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет