Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет48/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар : 
 
1.
 
Үндестік заңы деген не ? 
2.
 
Қазақ тілінде үндестік заңы нешеге бөлінеді ? 
3.
 
Қандай дыбыстардың үндесуі буын үндестігі деп аталады ? 
4.
 
Қазақ тілінде қандай қосымшалар буын үндестігіне бағынбай, сөздерге 
біркелкі жалғанады ? 
5.
 
Қандай дыбыстардың үндесуі дыбыс үндестігі деп аталады ? 
6.
 
Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстары неше түрлі жолмен ықпалдасады ? 
7.
 
Қандай ықпалды ілгерінді ықпал дейді ? 
8.
 
Кейінді ықпал бойынша қандай дыбыстар бір –біріне әсер етіп,адыңғы 
дыбысты өзіне ұқсатады ? 
9.
 
Қандай ықпалды тоғыспалы ықпал дейді ? 
 
 
ІІ м о д у л ь т е с т е р і
 
1.Тіл дыбыстарының бір-бірімен ықпалдасу позицияларын көрсетіңіз: 
а) тек түбір мен қосымшаның аралығында; 
в) тек күрделі сөз сыңырларының аралығында
с) тек біріккен түбірлер аралығында; 
d іргелес тұрған кез келген екі дыбыс
е) түбір мен қосымшаның, біріккен түбірлердің, күрделі сөз
сыңарларының аралығында іргелелес орналасқан дыбыстар; 
2) Қосымшалардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып жалғануы : 
а) буын үндестігі в) дыбыс үндестігі с) ерін үндестігі
d) конвергенция д) аффиксация деп аталады; 
3) Дауысты дыбыстардың өзара үндесуі: 
а) редукция в) сингармонизм с) ассимиляция d) диссимиляция 
е) аккомодация; 


4) Лингвальдық сингормонизм дегеніміз: 
а) дауысты дыбыстардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке
болып үндесуі: 
в) дауысты дыбыстардың ашық, қысаң болып үндесуі; 
с) дауысты дыбыстардың езулік, еріндік болып үндесуі; 
d) дауысты дыбыстардың тіл алды, тіл арты болып үндесуі; 
е) дауысты дыбыстардың ауыз жолды, мұрын жолды болып үйлесуі; 
5) Лабиальдық сингармонизм дегеніміз:
а) дауыстылардың тілдің қатысы арқылы үндесуі; 
в) ерін дауыстылардың өзара үндесуі; 
с) дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң болып үндесуі; 
d) үнді (сонор) дыбыстардың үндесуі; 
е) дауысты дыбыстардан басталатын қосымшалардың үндесуі; 
6) Сингармонизм заңы сақталмайтын түркі тілі: 
а) татар в) қырғыз с) өзбек d) қарақалпақ д) түрік 
7) Ерін үндестігі күшті сақталған түркі тілі: 
а) қазақ б) башқұрт с) азербайжан d) ұйғыр е) түрікпен 
8) Дауыстылардың үндесуі дегенді білдіретін тілдік термин: 
а) ассимиляция в) аккомодация с) сингармонизм d) элизия 
е) редукция
9) Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшалар жазылған қатарды 
көрсетіңіз: 
а) –лар, -шы, -гер в) -мен, -нікі, -хана с) –ды, -рақ, -мын; 
d) –ым, -ім, -м; е) -қыз, -кіз, -т; 
10) Қазақ тілінде ерін үндестігі: 
а) бар в) жоқ с) бар, бірақ әлсіз, жазуда ескерілмейді 
d) тек кірме сөздер ерін үндестігі бойынша айтылып, жазылады; 
е) тек араб, парсы сөздері ерін үндестігі бойынша айтылып, жазылады; 
11) «Студенттер» деген сөзде түбір мен қосымшаның жігіндегі ықпал түрі:
а) ілгерінді ықпал в) кейінді ықпал с) тоғыспалы ықпал
d) протеза е) элизия; 
12) Сөз тіркесінің аралығындағы ілгерінді ықпалды көрсетіңіз: 
а) алып кет в) алып бер с) алып қой d) алып ал е) алып таста 
13) Түбір мен қосымшаның аралығындағы кейінді ықпалды көрсетіңіз:
а) дәптері в) кітабы с) қаламы г) қарындашы е) бояуы 
14) Сөз тіркесінің аралығындағы тоғыспалы ықпалды көрсетіңіз: 
а) жас бала в) жас қыз с) жас жігіт d) жас адам е) жас маман 
15) Ілгерінді ықпалдың әсеріне ұшыраған, бірақ жазуда ол заңдылық
ескерілмейтін сөз тіркесі:
а) күле қарады в) айта салды с) құлап қалды d) біліп алды
е) түсіне алмады
16) Кейінді ықпалдың әсеріне ұшыраған бірақ жазуда ол заңдылық
ескерілмейтін сөз тіркесі:
а) көк аспан в) көк шөп с) көк ту d) көк түрік е) көк бөрі


47 
17) Орфография тұрғысынан қате жазылған күрделі сөз:
а) күні бойы в) күздігүні с) көгөніс d) Қарагөз е) Қарасаз 
18) Түбір мен қосымшаның аралығындағы кейінді ықпалды көрсетіңіз: 
а) тауып в жазып с) оқып г) сұрап е) көріп 
19) Кейінді ықпал бар сөз тіркесін көрсетіңіз: 
а) су ағады в) мұз ериді с) темір балқиды d) шөп сарғаяды
е) мал төлдейді
20) Дыбыстық заңдарға қатысты қолданылатын тілдік терминді көрсетіңіз: 
а) синхрония в) диахрония с) конвергенсия d) этимология
е) агглютинация; 
21) Біркелкі жуан буындардан немесе біркелкі жіңішке буындардан құралған
сөздер көбінесе: 
а) байырғы түбірлік сөздер
в) орфографиялық нормаға еніп, сұрыпталған сөздер 
с кірме сөздер d) көне түркі жазба ескерткіштері тілінің сөздері 
22) Сөздің түбіріне үндестік заңына бағынбай жалғанатын қосымшаны 
көрсетіңіз: 
а) –нама в) –ман с) – нікі d) – ымыз е) – дайын 
24) 
Орын-орны 
сияқты қолданыста түбірдегі дауыстының түсіп қалуы 
қандай құбылысқа жатады: 
а) редукция в) элизия с) эпитеза d) протеза е) диареза 
25) 
Текпі-тепкі
сияқты қолданыста
к-п
дауыссыздарының орын алмасып 
қолданылуы қандай құбылысқа жатады: 
а) редукция в) элизия с) эпитеза d) метотеза е) диареза 
ІІІ м о д у л ь 
ЛЕКСИКОЛОГИЯ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет