Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз тіркестеріндегі көршілес



Pdf көрінісі
бет40/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз тіркестеріндегі көршілес 
дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ілгерілі-кейінді әсер етіп өзгеруін
ы қ п а л з а ң ы (ассимиляция) дейді. 
Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерінен туындайтын ықпал 
заңы қазақ тілінде үш түрлі болып келеді: 1) ілгерінді ықпал, 2) кейінді ықпал, 
3) тоғыспалы ықпал. 
§ 17. Ілгерінді ықпал 
 


Сөз ішінде, яғни түбір мен қосымшаның жігінде немесе біріккен сөз, қос 
сөз және сөз тіркестерінің аралығында алдыңғы дыбыс соңғы дыбысқа 
ықпалын тигізіп, өзінен соң, жасалуы жағынан өзіне ұқсас дауыссыз 
дыбыстардың келуін талап етеді. Мысалы: 
тас 
деген сөзге көптік жалғаулары
-лар
немесе 
–дар
емес, тек 
-тар 
түрінде ғана жалғана алады. 
Ер 
сөзіне көптік 
жалғау 
-тер, -дер
 
емес, 
-лер
 
түрінде жалғанады. Сол сияқты, 
жол 
сөзіне 
жатыс жалғау қосымшасы 
–та

емес 
-да 
болып жалғанады. 
Түбір сөз бен қосымшаның жігіндегі, сөз аралығындағы алғашқы дау-
ыссыз дыбыстың кейінгі дауыссыз дыбысқа тигізетін әсерін і л г е р і н д і
ы қ п а л дейді. 
Сөздің ішінде (түбір мен қосымшаның жігінде), сөз тіркестерінің 
аралығында және біріккен сөз бен қос сөздердің сыңарларының аралығында 
келетін алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа тигізетін ықпалынан туатын 
дыбыстық өзгерістердің жазуда ескерілетін де, ескерілмейтін де түрлері 
болады. 
1. І л г е р і н д і ы қ п а л д ы ң ж а з у д а (о р ф о г р а ф и я д а) 
е с к е р і л е т і н т ү р і: 
а) сөздің соңғы дыбысы ұяң не үнді дауыссыз дыбыс болса, оған 
жалғанатын қосымшаның басқы дауыссыз дыбысы да не ұяң, не үнді дыбыс 
болады. Мысалы:
ма


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет